Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҒИБРАТТЫ ЖҮЗДЕСУ

28.02.2015
FacebookWhatsappTelegram

Ардақты жандардың бірі, кезінде Қыз Жібек, Баян, Еңлік, Ақтоқты, Майра сынды көптеген кейіпкерлердің рөлін сомдаған Халық әртісі Күләш Сәкиева 95 жаста. Күләш Сырымбетқызы — қос бірдей «Құрмет белгісі» және «Парасат» ордендерінің иегері. Семей және Зайсан қалаларының Құрметті азаматы, театрдың тарланы, сахнаның саңлағы. Өткен бейсенбі күні өнер иесінің мерейтойы киелі қара шаңырақ Семейдің облыстық тарихи—өлкетану музейінде аталып өтілді.

{jcomments on}Қазақстанның халық әртісі Күләш Сәкиева Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында 1920 жылы 15 ақпанда дүниеге келген. Саналы ғұмырын өнерге арнаған Күләш Сырымбетқызы ең алғаш қадам басқан театрдың жас буындарына үлгі-өнегесін көрсетіп келеді. Қарт ананың батасын алып, қаншама қарлығаш та ұядан түлеп ұшты. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын актриса әлі күнге дейін театрдан қол ұшын үзбеген. Күләш Сәкиева 1941 жылы училищені үздік бітірген соң, Жамбыл облыстық музыкалык драма театрына актриса болып орналасады. Талантты жас актриса онда Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббат» пьесасында Луиза бейнесін сомдап, кейінгі өткен жылдар ішінде дарынды, ізденгіш жан үлкен творчестволық табыстарға жетеді.

Күләш апаның сұрапыл соғыс жылдарындағы қажырлы еңбегі лайықты бағаланып, 1945 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталып, 1947 жылы «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі» атағы беріледі. 1952 жылы Семейдің Абай атындағы облыстық музыкалы-драма театрына ауысқан Күләш Сырымбетқызының сол жылдан, шығармашылық ізденісінің шырқау биігі басталады. Ә.Тәжібаевтың «Майра» спектакліндегі Майраның ролін сомдап, қазақ халқының дарынды қызының тамаша образын жасайды. Актрисаның бұл еңбегі де жоғары бағаланып, 1958 жылы оған «Қазақ КСР-інің халық әртісі» деген жоғарғы атақ беріліп және екінші рет «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. К.Сәкиева сахна төріне шыққан күннен бастап жарты ғасырдан астам шығармашылық өмірінде екі жүзге тарта рольдер сомдаған. Ол әр кейіпкерді бейнелеуде әр қырынан көрініп, көрермендердің есінде қалатын жарқын образдар жасай алды. Өнер иесінің Қыз Жібек, Баян, Еңлік, Ақтоқты, Майра, Любовь Яровая, Ана – Жер-ана, Жүзтайлақ сынды және басқа да сомдаған кейіпкерлері қазақ сахна өнерінің төрінен лайықты орын алды.

Қаладағы Өлкетану музейінде өткен «Нұрлы бейне» атты кешке қатысқан театр тарланының әріптестері мен ізбасарлары, замандастары, қаламыздың құрметті азаматтары, жоғары оқу орындарының ұстаздары мен студенттері актрисаның өнер жолындағы тамаша өмір кезеңдері жайлы әңгімеледі. Әншілік пен ақындық, әртістік қасиеттері бойына дарыған кейуананың өлшеусіз еңбегін жаңғыртып, құрмет көрсету арқылы ұрпаққа тағылым-тәрбие беру кештің басты мақсаты болды.

 

Кездесуде алғаш болып сөз алған музей қызметкері Ләззат Әлжанқызы Күләш апаны мерейтойымен құттықтап, деніне саулық тіледі.

 

— Кездесуге өнердегі ізбасарларыңыз келіп отыр. Сіздің талай жылғы сахна шеберлігіне арналған фотосуреттеріңіз, құжаттарыңыз, сіздің сахнада киген киімдеріңіз музей көрмесінде жарқырап тұр. Кезінде М.Әуезов бастаған театр өнері әлі де болса сіздер арқылы жалғасып келе жатыр. Сондықтан сізге алғыс айтамыз, басымызды иеміз, — деген Ләззат Әлжанқызы музей атынан қазақы дәстүр бойынша Күләш апаның иығына шапан жауып, орамал тарту етті.

Осыдан кейін қаланың зиялы қауым өкілдері, өнер иесінің әріптестері мен ізбасарлары құттықтау сөздерін айтып, жылы лебіздерін білдірді. Солардың бірі Қазақстан Республикасының халық әртісі, Күләш Сырымбетқызының әріптесі Бекен Имаханов өнер сахнасындағы өмір жолынан сыр шертті.

— Күлекеңнің сахнада жасаған рөлдері әлі күнге дейін менің көз алдымда. Мысалы, Сәкен Жүнісовтің «Ажар мен Ажал» атты драмасында соқыр кемпірді ойнады. Қойылымның әсерлі болғаны соншалық- Күлекең залда отырғандардың көбінің көзіне жас алдырды. Сонда нағыз шыңына жеткізіп ойнаған осы отырған Күлекең болатын. Содан кейін Р.Ғамзатовтың «Тау қызы» деген спектаклі болды. Енді әлгі соқыр кемпірге қарама-қарсы, өсекші, өтірік айтып, елді бір-бірімен шағыстырып жүретін адамның рөлін сомдады. Қарап отырсаңыз, ана рольге қарама-қарсы кейіпкер. Өнердің кереметін айтыңыз. Сонда Күлекең сол өнерді өзінің биігіне жеткізіп ойнағаны сонша — «Тау қызындағы» рөлі керемет шықты, — деген Бекен Имаханов мерейтой иесіне зор денсаулық тіледі.

Ғасырға жуық саналы ғұмырын өнерімен өткеріп келе жатқан Күләш апа жиналғандарға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

— Өнерді сүйіп, бағалай біліңдер. Адамзат бір-бірімен дос болса, барлығына жетуге болады. Ең бастысы, жүректерің таза, өмірге деген ниеттерің түзу болсын. Біз кедейшілікті көріп өстік. Соғыс кезінде сексеуілді жағып қойып, 25 әнге дейін орындадық, баянда ойнадық. Сол еңбегім бүгінде бағаланып отыр. Халқымыз аман болып, Қазақстанымыз көркейе берсін, — деді сахна саңлағы.

Шара барысында экран арқылы К.Сәкиеваның музей қоры мұрағатынан әр жылдардағы шығармашылық өмірінен сыр шертетін фотосуреттерінің көріністері көрсетілді. Ал арнайы ұйымдастырылған көрмеде өмір жолы мен шығармашылығына арналған фотосуреттері, сахналық киімдері, пайдаланған заттары көпшілік назарына ұсынылды.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

26.05.2026
Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

Глава государства подписал законы о внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан «О государственной службе», а также в ряд...

Читать далее ...

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

25.05.2026
В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

В столице Казахстана начался прием заявок на участие в международном конкурсе Astana AI Film Festival (AAIFF), посвященном фильмам, созданным с...

Читать далее ...

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

25.05.2026
Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

Astana AI Film Festival открыл прием заявок, и теперь любой креатор может загрузить свой фильм на платформу. Вот ссылка https://aaiff.ai/...

Читать далее ...

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

25.05.2026
Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

Подать работу можно на официальном сайте aaiff.ai К участию приглашают креаторов со всего мира – как индивидуальных авторов, так и...

Читать далее ...

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

25.05.2026
В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

Комитет языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан объявил о проведении республиканского конкурса «Мемлекеттік тіл және БАҚ». Цель...

Читать далее ...

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

25.05.2026
Праздник Курбан айт отметят 27 мая

В этом году священный праздник Курбан айт будет отмечаться с 27 по 29 мая. В связи с этим в регионе...

Читать далее ...

Новости

Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

1 день назад

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

2 дня назад

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

2 дня назад

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

2 дня назад

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

2 дня назад

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

2 дня назад

Во время Курбан айта забой скота разрешён только в специально отведённых местах

2 дня назад

При поддержке партии AMANAT в селе Орда открыт амбулаторный пункт

6 дней назад

В области Абай в честь Международного дня музеев прошла акция «Ночь музеев»

6 дней назад

В области Абай откроют новую специальную экономическую зону

6 дней назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС