Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚОҒАМДЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ КЕШЕН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

28.02.2015
FacebookWhatsappTelegram

Бесқарағай ауданындағы №16 кәсіптік колледжі қарамағында 1983 жылдар шамасында құрылыс жұмыстары басталғанымен, қаражаттың жеткіліксіздігінен аяқсыз қалып, ұзақ жылдар бойы қаңырап бос тұрған қоғамдық-тұрмыстық кешенге 2013-2014 жылдар аралығында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2014 жылдың қазан айында құрылыс жұмыстары аяқталған болатын. Жақында көп жылдардан соң қайта жаңғырған аталмыш қоғамдық-тұрмыстық кешеннің ашылу салтанаты өткізілді.

{jcomments on}Көптен күткен салтанатты шараға аудан әкімі Нұрлан Сыдықов бастаған атқарушы билік өкілдері, Шығыс Қазақстан облысының мамандарды қайта даярлау және техникалық әрі кәсіптік білім беру орталығының директоры А.Нұрсеитова қатысты. Алдымен жиналған жұртшылық кешеннің ашылу салтанатын тамашалады, кәсіптік колледж директоры Қ.Қайырханов мәртебелі меймандарға екі қабатты кешеннің ішін аралата жүріп, ат-қарылған істің нәтижесімен таныстырды.

— Ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 68 млн. 830 мың теңге бөлінген болатын. 50 жатын орны бар жатақханада заманауи үлгідегі асхана, үлкен спорт залы, әртүрлі іс-шаралар өткізуге қолайлы акт залы да қарастырылған. Кешеннің сыртқы құрылыс жұмыстарына 2014 жылы 49 млн. 520 мың теңге бөлініп, сыртқы жаққа  8 шам мен қоршаулар орнатылды. Кешенді іске қосуға облыс және аудан басшыларының тарапынан зор қолдау болғанын айтып өткен жөн болар, — дейді Қ.Қайырханов.

 

Кешеннің шатыры мен электр желілері, ауа баптау жүйесі, жылу және кәріз желісі де жаңартылған. Іші-сырты толықтай жаңа күйге енген қоғамдық-тұрмыстық кешенге 12 адам жұмыс-қа тұрып, шалғай ауылдардан келген оқушылар осы күні алаңсыз оқуға мүмкіндік алғандығы да — қуанарлық жағдай. Тіпті мұнда үлгерімі жақсы студенттерге 13000 теңге мөлшеріндегі шәкіртақы да қарастырылған. Бүгінгі күні аудандағы №16 кәсіптік колледж ұжымында 48 адам жұмыс істеп, 127 студент кәсіптік білім алуда. 9 түрлі мамандыққа баулитын оқу орнында 4 түрлі мамандық бойынша, атап айтқанда тракторшы, ауыл шаруашылығы саласының шебері, аспаз, слесарь мамандары дайындалуда. Өткен жылдарда омарташының бал өндіру ісіне қызығушылық танытқан 25 бала арнайы білім алып, олардың 5-6-ы осы күні өз шаруашылықтарын ашқандығы да сөз арасында айтылды.

 

Кешеннің ашылу салтанатында саналы ғұмырын еңбекке арнаған, 23 жылдан бері басшылық жасап келе жатқан колледж директоры Қ.Қайырханов 60 жылдық тарихы бар оқу орнының тыныс-тіршілігі, жеткен жетістіктері, алға қойған мақсаттары жайында баяндады. Одан кейін  сөз алған мекеменің еңбек ардагерлері В.Островерхов, П.Шапошников өткенге шолу жасап, жастарға бүгінгі қолда барды бағалау қажеттігін айтты. 60 жылдық тарихы бар оқу орнын назарларынан тыс қалдырмай жаңарып, жаңғыруына үлкен қолдау танытып отырған жергілікті билік өкілдеріне ризашылықтарын жеткізді. Өз кезегінде, Шығыс Қазақстан облысының мамандарды қайта даярлау және техникалық әрі кәсіптік білім беру орталығының директоры А.Нұрсеитова көпшілік алдында Қ.Қайырханов бастаған ұжым-ға ізгі тілегін білдіріп, ШҚО білім басқармасының Алғыс хаттарымен кәсіптік колледждің бұрынғы директорлары В.Островерхов пен Х.Мукиновті, Б.Шортанбаевты марапаттады. Сондай-ақ Алғыс хаттар ШҚО әкімінің қоғамдық көмекшісі В.Козинскийге, студенттердің өндірістік іс-тәжірибеден өтулеріне қолдау көрсетіп жүрген  шаруа қожалықтарының басшылары Т.Әділов пен Н.Сапарбековке, кадрларды даярлау және қайта даярлықтан өткізуге мүмкіндік жасайтын Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Бата-ловқа да  табыс етілді.

Аудан әкімі Нұрлан Сыдықов өз сөзінде біршама жылдардан бері құрылыс жұмыстары аяқсыз қалып, бос тұрған нысанды іске қосып, жас жеткіншектердің алаңсыз білім алуларына бар мүмкіндікті жасап отырған колледж директоры Қ.Қайырхановтың еңбегін ерекше атап өтті. Сонымен қатар аудан әкімі кәсіптік колледж ұжымының білікті маман дайындаудағы еңбектеріне жеміс тілеп, осы оқу орнында ұзақ жылдардан бері қызмет атқарып келе жатқан қызметкерлерді Алғыс хаттармен марапаттады. «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Омаров, аудандық мешіттің бас имамы С.Сасеновтер де, өз кезектерінде, сахна төріне көтеріліп, жүректен шыққан ең ізгі тілектерін жеткізді. Салтанатты шара аудандық Мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Әсел ҚАСЫМҒОЖИНА,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

2 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС