Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«АНА – ӨМІР ГҮЛІ, ТІРШІЛІК ТІРЕГІ»

17.03.2015
FacebookWhatsappTelegram

Айнабұлақ ауылдық клуб үйінде адамға қуаныш пен жылылық сыйлайтын шуақты көктемнің бастауы — аналар мерекесіне орай, ауыл әкімі Манар Сләмбекұлы Көшербаев округке қарасты «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлерімен кездесу өткізіп, арайлы көктемнің шуақты күнімен тұспа-тұс келген Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, алтын құрсақты аналарға естелік сыйлықтар табыс етті. Салтанатты шара барысында аналарымыз ауылдық клуб үйінің меңгерушісі М.Оразбекованың ұйымдастыруымен өткен «Арулар — асыл жандар» атты арулардың сайысын тамашалады. Бұл сайысқа Айнабұлақ ауылының әкімшілік қызметкері Айдана Қасенова қатысып, Дайыр ауылынан әкімшіліктің бас маманы Гүлнұр Нұржанқызы, Қайнар ауылынан ұстаз Гүлнұр Әкежанова байқаудың 7 шарты бойынша  өнерлерін көрсетіп, көрермендердің көзайымына айналды. Сайыстың қорытындысында әділқазылар аруларға әділ бағасын беріп, нәтижесінде айнабұлақтық Айдана Қасенова «Шебер ару», Дайыр ауылынан келген Гүлнұр Нұржанқызы «Өнерлі ару», ал Қайнар ауылынан келген Гүлнұр Әкежанова «Ақын ару» атанды.

{jcomments on}Мерекелік шара барысында мәдениет қызметкері Баймұрат Сақалбаев аналарға арнаған өлеңін оқып, кішкентай әнші Көркем Оразова «Әжемнің шайы» әнін орындады. Ал жоғары сынып оқушысы  Сағындық Елшінов аналарға арнап «Анашым» әнін тарту етті. Сондай-ақ кішкентай биші Тоғжан Ақиқатқызы «Аққу» биін мың бұрала билеп, көрермен көзайымына айналды. Шара барысында ауыл кітапханашысы Гүлжамал Кіжікова «Ана — өмір гүлі, тіршілік тірегі» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, аналар туралы кітаптарды насихаттады.  Мерекелік шараны ауылдық мәдениет қызметкерлері жүргізді. Аталмыш шара келесі күні Сарытерек ауылында жалғасын тауып, «Келін — отбасы ұйытқысы» атты келіндер сайысына ұласты. Бұл мерекелік шара одан әрі жалғасын тауып, Дайыр ауылында өткен аудандық «Қыз еркем өнерімен көркем» байқауына ұласты. Аудандық шараға Айнабұлақ ауылынан әкімшілік қызметкері Айдана Қасенова қатысып, І орынды жеңіп алып, аудандық Мәдениет үйінің мақтау қағазымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Аталмыш шараны ұйымдастырып, байқауға қатысқан аруларға әділ бағасын берген аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының «Мәдениет үздігі» атанған өнер майталмандары М.Домбаев, Б.Жабашева, А.Сүлейменова, аудандық ауыл клубтарының әдіскері М.Мужанова, аудандық Мәдениет үйінің әртісі Т.Мамырбаевқа, мерекелік шараның өз мәнінде өтуіне зор жауапкершілікпен қарап, халықтың ықыласына бөленген Ғ.Төленоваға, Қ.Момбаеваға, М.Ибраевқа зор алғыс айтамыз.

 

Сондай-ақ 8 Наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Сарытерек ауылдық округінде «Келін — отбасы ұйытқысы» атты келіндер сайысы өтті. Бұл сайысқа аудандық Мәдениет үйінің өнер майталмандары:  Мәдениет үздігі Мұратхан Домбаев, мәдениет үздігі, режиссер-сценарист Алма Сүлейменова, қобызшы Бикен Жабашева, ауылдық клуб үйлерінің әдіскері Майгүл Мужанова төрағалық етті. Ауылдық округтерден келген келіндер сайысқа түсті. Дайыр ауылдық округінен Бағдат Артықбаева, Сарытерек ауылдық округінен Әмбебекова Ақмарал, Айнабұлақ ауылдық округінен Гүлжаз Мұхаметжанова, Қуаныш ауылдық округінен Камшат Шаяхметова, Қарабұлақ ауылдық округінен Балым Құрманғожина өнер көрсетіп, өнерлерімен көрермендерді тәнті етті. Осындай шараны ұйымдастырып отырған  еңбекқор, мәдениет ісінің майталманы, шебер баянда ойнаушы, үздік өнер иесі Ғалия Төленованың еңбегін айта кеткен жөн. Қандай мәдени шара өткізбесін, Ғалия апайымыз өз ісінің хас шебері екендігін дәлелдеп келеді. Осындай мәдениет қызметкерлері Салтанат Чайзаданова, Мәди Мейірбаев, Бақытгүл Тиянақова, Дастан Кеңесбекұлының еңбектеріне шығармашылық табыс тілей отырып, алдағы уақытта биік мақсаттарды бағындыра берулеріне тілектестік білдіреміз.

 

Марина ОРАЗБЕКОВА,

«Семей таңы» газетінің штаттан тыс тілшісі.

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

2 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

7 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

7 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

7 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС