Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

МӘСЕЛЕЛЕР ЗАҢ АЯСЫНДА ШЕШІЛЕДІ

20.02.2015
FacebookWhatsappTelegram

«Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалы жанындағы  Жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды.

{jcomments on}Жиын барысында алдымен «Улыбка» тіс емханасы» ЖШС-нің директоры В.Сайдашеваның өтініші қаралды. В.Сайдашеваның айтуынша, 1998 жылы отбасылық тіс емханасын ашып, «Улыбка» тіс емханасы» деп әділет органдарында тіркеуден өткізген. Кейіннен қаламызда тіс емханасының атауына ұқсас «Улыбка 32» және «Улыбка Плюс» ЖШС-тер тіркеліп, қазіргі таңда жұмыстарын жалғастырып жатқан көрінеді.

— Емделушілеріміз өзге емханалармен бізді жиі  шатастырады. Кәсіпкерлік заңнамаға сәйкес, атаулар ұқсас болмауы керек. Сондықтан кейіннен тіркелген ЖШС-тердің атауын өзгерту мәселесін шешіп берсеңіздер,- деп Валия Сайдашева қоғамдық кеңес мүшелеріне өтінішін жеткізді.

 

В.Сайдашеваның айтуынша, бұл мәселе қозғалғалы, бірнеше жыл болған. Ол ең алдымен сотқа арыз     жазып, мәселе арызданушының пайдасына шешіледі. Кейіннен екінші сот ісі жүргізіліп, ШҚО прокуратурасынан «Улыбка» тіс емханасы» мен «Улыбка 32» фирмалық атауларында айырмашылық бар деген жауап беріліп, арыз қанағаттандырылмайтын болып шешілген.

 

Бұл орайда Семей қалалық әділет басқармасының басшысы Бейсембек Әл-Сейіт фирмалық атауларды тіркеу республика бойынша арнайы бағдарламаның көмегімен жүзеге асырылатынын, қандай да бір қателік болса, тіркелім жасалынбайтындығын жеткізді. Ал Семей қалалық прокурорының көмекшісі Марина Сушкова іс прокуратурада қаралып, арызданушыға жауап берілгенінен хабардар етті. Қоғамдық кеңес мүшелері мәселені заң шеңберінде шешу үшін бір ауыздан В.Сайдашеваға сотқа қайта жүгіну керектігін айтып, кеңес берді. «Нұр Отан» партиясы – халықтың күрмеуі күрделі мәселелерін шешіп,      оларға қолдау танытатын партия», — деген қоғамдық кеңестің төрағасы Ғаббас Ибраев істің шешілуі партия назарында болатынын тілге тиек етті.

Күн тәртібінде сонымен қатар жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің қабылдаған шешімінің орындалу барысы талқыланды. Тақырып төңірегінде ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының Семей аймағы бойынша орынбасары Ғалия Жуасбаева баяндама жасады.

— Жемқорлыққа қарсы күрес саясатын жүзеге асыру үшін денсаулық сақтау басқармасында біршама істер атқарылуда. Жыл сайын жемқорлық іс-әрекетті болдырмау, оның алдын алу үшін арнайы бағдарламалар, іс-шаралар жоспары әзірленеді, арнайы комиссиялар құрылады. Сонымен қатар, денсаулық сақтау басқармасында өтініштер мен шағымдарға арналған сенім жәшігі орналастырылған. 2014 жылы жалпы Семей қаласы бойынша басқармаға 301 жазба түрде өтініш, сұраныс, шағым, ал-ғыс түскен. Олардың дені мүмкіндігі шектеулі жандар, тегін дәрі-дәрмекпен қамтылу, сапалы медициналық көмек көрсетуді және шет елде ем алу мүмкіндігін жасауды өтіну сынды, сонымен қатар өзге мәселелерге қатысты,- деген Ғалия Жуасбаева барлық өтініш-арыздар толығымен қаралып, қанағаттандырылғанын айтты. Сондай-ақ сенім телефоны да орнатылғанын жеткізді. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін электронды байқаулар, дәрі-дәрмек пен медициналық құрылғылар сатып алу мемлекеттік заңнамалар аясында жүзеге асырылатындығынан ақпараттандырды.

Одан кейін білім саласындағы жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Өз кезегінде сөз алған білім бөлімі басшысының орынбасары Е.Естаев салада жүргізіліп жатқан жемқорлыққа қарсы күрес әрекеттері жайында баяндады.

— Білім бөлімінің мұрындық болуымен жуырда білім ордаларының директорлары бас қосып, ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мәселесі талқыланды. Арнайы бағдарлама әзірлеп, жемқорлықты тудыратын әрекеттерді талдау, алдын алу шараларын қолға алу көзделді. 2014 жылы білім бөліміне 52 арыз-шағым, өтініш, алғыс түсіп, барлығы қарастырылды,- дей келе, білім білімі салада сыбайлас жемқорлықты болдырмау мәселесін назардан тыс қалдырмайтынын атап өтті.

Қоғамдық тыңдаудың кезекті отырысында мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту, білім ошағына жөндеу жұмыстарын жүргізу сынды өзге де мәселелер қаралатын болады.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

2 часа назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

2 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС