Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

28.02.2015
FacebookWhatsappTelegram

Семей қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаеваның төрағалық етуімен әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссияның ағымдағы жылғы алғашқы отырысы болып өтті.

{jcomments on}Жиында Қазақстанның «Нұрлы жол» атты Жаңа Экономикалық Саясатын жүзеге асыруда комиссияның рөлі, халық-аралық әйелдер күні мерекесіне дайындық шаралары және 2015 жылы атақарылатын жоспарлы жұмыстары сынды бір-қатар мәселелер қаралды. Әйелдер ісі және отбасы-демо-графиялық саясат жөніндегі қалалық комиссияның отырысына саяси партиялар, азаматтық қоғам институты, қалалық мәслихат депутаттары, кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Семей қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы Елбасының «Нұрлы жол» атты Жаңа Экономикалық Саясатын жүзеге асырудағы рөлін талқылаудан басталды. Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев өз баяндамасында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында қойылған негізгі міндеттерді орындаудың маңыздылығына тоқталып, Жолдаудың экономикалық бағытқа     басымдық бере отырып жасалғандығын еске салды. Бөлім басшысы қалалық әйелдер ісі кеңесі мемлекеттік бағдарламаны дәріптеп қана қоймай, оның жүзеге асуына атсалысуы керек екенін атап өтті.

 

— Семей қаласы экономикасын, негізінен, шағын және орта бизнес құрайды және аталған салада көптеген кәсіпкер әйелдер қауымы жұмыс жасауда. Айта кету керек, бүгінде олар өңір экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді. Нәзік жандылар әлеуметтік салада да жетерлік. Алайда біз шаһарда гендерлік саясатты әлі де болса ойдағыдай жүзеге асырып, ел экономикасының дамуына күш салу үшін бірлесе жұмыс жасауымыз керек, — деді.

 

Бөлім басшысы сондай-ақ  2015 жылы Қазақстанда үлкен шаралардың тізбегі күтіп тұрғанын, сондықтан кеңес мүшелерін Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы     Ассамблеясы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы және Абай Құнанбайұлының 170 жылдығы сынды айтулы шараларға атсалысуға шақырды. Бұл ретте Айдар Садырбаев әйелдер қауымына қаланың қоғамдық өміріне белсенді араласып, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, Қазақстан халықтарының рухани адамгершілік құндылықтарын дамыту бағытында жұмыстарды белсенді жалғастыру керектігін жеткізді.

Жиында Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі кеңес мүшелері көктемнің алғашқы күндерінде аталып өтілетін ең жарқын мерекелердің бірі – 8 наурыз халық-аралық әйелдер күні мерекесіне дайындықты бастау керектігін сөз етті. Көктем мерекесін ерекше атап өтуді талқылаған комиссия мүшелері барлық жоспарларымен бөлісіп, ағымдағы жылы соғыс ардагерлеріне ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

Алқалы жиында аталмыш комиссияның ағымдағы жылы атқаратын жұмыс жоспары да сөз болды. Комиссияның келесі отырысы алдағы тоқсанда өткізілмек. Мамыр айында әйелдер мен шағын отбасы кәсіпкерлігін дамыту мәселесі және балаларды қорғау күніне жоспарлар талқыға салынбақ. Сондай-ақ көпбалалы отбасыларындағы мүмкіндігі шектеулі жандар мен халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мәселесі сөз болмақ. Ал комиссияның соңғы отырысы желтоқсан айына жоспарлануда. Онда әйелдердің құқығын қорғау, отбасындағы әйелдер зорлық-зомбылығының алдын алу мәселелері талқыланбақ.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

2 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС