Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

Д.АХМЕТОВ: СЕМЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЛАСТЕР ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛУЫ ТИІС

06.03.2015
FacebookWhatsappTelegram

Кеше ШҚО әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Семейге келіп, шаһардағы бірқатар нысандарды аралады. Онкологиялық диспансердің радиологиялық орталығының құрылыс жұмысына арналған жиын өткізген өңір басшысы денешынықтыру-сауықтыру кешенінің, Ертіс өзенінің оң жағалауын абаттандыру жұмыстарының жоспарымен де танысты.

{jcomments on}Жұмыс сапарын өңір басшысы Семей қаласындағы аймақтық онкологиялық диспансердің радиологиялық орталығының құрылыс жұмыстарына қатысты жиын өткізуден бастады. Айта кету керек, орталықтың құрылысы мерзімінен кешеуілдеп жатқанына біршама уақыт болған.

Жиында Даниал Ахметов аталмыш нысанда екі мәрте болғанын, өкінішке орай, осы уақытқа дейін бас мердігер «ИртышГэсСтрой» ЖШС-нің бас директоры А.Изотовтың тарапынан жұмысты аяқтау үшін тиісті шаралардың атқарылмағанын атап өтті. Бұған қоса өңір басшысы мұның абырой әкелмейтінін айтып, осы уақытқа дейін нақты кемшіліктер бойынша атқарылған жұмыстарды баяндауды сұрады.

Мердігер компания «ИртышГэсСтрой» ЖШС-нің бас директоры А.Изотов облыс әкімі Даниал Ахметовке ағымдағы жылдың сәуір айында нысанды тапсыратынын айтып ақталғанымен, мұнда атқарылуға тиісті шаруа әлі де шаш етектен көрінеді.

— Сіздің тапсырмаңызбен тәуелсіз сараптама тобы жұмыстар жүргізіп, бірқатар ескертпелер анықталған болатын. Негізгі кемшіліктер құрылыс жұмыстары мен қондырғыларда болып отыр. Оларды қалпына келтіру мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылды. Ол топтың ұсынысымен аталған нысандағы жұмыстарды аяқтау үшін қызмет көрсететін ұйыммен келісімге келдік. Бүгінгі күні желдеткішті тексеру жұмыстарын аяқтады. Бір-екі күнде ұсыныстарын айтады, сол бойынша жұмыс жасайтын боламыз. Аталған жұмыстар сәуір айының 20-на дейін аяқталуы тиіс. Бір ай көлемінде желдеткіш бойынша орын алған кемшілік қалпына келтірілетін болады, — деген Александр Изотов нысанға қатысты басқа да кемшіліктерді жою мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

 

Даниал Кенжетайұлы құрылысы жүріп жатқан радиологиялық орталықтың радионуклидті диагностика және терапия бөлімшелерін медициналық техникамен қамтамасыз етуші жауапты мердігерді де сынға алды. Қазіргі уақытта нысан бойынша құжаттамалар пакеті әзірленбей, спецификациясының тек 30 %-ы даярланған. Орталықтың жұмысымен танысқан Д.Ахметов тапсырыс беруші ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына, қосалқы мердігер «Медтехника» АҚ міндетін орындамағаны үшін, сотқа беруді тапсырды.

 

— Сіздерге міндет жүктелді. Демек, жұмысқа жауапкершілікпен қарауларыңыз керек. Мекеме қажетті бірегей медициналық техникалармен қамтылмаған. Осы орталықтан үмітті қаншама адамға атүсті қарауға болмайды, — деді               Д. Ахметов.

Естеріңізге сала кетсек, 2012 жылы құрылысы басталған нысанды өткен жылы пайдалануға беру жоспарланған болатын. Бүгінгі күні нысанның құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Мекеме қажетті медтехникалармен қамтылғаннан кейін, пайдалануға беру жоспарлануда.

Облыс әкімі бұдан кейін Семей қаласындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінде болып, ондағы Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар мен жасөс-пірімдер спорт мектебінің жұмысымен танысты. Спорт кешенінде күрес түрлері, волейбол, бассейн, тоғызқұмалақ, жаттығу залдары жұмыс жасайды. Аталмыш спорт мектебінің директоры Мерейғалы Көшкінов аймақ басшысын нысанның жұмысымен таныстырып, үздік спортшылармен жүздестірді. Спорт мектебінің жұмысына оң бағасын берген аймақ басшысы кешенде қосымша жүзу секциясы мен күрестің дзюдо түріне баса мән беру керектігін айтып өтті.

Бұл ретте Даниал Кенжетай-ұлы мықты спортшылардың ауылды жерлерден шығатынын, сол үшін өңірлерден жастарды көптеп тарту керектігіне мән беруді ескертті. Тағы бір жағымды жаңалық — ол балаларға қажет болса, Семейде 200 орындық арнайы жатақхана салу  жағын да жеткізді.

— Шалғай аудандардан келіп жаттығатын спортшыларға арналған жатақхана салу керек.  Оған арнайы жер телімін қарастырыңыздар. Жатақханада жатын бөлмелерден өзге, жақсы акт залы, дайындық бөлмелері, асхана болуы керек, — деген Д.Ахметов екі жүз орынға арналған жатақхана құрылысының жобасын әзірлеу жұмыстары биылғы жылы аяқталса, келер жылы қаражат бөлінетінін атап өтті.

Өңір басшысы жұмыс сапары барысында Семейдің оң жақ жағалауындағы абаттандыру жұмыстарымен де танысты. Жоспарға сәйкес, жағалаудағы көшелерді жарықтандыру, аумағы 42х24 метрлік субұрқақты күрделі жөндеуден өткізу, «Дастан» кинотеатрының маңайын абаттандыру жұмыстары жүргізілмек.

— Бұл — өте әдемі орын. Мұнда тағы да балаларға арналған спорттық алаңдарын салып, көгалдандыру жұмыстарын қолға алу қажет. Семей  еліміздегі бірден-бір медициналық бейімді қала болады. Шаһарда Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен ерекше медициналық кластер  құрылуда. Ол әлемдегі бірегей нысан болмақ. Сондықтан әрбір семейлік мақтан тұтатын болады. Қаладағы медицина бағытына ерекше көңіл бөлінуі медициналық туризмнің дамуына серпіліс береді. Өйткені шаһарда керемет мүмкіндік, білікті дәрігерлер бар, — деді Д.Ахметов.

Жалпы, өңір басшысы абаттандыру жұмыстарын жылдамдатып аяқтау керектігін, оның аясында Орталық алаң, Ертістің оң жағалауы көркейтілмек. Бұдан бөлек шаһарымызда жалпылама көгалдандыру жұмыстары  жаңаша қарқын алатын болады.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

2 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

7 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

7 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

7 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС