Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БАҚЫТ ҚҰШАҒЫНДАҒЫ ЖАНДАР

06.03.2015
FacebookWhatsappTelegram

Биылғы қой жылы айтулы мерейтойлы мезеттерге толы, берекелі жыл болғалы тұр. Соның бірі Қазақстан Республикасының Конституция-сына  және Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жылдығы. Елімізде сан ұлт өкілдері бір тудың астында, байтақ жерде, бейбіт күннің қызығын көріп, тату-тәтті, шынайы келісіммен өмір сүріп жатыр. Қайнар ауылында да бүгінде тамыры тереңге кеткен, жемісі мол мәуелі ағаш секілді ұлды ұяға, қызды қияға қондырған бақыт құшағындағы ұлт өкілдері бар. Солардың бірі – Маметовтер отбасы.

{jcomments on}Ясын Маметов ағаның ұлты  ұйғыр болса, ал зайыбы Бухан Лейдейшанова дүнген ұлтынан. Олар Шәуешек қаласында дүниеге келген. Сол жақта өсіп, оқып, кәмелеттік аттестат алады.

Өзге деп  өзегінен теппей, өзінің бауырына тартқан елімізге жетпістің сеңгірінен асқан Ясын мен  Буханның айтар ризашылығы шексіз.

-Қайнардай қасиетті жердің топырағын басамыз деп кім ойлаған? Анам Мүкәрама Зайсан жерінен Аласапыран шақта 1913 жылы отбасыларымен Қытай еліне асқан екен. Ол үнемі ата жұрты Қазақстанға қайтуды армандап, бала-шағасына,   туыстарына айтып отыратын еді. Сәті келіп, 1962 жылы ел-жұрт деп соққан жүректерін қолына ұстап, ата-анамыз көштің басын Қазақстанға бұрды. Отбасымызбен осында келдік. Ауыл басшылары, тұрғындар киіз үй тігіп, шашу шашып, ақ дастарханын жайып, құшақ жая қарсы алғанын қалай ұмытайық! «Көкшетау» фермасына жұмысқа орналастық. Көшіп келгендердің бәріне қамқорлық жасап, бір бас сиыр, отбасындағы әр адамға ақшадай көмек берді. Мұнда біз халықтың ыстық пейілін көріп қуандық. Қазақы салт-дәстүрге сай, әр үй, көрші-қолаң ерулікке шақырды. Танысып, білісіп, туыстай араласып кеттік. Ата-анамыз малшының құтты таяғын ұстады, сый-құрметке бөленді, шаруашылық экономикасының дамуына үлес қосуға біз де аянып қалмадық. Осы жерде Ясынмен шаңырақ көтердім,- деп сол күндерден жымия отырып әңгіме өрбітті ашық жарқын мінезді Бухан апай.

 

Ясын аға темір тұлпар тізгіндеп, дархан дала төсінде науқандық жұмыстарды атқаруға, малға қажетті жемшөп дайындауға қатысып, тынымсыз еңбек етті. Қашан да өзіне тапсырылған шаруаны           жауапкершілікпен атқарып, тиянақтылық көрсете білді. Шаруашылық басшылары адал еңбегін әділ бағалап, талай рет медаль, мақтау қағаздары, дипломдармен марапаттаған еді.

 

Бухан тәте де өзінің еңбекқорлығымен танылды. Фермада сауыншы болып жұмыс істеді. Олар кейіннен Қайнарға көшіп келеді.  Өздерінің қарапайымдылықтарымен салмақты да сабырлы мінездерімен, үлгілі еңбектерімен көпшілік арасында сыйлы болды. Олар бақыттарын еңбектен де тапты десек, артық емес. «Еңбек түбі — зейнет» дегендей, Бухан «Еңбек ардагері» атағын иеленіп, зейнеткерлікке шықты. Бүгінде бақыт құшағындағы жандар бейнетті күндердің зейнетін көріп, ұрпақтарының қызық-қуаныштарына ортақтасып ғұмыр кешуде.

-Уақыт қандай жүйрік десеңші, осынау елге келгенімізге де жарты ғасырдан асып барады. Тағдырдың сыйы болар, ауылдастармен тонның ішкі бауындай араласып, сыйластығымыз үзілген емес. Тәубе, өсіп-өндік. 8 бала тәрбиелеп жеткіздік. Қазақпен құда-жекжат болып, қыз ұзатып, қыз алмасып, өрісіміз кеңге жайылып, немере-шөберелердің бал күлкісімен шаттыққа  кенелудеміз. Қазақстанның көпұлттылығы, ұлтаралық татулық, бірлікті мемлекетіміздің басты артықшылығы деп білеміз.  — Ұлт пен ұлысты ұйыстырған Қазақстанымыздың еңсесі биік, болашағы баянды, аспаны әрқашан ашық болсын дейміз,- дейді қос қария.

Қазима ҚАЖЫБЕКОВА,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

2 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

7 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

7 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

7 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС