Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР…

28.02.2015
FacebookWhatsappTelegram

Ақпанның жиырмасы күні Достық үйінде «Семей Водоканал» МКК—нің сумен қамтамасыз ету және су қайтарымы қызметтері тарифінің шектік деңгейін бекіту мәселесін талқылауға арналған қоғамдық тыңдау өтті. Басқосуға Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімов, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Қайрат Оразбаев, қоғамдық кеңес пен ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Жиында «Семей Водоканал» кәсіпорны қызметінің 2015 жылдың бірінші мамырынан 2020 жылдың отызыншы сәуіріне дейінгі көрсететін қызмет түрлеріне бағаны өсіру туралы өтініш жайлы сөз болды.

{jcomments on}Басқосуда «Семей Водоканал» МКК-нің техникалық директоры Николай Лукин кәсіпорынның қаржылық жағдайы, көрсетіліп жатқан қызмет түрлеріне жұмсалатын қаражат көлемі жайлы мәлімет берді. Кейінгі жылдары су құбырларының ұзындығының артуына байланысты оларды күтіп ұстауға қажетті қаражаттың көлемі 31,5 миллион теңгеге көбейген. Кәріз жүйесінің ұзындығы өсіп, сәйкесінше оларды күтіп ұстауға қажетті қаржы көлемі 4,4 миллион теңгеге артқан көрінеді. Кәріз желісі ұзындығының өсуі өз кезегінде қала маңындағы бірқатар елдімекендердің су шығару нысандары мен желілерін кәсіпорын балансына өтуіне байланысты орын алған.

— Жалпы «Семей Водоканал» қызмет көрсететін су құбырларының ұзындығы 455 шақырымды құрайды. Олардың 81 пайызының тозығы жеткен. Кәріз жүйесінің ұзындығы 261 шақырым болса, оның 55 шақырымын, яғни 21,3 пайызын, жөндеуден өткізу қажет,- деді Николай Лукин.

Сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесіндегі құбырлардың тозуына байланысты кейінгі жылдары апаттық жағдайлардың саны артып, өз кезегінде, бұл жағдай судың мөлшерден тыс шығындалуына әкеліп отырған көрінеді. Сондай-ақ Николай Лукин қазіргі тариф бойынша кәсіпорынға түсетін пайдадан жұмсалатын қаржының көлемі көп болып тұрғанын айтты. 2014 жылдың қорытындысы бойынша шығын көлемі 95 миллион 237 мың теңгені құраған. Мұның негізгі себебі – тұтынушылар тарапынан қызмет ақысының төленбеуі. Сондай-ақ «Семей Водоканал» МКК-нің техникалық директоры кәсіпорындағы жұмысшылардың орташа жалақысының өңір бойынша орташа жалақы көлемінен едәуір төмен екенін тілге тиек етті. Салдарынан мамандардың табысы мол басқа жұмыс орындарына ауысу фактілері көбейіп, білікті мамандарды жұмысқа тарту мүмкіндігі болмай тұрған көрінеді. Қалыптасқан жағдайды реттеу және су сапасын зерттеу бойынша қосымша шараларды қолға алу мақсатында «Семей Водоканал» МКК-нің тарапынан жаңа инвестициялық бағдарлама жасалып, өтініш жасалған. Аталмыш құжат бойынша қызмет бағасын өсіру көзделіп отыр. Жалпы көрсеткіш бойынша 2015 жылдың 1 мамыры мен 2020 жылдың 30 сәуірі аралығында сумен қамтамасыз ету қызметінің құны 51 теңгеден 86 теңгеге дейін, яғни 51     пайызға, арттырылмақ. Су қайтару қызметінің орташа бағасы осы бес жыл ішінде 37 теңгеден 80 теңгеге дейін көтерілмек.

 

«Семей Водоканал» кәсіпорнының техникалық директорының мәліметін тыңдағаннан кейін жиын-ға қатысушылар осы мәселеге қатысты сұрақтарын қойып, жауап алып, ұсыныстарын айту мүм-кіндігіне ие болды.

 

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Қайрат Оразбаев та берілген өтініш бойынша өзінің пікірін айтып өтті. Қызмет ақысының өсуі жалақы көлемін арттыруға мүмкіндік беретінін, еңбек-ақының көбеюі мамандарды жұмысқа шақыруға жағдай туғызатынын тілге тиек етті. Осыған орай, «Семей Водоканал» кәсіпорнының өтінішінде көрсетілгендей болмаса да, қызмет құнын өсіру қажеттігі болатынын жеткізді.

Қала әкімі Айбек Кәрімов те басқосу барысында көтерілген мәселеге қатысты өзінің пікірін білдірді.

— Бүгінгі қозғалып отырған сұрақ күрделі. Сумен қамтамасыз ету жарты сағатқа тоқтап қалса, тұрғындардың ыңғайсыздық сезінетіні белгілі. Өңірімздегі 360 мың тұрғынға қызмет көрсететін «Семей Водоканал» кәсіпорнында бар-жоғы 500 маман жұмыс істейді. Олар, ауа райына қарамастан, еңбек етуде. Бұған біз құрметпен қарауымыз керек. Қазіргі таңда құбырларды жөндеу бойынша шаруалар атқарылуда. Оларды жүзеге асыруға да қаражат қажет. Оны өздеріңіз де білесіздер. Сондықтан сіздер қозғалған мәселеге түсіністікпен қарайсыздар деп ойлаймын,- дей келе, қала әкімі Айбек Кәрімов сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйелерін жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру үлкен мәнге ие екендігін және бұл бағыттағы шаруа-лардың орындалуы атқарушы биліктің назарында екенін атап өтті.

Өз кезегінде, жиынға қатысқан ардагерлер ұйымы мен қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан қаламыздағы тұрғын үйлерде суды есептеу құрылғыларын орнатуды жалғастыру керектігін жеткізіп, суды үнемдеу мәселесіне қатысты бірқатар ұсыныстар жасады.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Связанные новости

Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

26.05.2026
Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

Глава государства подписал законы о внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан «О государственной службе», а также в ряд...

Читать далее ...

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

25.05.2026
В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

В столице Казахстана начался прием заявок на участие в международном конкурсе Astana AI Film Festival (AAIFF), посвященном фильмам, созданным с...

Читать далее ...

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

25.05.2026
Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

Astana AI Film Festival открыл прием заявок, и теперь любой креатор может загрузить свой фильм на платформу. Вот ссылка https://aaiff.ai/...

Читать далее ...

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

25.05.2026
Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

Подать работу можно на официальном сайте aaiff.ai К участию приглашают креаторов со всего мира – как индивидуальных авторов, так и...

Читать далее ...

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

25.05.2026
В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

Комитет языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан объявил о проведении республиканского конкурса «Мемлекеттік тіл және БАҚ». Цель...

Читать далее ...

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

25.05.2026
Праздник Курбан айт отметят 27 мая

В этом году священный праздник Курбан айт будет отмечаться с 27 по 29 мая. В связи с этим в регионе...

Читать далее ...

Новости

Принят новый закон, направленный на модернизацию системы государственной службы

1 день назад

В Астане стартовал прием заявок на международный фестиваль AI-фильмов

2 дня назад

Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль

2 дня назад

Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival

2 дня назад

В Казахстане объявлен республиканский конкурс о государственном языке

2 дня назад

Праздник Курбан айт отметят 27 мая

2 дня назад

Во время Курбан айта забой скота разрешён только в специально отведённых местах

2 дня назад

При поддержке партии AMANAT в селе Орда открыт амбулаторный пункт

6 дней назад

В области Абай в честь Международного дня музеев прошла акция «Ночь музеев»

6 дней назад

В области Абай откроют новую специальную экономическую зону

6 дней назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС