Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БАЙҚАУДА – БАТЫРЛАР АУЫЛЫ

17.03.2015
FacebookWhatsappTelegram

Абай ауданында ауыл, мекеме көркемөнерпаздары байқауын өткізу жыл сайынғы дәстүрге айналған. Ал биылғы жылы мерейлі мерекелер қарсаңында ауыл, мекеме күндері жаңаша түрленді.

{jcomments on}Батырлы ауыл саналатын архаттық өнерпаздар байқау шымылдығын түрді. Жыл сайын аталмыш өнер сынында жаңа тыныспен, айшықты нөмірлерін назарға ұсынатын архаттықтар бұл жолы да аянып қалмады. Байқауда міндеттелген тағылымдық көріністен бастап, кестелі би, сырлы әуен, сазды күй, салмақты әзіл де қырағы көрерменнің көңіліне жол тауып жатты.

Байқауды асқақ үн, әуезді мәнермен бастап, арнау-жырларын ағытқан қос жүргізушінің мағыналы өлең жолдарынан соң кең сахна төрін театрланды-рылған көрініс жалғап кетті. Қойылымдарын Жеңіс тақырыбында өрбітіп, батырларымен айбындарын асқақ тұтқан архаттықтар аядай ғана ауылдың өзінен 180 адам сұрапыл соғысқа аттанғанын сюжет желісінде айтып өтті. Соның ішінде ерлерше жігерлілік танып, ұрыс даласына өз еркімен аттанып, Жеңіске 12 күн қалғанда шейіт болған Баян Байғожина ерлігі, елін жаудан азат етуде айбарлылық танытқан Кеңес Одағының Батырлары Зәкәрия Белібаев пен Се-рікқазы Бекбосыновтардың ерлігі сюжетке арқау етілді. Қойылым актерлік шеберлікпен ұштасқандықтан болар, көріністері мейлінше нанымды шықты.

 

Сондай-ақ архаттықтардың концерт бойы өзге ауылдардан ерекшеленген тұстары да жиі байқалды. Мәселен, бас-қа қатысушылар елеп-ескермеген дәстүрлі ән кезегінде ережеде көрсетіл-ген қисса-дастан жырларын халықтық мақаммен оқуда Бақытжан Берікжанов Шәкәрім бабаның «Еңлік-Кебек» поэмасынан үзінді оқып, ұшқыр талабымен тыңдарманын ұйытты. Ал ұлт аспаптар оркестрінің орындауында «Шаңды жорық» күйі де ерекшелігімен көзге түссе, аталмыш ансамбльдің сүйемелдеуімен халық әні «Жанай керім» әні Жұлдыз Мұсағалиеваның шырқауында тартымды шықты.

 

Жылдағы байқаудың межесінен ойып тұрып орын алып келе жатқан ұстазы мен шәкіртінің сабақтастығын жалғаған Орда ауылының өнерлі ұстазы Қайсар Сыдыханов шәкірттері Еркемай Қабылқақова мен Аяулым Серікқызының орындауында «Ана» әні мен ардагерлер ансамблінің орындауында «Қыз Баян» әні, қыздар ансамблінің келісті орындауында «Желсіз түнде жарық ай» әні, жанұялық жарасымды дуэт құрған Армангүл Имашева жолдасымен «Ай мен күн» әндерін тартымды орындап, көрерменін еліте түсті.

Байқауда ерекше басымдыққа ие   болған би жанры да әділқазылар назарына ілінді. Ал қобызшы қыздардан құ-ралған «Іңкәр» тобы «Алтын бесік» әнін нақышына келтіріп орындаса, аспаптық шығармада «Шығыс аруы» әуенін шебер шерте білді. Сондай-ақ атаулы күндерді балауса жырларына арқау  еткен жас ақындар да, «Отан күзетінде» әнін шырқаған балалар хоры да көрерменнің зор қошеметіне бөленді.

Жайдарман ойындарында үздік әзілдерімен танылып жүрген архаттық әзіл-сықақ отауы байқауда «Алтынның буы» атты өмір шындығына негізделген әзілін ерекше шеберлікпен, асқан актерлік қырларын паш ете отырып сомдап шығуы, талайды тамсандырды. Осылайша, концерт шымылдығы «Қазақстан» хорымен жабылды.

Иә, «Ел іші — өнер кеніші» деп бекер айтылмаса керек. Биылғы байқауда ауыл болып ұйыса білген архаттықтар өнерінен жаңашылдық пен тың серпін байқалды. Әрине, өткен жылы ғана қолданысқа берілген мәдени ошақтың жанды жұмысы осындайда оң ықпал етсе керек.

Тоғжан НҰҒЫБАЕВА,

Абай ауданы.

«Семей таңы» газетінің штаттан тыс тілшісі.

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

2 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

7 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

7 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

7 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС