Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АҚ ЖАУЛЫҚТЫ ӘЖЕЛЕР АРДАҚТАЛДЫ

06.03.2015
FacebookWhatsappTelegram

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, яғни сәрсенбі күні, Семей қалалық орталық кітапханасында «Жанұя орталығы» қоғамдық қоры мен мәдениет және демалыс саябағы ұжымының ұйымдастыруымен тыл ардагерлерін, ақ жаулықты әжелерді салтанатты түрде құттықтау рәсімі өтті. Шараға ардагерлермен бірге, студент жастар да қатысты.

{jcomments on}- Шараның мақсаты — тылда тер төккен еңбек адамдарының патриоттық ерліктерін насихаттау, үлгі-өнегесі мен тәлім-тағылымын студент жастардың бойына сіңіру, аналар мен аруларды мерекелерімен құттықтап, ана еңбегін қа-дірлей білуге жас ұрпақты тәрбиелеу,- дейді «Жанұя орталығы» қоғамдық қорының психологы Н.Қуандықова.

Ардагерлер мен студенттердің кездесуінде ерлік, елдік ісі сөз болды. Тылда еңбек еткен аналар өткен өмір белестері жайлы естеліктерімен бөлісті. Сарбаздарға арналған өлең  шумақтарымен сөзін бастаған тыл ардагері Нина Владимировна:

— Бейбіт өмір ұрпақтары соғыс жайлы ойлағанымен, сол кездегі қиыншылықты сезіне алмасы анық. Соғыс ардагерлерімен тыл еңбеккерлерін салыстырып, «соғыс ардагерлері майданда ерлік көрсетті, тылдағылар не істепті?» деген сауал да жас ұрпақтың санасына оралуы мүмкін. Бірақ біз де соғыстың лебін сездік. Балалық шағымыз балдай тәтті бақытқа толы болды деп айта алмаймын,- дей келе, мектепте оқып жүрген кездерінде, сабақтан соң емханаларда әр оқушы майданнан жаралы оралған үш жауынгерге күтім жасағанын, қан мен оқты көріп, жүрек жарасымен бетпе-бет келгендіктерін айтты. Тылда майдан даласына азық пен киім-кешек жөнелтуге атсалысқандықтарын сөз етті. Сұрапыл жылдары қаламызда фабрика, зауыттар көптеп ашылып, ер- азаматтардың ел қорғауға аттануына байланысты ауыртпашылық аналар мен жеткіншектерге түскенін, тағдыр ешкімді де еркелетіп, маңдайынан сипамағанын жеткізді.

 

Қай заманда да еңбек жетістікке жетелейтінін айтқан ардагерлер жастарды еңбекті сүюге, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуге шақырды. «Біздің балалық пен бойжеткен шағымыздағы қиыншылықтарды ұрпақтарымыз сезген жоқ, ондайды көрмесе де екен дейміз. Кейінгі жастар тек бақытты аспан астында баянды ғұмыр кешсін» деген тілектерін білдіріп, өздеріне құрмет көрсетіліп отырғаны үшін, шараны ұйымдастырушыларға аналық алғыстарын айтты.

 

Шара барысында «Жанұя орталығы» қоғамдық қорының директоры міндетін атқарушы  Людмила Асташкина:

— Бақытты ғұмыр кешуімізге сіздердің сол кездегі еңбектеріңіз мол септігін тигізді. Жеңісті жақындатуға қосқан үлестеріңіз ұшан-теңіз. Біздің жүрегіміздегі сіздерге деген құрмет те өлшеусіз. Ауырмаңыздар, сыр-қамаңыздар. Үнемі ерлік пен елдіктің, адал еңбектің ерен үлгісін насихаттап, ортамызда жүре беріңіздер,- деп, жылы лебізін білдірді.

Семей қалалық мәдениет және демалыс саябағының ұжымы әннен шашу шашып, кездесу көрігін қыздырды. «Анашым» әнін барлық тыл ардагерлері қосыла шырқап, жиналған қауымды тебіреніске бөледі. Өз кезектерінде студенттер де жүректерінен шыққан өлең жолдарын жолдап, ардагер әжелеріне ыстық ықыластарын білдірді. Жастар үшін шараның берері мол екендігін тілге тиек етті. Кездесу соңында ұйымдастырушылар құрметті жандарға ескерткіш сыйлықтар мен гүл шоқтарын арнап, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

2 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

7 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

7 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

7 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС