Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТАЙҚАЗАН – ТАТУЛЫҚ ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ СИМВОЛЫ

28.02.2015
FacebookWhatsappTelegram

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай, «20 ізгі іс» эстафетасының бас белгісі – тайқазан сейсенбі күні Семей қаласына жетті. Татулық символын қарсы алу рәсіміне жергілікті этномәдени бірлестік өкілдері, зиялы қауым, студенттер мен мектеп оқушылары қатысты.

{jcomments on}Түркістан қаласынан шыққан тайқазан бұған дейін Астана қаласы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарын аралып, ізгі іске толып қайтты. Облыс делегациясы  татулық пен бірлік белгісіне баланатын тайқазанды Павлодар облысына арнайы барып алып келген.

Қожа Ахмет Яссауи кесене-сіндегі тайқазанның символикалық үлгісін ортаға алып шығу рәсімі қалалық Достық үйінде өтті. Тайқазан символын қазақтың екі батыры алып жүрді.  Ал ұлттық киімдегі әжелеріміз делегация мен қатысушыларға шашу шашып, орыс ұлтының өкілдері нан-тұзбен қарсы алу рәсімін өткізді. Рәсімдерден кейін тайқазан  символы Достық үйіне енгізіліп, делегаттар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері     жиынға қатысты. Тайқазан символын ортаға алған қатысушылар алдында сөз алған қалалық Достық үйінің директоры А.Тілеубаев жиналғандарды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылымен құттықтады.

— Бұл — еліміздегі үлкен мереке. Бүгін біз «20 ізгі іс» эстафетасын жалғастырамыз. Тайқазан символы Семей қаласына келіп жетті. Республикалық эстафетаның бас символы бол-ған тайқазан үлгісі қасиетті Түркістан қаласынан бастау алып, бас қала Астана арқылы  республикамыздың барлық өңірлерін аралауда, — деп атап өтті.

 

Өз кезегінде сөз алған Шығыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Еркінбек Аязбаев:

 

— Еліміздегі Ассамблея жылында ата-бабамыздан көне жәдігер ретінде мұра болып келе жатқан Тайқазан қоғамның ауызбіршілігін сақтай отырып, тату-тәтті тұрмыс кешудің тамырын тереңдете түссін. Тайқазанның іші игі істерге толы болып, ел игілігіне айналуына тілектеспіз. Шараның негізгі мақсаты игі істер жасау арқылы барша халыққа көмек көрсету болып табылады. Бұл шара Астана қаласында өз мәресіне     жетеді. Оның қорытындысына облыстан арнайы делегат қатысады. Елімізді аралап жүрген асыл қазынамыз — тайқазан достыққа, бірлікке шақырады. Бұл жақсы үрдіс қалыптастырады деген ойдамыз, — деді өз сөзінде.

Эстафета аясында көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіліп, қайырымды істер атқарылып, ұлттың бірлігі ұлықталады. Тайқазан Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясындағы республикалық эстафетаның бас белгісі ретінде жайдан-жай таңдалып алынбаған. Ол ежелден халықты тоқшылық, қайырымдылық және татулыққа бастаған. Енді, міне, еліміздегі бірлік пен мейірімді істің шарапатына да қызмет етпекші.

— Бүгін баршамыз үлкен бір жақсы істің куәсі болып отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, Елбасының Жарлығымен биылғы жыл «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы» деп белгіленген болатын. Бүгін Ассамблеяның бастамасымен басталған «20 ізгі іс» акциясының қатысушысы болып отырмыз. Шара барысында қаламыздың әрбір тұрғыны бір жақсы іс жасайтын болса, бұл біздің қосқан үлесіміз болып табылар еді. Акцияны ұйымдастырып отырған Достық үйі мен оның басшысына және әрбір ұлттық мәдени орталықтарға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Семей қаласы да аталмыш акцияға өз үлесін қосатын болады, — деген қала әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаева мерейлі міндетті жүзеге асыруға семейліктердің атсалысатынын жеткізді.

Шара соңында «Қазақстан  халқы Ассамблеясына 20 жыл — 20 ізгі іс» акциясы аясында қалалық этномәдени бірлестіктердің мүшелері «20 ізгі істі» тайқазанға салу рәсімін жүргізді. Сондай-ақ татулық символын облыс орталығы Өскемен қаласына тапсырды.

Ізгі істерге толы шара елордада қорытындыланады. Халықты бірлікке шақырған тайқазан    сәуірде өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында Елбасына тапсырылмақ.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

2 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

7 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

7 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

7 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС