Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЕЛ АҒАСЫ АТАНҒАН

17.03.2015
FacebookWhatsappTelegram

Баршаның қабырғасын қайыстырып, халқымызға ауыртпалық әкелген сұрапыл соғыс жылдарында үлкендермен қатар мойымай тылда еңбек еткен азаматтардың бірі – қайнарлық Сталь Имашев ақсақал. Сексенді еңсерген тыл ардагерінің сол кезеңді еске алып, өрбітіп айтар әңгімесі баршылық.

{jcomments on}- Ел басына қара бұлт үйірілген кезеңді қалай ұмытарсың? Ол уақытта бала болсақ та, бәрін көзімізбен көрдік. Жоқшылық, соғыс жылдары бізді ерте есейтті. Алаңсыз жүрген, еркін ойнап — күлген қызықты балалық шақ бізде аз болды. Ауылда бірінің әкесін, бірінің ағасын, он жетіге толмаған боздақтарды майданға шақыртып жатты. Қарттар мен әйелдер, балалар қиындыққа төзімділікпен қарап, «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұранмен күндіз-түні бел жазбай еңбек етті. Егін алқабында масақ тердік, қырманда ат айдадым. Өгіз жегіп шөп, отын тасыдық. Майданнан біреудің жары немесе баласы «қаза тапты» деген қаралы қағаз келген кездегі аналардың зарын, ботадай боздағанын көргенде, жаның түршігеді. Талай боздақтар туған жеріне оралмады ғой. Елімізде мұндай жайттың бетін аулақ қылсын. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болып, көркейе берсін дейміз, — дейді еңбекқор ауыл ағасы.

Адам бойындағы ең жақсы қасиет еңбекқорлық десек, ол Сталь ақсақалдан да табылады. Күш-жігерін, тертөкті еңбегін туған жері мен елін көркейтуге сарп етіп, қырық жылдай жұмыс десе, жарғақ құлағы жастыққа тимеді.

Сексенді бағындырған тыл ардагері әлі де ширақ. Ол өзінің есте сақтау қабілетінің жақсы екенін, қара көзден нұр тая қоймағанын Алланың берген қуаты дейді. Жылдың қай мезгілінде болсын қара торы жүзін аялай өпкен таңғы самалмен рахаттана демалып, атын ерттеп, малдарын өріске шығарып, кең жазиралы дала төсінде жайып қайтады. «Таза ауада жүріп, өрісті малға толтырып, ерінбей еңбек еткенге жетері жоқ қой»,- деп қояды ақсақал.

 

Жақсының жақсылығын айту – парыз. «Бір-біріңді қадір тұт — жұрт үлгі алсын, үңілсін», халқымыздың осындай ұлағатты сөзін өміріне арқау еткен ақсақалдың құдай қосқан қосағы Жаңыл тәте — отағасының жанына желеу болып, ұрпақтарын бағып, қонағын ілтипатпен күтуді дәстүрге айналдырған аяулы жан.

 

Бар ғұмырын шаруашылық жұмысына арнаған ауыл ағасының ой-өлшемі, парасат-пайымы да өзінше. Қолынан келгенше игілікті іс-шараларға көмектесуге атсалысады. Қайнардағы мерекелік мәдени шараларға демеушілік қолдау көрсетеді. С.Имашевты шежірелі ақсақал десек те болады. Көзі ашық, көкірегі ояу жан. Кезінде ауыл қарияларынан, әкесінен естіген тарихи әңгімелерін жадына түйіп, көңіліне тоқығанын бір кәдеге жарар деп, ұрпақтарына, бүгінгі жастарға майын тамыза айтқанда, баурап әкетеді.

Қазима ҚАЖЫБЕКОВА,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

2 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

7 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

7 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

7 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС