Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӨМІРІН АДАЛ ЕҢБЕГІМЕН ӨРНЕКТЕГЕН…

03.03.2015
FacebookWhatsappTelegram

Биыл сексен бесінші көктемін қарсы ал-ған Зейнекүл әжейдің ұлағатты өмірінің әр баспалдағы адал еңбегімен өрнектелген. Тарих парағында қатталған колхоздастыру кезеңі басталған 1930 жылы шырайлы Шығыстың оңтүстігіндегі Зайсан ауданының Қуаныш ауылында жылқышы отбасында дүниеге келген нәресте сәби шағында елді қынадай қырған ашаршылықтың, оңы мен солын енді тани бастаған жеті жасында 1937 жылғы қуғын-cүргіннің, он бір жасында сұрапыл соғыстың ауыртпалығын көрген.

{jcomments on}- Әлі есімде, біздің заманның балаларының өмірінде бал дәурен балалық шақтың өзіне тән қызығын сезіну бол-ған жоқ. Көзімізді ашқан сәттен бастап тағдырдың талай ауыртпалығын көтердік, бірақ қайыспадық. Олай дейтінім, бала болып асыр салып ойнамадық, шаттанып күлмедік, тойынып тамақ ішпедік. Ашқұрсақ жүрсек те, мейірім мен қайырымдылықты жанымызға серік еттік. Анамыз масақ теріп, бір уыс     бидайды уысымызға толтырып берсе, соны қасымыздағы көршінің баласымен бөлісіп жедік.Сол тіршіліктен жұпыны ауылдың берекесі мен бірлігінің қаймағына қылау түспеді. Ашаршылық пен жоқшылықтың ащы дәмін молынан татып жүріп есейдік. Мен он бір жасқа толғанда, соғыс басталды. Сол жылдардағы ауылдағы көріністер жадымда мәңгілікке жатталып қалды. Күн сайын ер азаматтарды әскерге шығарып салу, таңмен таласа басталатын колхоздың тіршілігі, ол кез еске түскенде, бәрі-бәрі көз алдымда тізбектеледі,- дейді өткен өмірінен сыр шерткен ақ жаулықты әжей.

 

Кешкі мектептен оқып сауатын ашқан он екі жастағы ойын баласы, 1942 жылы әкесі еңбек армиясына кеткенде, ауылдағы бас көтерер жұртшылықтың қатарына қосылып, колхоздың тіршілігіне араласқан. Егін суарып, масақ теріп, кешкілік май шамның түбінде отырып, ызғар шашқан суық үйде жүн түтіп, жіп иіріп, «Бәрі майдан үшін!» деген ұранмен жоқтан бар жасап, жиған-тергенін майдандағы азаматтарға жіберетін анасының қолғанаты   болып, ортақ іске өз үлесін қосқан. Он төрт жасынан бастап сол кездегі Рожков деп аталатын ауылда колхоздың биесін сауып,     сауыншылық кәсіптің жауапкершілігін арқалаған. 1947 жылы он жеті жасқа толғаннан кейін тұрмысқа шығып, қосағымен бірге «Қарой» егіс бригадасында егіншілік саласында еңбек жолын жалғастырған.

 

– Тұрмыс құрғаннан кейін 1958 жылы дүние-ге келген тұңғыш ұлым кішкене кезінде шетінеп кетті. Содан кейін белімді бекем буып, қайтадан егін суаруға жұмысқа шықтым. Ол кездегі жағдайды  қазіргімен салыстыруға келмейді. Бірақ соғыстан кейін елдің жағдайы біртіндеп жақсара бастаған кез. Қолдары бөлкелеген нанға тиіп, шаруашылықтар қалпына келтірілген уақыт. Етектен тартып тұрған балам болмаған соң, жолдасымның бір жағына шығысып, жұмыстан қол үзген жоқпын. 1965 жылы қызым дүниеге келгеннен кейін, баланың күтімімен үйде отырдым. Қаройда 1972 жылға дейін тұрып, сол жылы Дайыр ауылына көшіп келдік. 1983 жылы егіске жұмысқа кетіп бара жатқанда жолдасым жол апатынан қайтыс болды. 2003 жылы Зайсан қаласына көшіп келдік, — дейді өмір жолының деректерінен хабардар еткен тыл ардагері Зейнекүл Қайсанова.

Ол қазір жасынан көрген бейнетінің зейнетін көріп, ұрпақтарының ортасында бақытты ғұмыр кешуде. Талай жыл сарғайып күткен қызы Бақытгүлінің аялы алақанының жылуын молынан сезініп, ұрпағының ортасында бақыт пен қуанышқа кенелуде. Теледидардан әр жаңалықты қалт жібермей тыңдайтын ақ жаулықты анаға өміріңіз ұзақ, көрер қызығыңыз көп болсын демекпіз.

Ардақты БӨЛДЕКБАЕВА,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

2 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

7 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

7 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

7 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС