Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«ӘДЕМІ БОЛУ – ӨЗ ЕРКІҢ, АҚЫЛДЫ БОЛУ – МІНДЕТІҢ»

03.03.2015
FacebookWhatsappTelegram

Әйел – ана, әйел – жар, әйел — басшы… Жұдырықтай жүрегіне жылылық пен ұлылықты ұялата біліп, өмірдің мәні, тіршіліктің сәні болып отырған әйел—аналар қоғамымызда баршылық. Солардың бірі және бірегейі — Үржар аудандық Әділет басқармасының бас маманы Селиханова Салтанат Қаймолдақызы.

{jcomments on}Әр адам өмірде жар мен мамандық таңдаудан қателеспегені абзал деген сөз бар. «Алдымда — толған мақсат, толған таңдау» деген толқымалы шақта Салтанат Қаймолдақызы «мамандық» атты ал-ғашқы таңдауын жасағанда сот саласын жанына серік еткен. Асқақ армандары алға жетелеп, бойына жоғары білім жиған соң 1985 жылы 1 тамызда алғашқы жұмыс күнін сот орындаушысы болып бастаған.

— Алғашқы жұмыс күнім әлі есімде,- деген кейіпкеріміз өткен күннің естеліктерімен бөлісті. — Осыдан 30 жыл бұрын жас маман ретінде қызмет бастаған сәтте сол кездегі соттың төрағасы Искаков Елдос Садықұлы мені көріп: «Сен әлі жассың, жұмыс ауыр»,- деп, сенімсіздік танытқан балатын. Мен бір ай уақыт сұрап, толықтай сенімдерін ақтауға тырыстым,- дейді. Мамандығына деген сүйіспеншілік пен жастық жалын, жауапкершілігі мен табандылығы сот төрағасының сенімінен шығуға жол ашқан. Осылайша алғашқы күннен бастап салада еңбек етуге лайықты екендігін басшылықтың ғана емес, халықтың алдында дәлелдеп, мүмкіндіктерін паш еткен Салтанат Қаймолдақызы 1996 жылға дейін сот орындаушысы, содан 2005 жылға дейін АХАЖ бөлімінде қызмет істеді.

Кейіпкеріміздің әділет органында жұмыс жасағанына табаны күректей отыз жыл болған. Ол бүгінгі таңда Әділет басқармасында үш бағытта, яғни құқықтық түсіндіру жұмыстары, зияткерлік меншік құқығын қорғау, заңды тұлғаларды тіркеу жөнінде жұмыс жасауда. Жыл өткен сайын, сала дамып, халыққа электронды нұсқада қызмет көрсету үрдісі қалыптасып келе жатыр.

 

— Бұрын заңды тұлғалар құжаттарын рәсімдеу үшін облыс орталығына баратын. Ал қазір әрбір ауданда электронды нұсқада Әділет басқармасы жұмыс жасауда. Мысалы, қазір шағын бизнес ашу үшін құжаттарды үйде ғаламтор арқылы да рәсімдеуге болады. Құжаттар тізімі анағұрлым азайды, бір күн ішінде тіркеліп, қолға анықтама алуға мүмкіндік туып отыр,- дейді С.Селиханова.

 

Сонымен қатар кейіпкеріміз қызмет ететін бөлім түсіндіру жұмысымен айналысады. Әкімшіліктердің ұйымдастыруымен еркін түрде 27 ауылдық округпен, әртүрлі мекемелерді аралап дәрістер оқуды, семинар сабақтар өткізіп, тегін кеңестер беруді дәстүрге айналдырған. Отбасы құзыретін көрсету үшін түрлі іс-шаралар өткізеді.

2007 жылдан бері зияткерлік меншік құқығын қорғау ісімен түбегейлі айналысып келе жатқан маман жұмыс көрсеткішінің қорытындысы бойынша облыста бірінші орында келеді. Адал еңбегі мен тындырымды істері, же-тістіктері үшін С.Селиханова 2008 жылы Әділет министрлігінің мақтау қағазымен, 2013 жылы «Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері» медалімен марапатталды. Басқарма басшысы Табанов Ғалым Ардақұлы да білікті маманның қызметін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Салтанат Селиханова —  білікті маман атанып, басшылықтың да, халықтың да алғысын алуымен қатар, асыл жар, ардақты ана, ибалы келін. Текті әулетке келін болып түсіп, жары марқұм Бейсенғазы Селихановпен 3 қыз баланы дүниеге әкелген. Балаларының барлығы жоғары білім алған, бүгінде қызметте. Кейіпкеріміз қиясына қонған қызынан Алдияр, Мадияр атты екі жиен немере сүйіп отырған жайы бар.

Қоғамдағы әйел затының рөлі ерекше деп білетін Салтанат Қаймолдақызы нәзік жандылар жүрген жерде мейірім мен шапағаттың нұры есіп тұратындығын айтады. Сонымен бірге тіршіліктің қайнар көзі – ана әрдайым ақылына жүгінгенде бақытқа кенелетіндігін үнемі өзгелермен бөлісуде.

— Әйел адам қуанса да, қиналса да, ашуланса да, ақылға жеңдіруі керек. Өз басым елге сыйлы, халыққа үлгі боларлықтай жанұяға келін болып түстім. Ата-енемнің алдын еш уақытта көлденең кеспей, сыйлау, құрмет көрсетуді парызым деп білетінмін. Сол себепті осыдан 30 жыл бұрын келін Салтанат болсақ, қазір ата-енеме деген зор құрметімнің арқасында «Сәке» атанып отырмын. Мен қыздарыма да: «Әйел адам бақытты болу үшін барған жерінің заңына, дәстүріне, тәрбиесіне бағынуы керек екенін, бақыт деген ананың табанының астында екенін ұдайы ескертіп отырамын,- дейді отбасының ұйытқысы.

Бұл жанұя үшін 8 Наурыз – ерекше мейрам. Олай дейтініміз, төрт қызына отағасы үнемі сый жасап, таң сәріде оянып, мерекелік дастархан әзірлеп, қуантуды ұнататын еді. Ибалы келін, аяулы жар атанған кейіпкеріміздің 8 Наурызда есінде қалған ерекше сыйын да отағасы бірер жыл бұрын сыйлаған екен…

Сұхбат соңында кейіпкерімізге бақыт тілей отырып, бала-шағасының қызық-қуанышына кенеліп, халықтың алғысына бөлене берсін деген ниетімізді білдіреміз.

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

21 час назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС