Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

КӨРЕРМЕНГЕ ОЙ САЛҒАН ҚОЙЫЛЫМ

28.02.2015
FacebookWhatsappTelegram

Уақыттың ағысы, халықтың жарысы, тағысын тағысы күнделікті күйбеңге кісендеп, руханият дейтін мөлдір әлемге бір сәтке болса да бұрылуға мүмкіндік бермей жататыны жұмбақ емес. Таңның атуы мен күннің батуын аңдыған тірлігімізге қарап қынжылатынымыз да бар кейде. Оның үстіне толассыз тасқынмен келіп жатқан ақпараттар  санамызға сызат салмай тұрмайды. Осындайда әрбір ойлы жан жүрек тыныштығын іздеп, аласұрып жататыны анық. Әркімде болатын жағдай. Ал енді осыдан шығар жол қайсы?!

{jcomments on}Театр бағзыдан адам баласының ішкі айнасының қызметін атқарып келеді. Киімілгіштен басталатын мәдениет ордасы сан алуан тағдырлар тоғысып жататын сахнаға шақырады да тұрады. Ақ пен қара, бақ пен нала алысып жататын қым-қуыт та кіршіксіз әлемге қызыға да, қызғана да қарайсың. Түмен түрлі талқыға түсіп, табанымыз тозғанда, көңіліміз елегізгенде, театр дейтін тамашаны талғажау ететініміз бар.

Үстіміздегі жылдың 21 ақпанында америкалық жазушы Вина Дельмардың «Өкінішті өмір» шығармасын қаламыздың «Дариға-ай» жастар театрының орындауында тамашаладық. Күйіндік…Сүйіндік… Қойылымның басты тақырыбы – бүгінгі таңда келелі мәселе болып тұрған нарыққа байланған халық. Бес баласына сеніп баспанасын кепілге қойып, өтемін жасай алмаған жасамыс ата-ана, ана құрсағына сыйғанмен, ата-анасын үйіне сыйдырмаған имансыз бала, кердең келін, кесір немере, кесапат күйеу… бәрі-бәрі адамдықты аңсатып, қатыгез қоғамды көз алдыңа әкеледі. Ертеде ата-бабамыз «балапан – басына, тұрымтай – тұсына дейтін заман болады» деуші еді, тура соның бейнесін сахнадан көрдік. Егілдік…езілдік… сезіндік… Ойлы қойылымға келген көрермен ішінде көкейіне салмақты ой түймей кеткені жоқ. Бар болса, кемде-кем шығар. Себебі қарттар үйін сағалаған аналарымыз, әр үйді паналаған әкелеріміз жоқ емес қой бүгін… Бұл, біле білсек, трагедия.

 

Меніңше, театр өз мақсатына жетті. Киелі өнер ордасының негізгі көздегені де — адамның рухани моншасына айналу, жүрегін тазарту.

 

Көрермен ретінде «Дариға-ай» жастар театрының қойылымдарын бос жібермеймін. Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кемесі», Рэй Кунидің «№99»,        Ә.Тауасаровтың «Махаббат аралы», қайсысын алсақ та, тәрбиелік мәні мен актерлер шеберлігі астасып жататын жақсы қойылымдар. Театр ұжымының еңбегіне табыс, шығармашылықтарына шарықтау тілеймін!

Тілек ҚҰРМЕТҰЛЫ,

Семей қаласы.

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

2 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

7 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

7 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

7 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС