Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА

28.02.2015
FacebookWhatsappTelegram

Мемлекет басшысы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы көз жетпейтін көкжиекте ойлап табылмаған. Бұл – практикалық, прагматикалық идея. Ол маған тіпті етене жақын, өйткені мен, қазақстандықтар жақсы білетіндей, өзімнің кәсіби жолымды «ақ саусақтар» секілді кабинетте де, паркетте де емес, жұмысшы-металлург ретінде бас­тадым»,- деп, Елбасымыз баршамызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырады, бүгінде еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындырады.

{jcomments on}Осыған орай, Көкпекті аудандық мәслихатының  депутаттары Самарқан Жотабаев, Күлпану Қожаева, Елена Сивхарт және мәслихат аппаратының басшысы Нұргүл Фахрутдинова мен бас маман-заңгер Венера Назикеева аудан орталығы Көкпекті ауылындағы  Құмар Раев атындағы  балалар үйінде болып, олардың еңбекке баулу және күнделікті тұрмысқа бейімделуімен танысып қайтты.

Аудандық білім бөлімінің мамандары  мен балалар үйінің тәрбиешілері келушілерге балалар тұрмысы жайлы баяндады. Балалар үйі   басшыларының мәліметіне сүйенсек, ұжым балаларды еңбекке машықтандыруды жүйелі түрде жүргізеді. Олар өз бөлмелерін және аулаларын күтіп, таза ұстайды. Сонымен қатар тәрбиеші Б.Көбелековтің жетекші-лігімен тәрбиеленуші ұлдар бірігіп «Жанашыр» командасын құрып, команда мүшелері осы мекеменің ардагерлері мен жалғызбасты зейнеткерлеріне үй шаруашылығына жәрдемдесуді жолға қойған.

 

Балалар және педагогтармен болған әңгіме барысында депутаттар болашақ ұрпақтың тәрбиесі елдің әрбір өңіріндегі  халық қалаулыларының назарында екенін атап өтті. 80 жылдан астам тарихы бар бұл үйдің айқын мақсаты,   Еңбек Ері, атақты педагог, Балалар үйінің бұрынғы басшысы  Жақия Шайжүнісовтің  кезіндегідей, «Еңбек  басты тәрбиеші» деген ұран.

 

Аудандық маслихат хатшысы Рәмзи Беспаев:

-Бүгінгі мақсат — балалар үйі қабырғасынан шығатын жасөспірімдерді алдағы өмірге да-йындап шығару. Ержеткен ұл ертең үй иесі болып, өз бетімен шаруашылық жүргізе білуі қажет. Бойжеткен қыз үшін үй шаруашылығын игеріп, ине сабақтап, ас пісіре білу — өмір талабы. Сондықтан балалар үйі жеткіншектеріне еңбек тәрбиесі лайықты берілсе, олар тұр- мысқа бейім, өз бетімен тіршілік етуге дайын болса, балалар үйінің басты міндеті орындал-ғаны. Өкінішке орай, көп жағдайда балалар үйі түлектерінің өмірге бейімделе алмай, тағдыр тәлкегіне түскенін көзіміз көріп жүр. Депутаттар мақсаты — осы мәселені түбегейлі қарастырып, оны шешу жолдарын табу,  — дейді.

Мәслихат депутаты Самарқан Жотабаев былтырғы жылы Самар аграрлық колледжінде оқитын Кұмар Раев атындағы балалар үйінің бірнеше түлегіне мамандықтарына сәйкес жұмыс берді. Жатар орындары, тамақтанулары тегін, кестеге сәйкес еңбекақы тағайындалды. Алайда дене еңбегімен шынықпаған жас жігіттер жұмыстан гөрі демалуды таңдап,    жазғы лагерьге кетіп қалыпты. Енді Самарқан Жотабаев балалар үйінің жас жеткіншектерін балауса кезінен баулымақ мақсатта олар үшін қысқамерзімді еңбек лагерьлерін ұйымдастырмақ.

Айта кетерлік жайт — бұл мәселе аудан деңгейінде бірнеше рет көтерілген. Атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық. Солардың бірі атақты омарташы Александр Шаров кейінгі үш-төрт жыл аясында бал арасымен жұмыс істегісі келген балаларды жазғы каникул уақытында демалдырып, омарташы еңбегімен таныстырады. Әріптестерінің атқарып жатқан өнегелі ісін көрген  мәслихат депутаты Асқар Қажығалиев та игі істен тыс қалмай, түйе мен жылқы баққанға бейімі бар балаларды тәрбиелесем бе деген ыңғай білдірді.

Қайрат МӘЛҒАЖДАРОВ,

Көкпекті ауданы.

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

2 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС