Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

СҰРАПЫЛ ЖЫЛДАР КУӘГЕРІ

17.03.2015
FacebookWhatsappTelegram

 

Әбдіғали Қаймолдин – қарт майдангер, ҰҚК ардагері. Ол 1921 жылы сол кездегі Абыралы ауданы Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келді. Әбдіғали ақсақал да сол кездегі қатарластары сынды балалық шақтың ауыр қиындықтарын көре жүріп ержетті.    Қысқы уақытта оқу оқыса, жаз күндерінде еңбек еткені күні бүгінге дейін жадында.

{jcomments on}1941 жылы он жылдық мектепті бітіре салысымен Әбдіғали Қаймолдин майданға аттанды. Семейде ол кезде генерал — майор Кирзимов басқаратын 105-ші дивизия құрылып жатты. Дивизияда жасақталған семейлік жас сарбаздар алдымен Өскемен қаласына, ары қарай сол кездегі Жамбыл қаласына, одан кейін Горький облысындағы Гороховецкий лагеріне жіберілді. Тек содан кейін ғана оларды майданға аттандырды.

1942 жылдың қыркүйек айында Әбдіғали Қаймолдин ауыр жараланады. Бұл жағдай қиян-кескі ұрыс жүріп жатқан Сталинград қаласының түбінде орын алды. Сол кезде Кеңес әскерлері генерал — фельдмаршал Фридрих Палюсті тұтқындаған болатын. Ол тұтқынға өзінің штабымен және алтыншы армиямен бірге түскен еді. Бұл Еділ өзенінің жағасында ұрыста Кеңес әскерінің пайдасына шешілген үлкен жеңіске қол жеткізілген соғыстың шырқау шегі болатын.

Жас сарбаз үш ай бойы майдан шебі жанындағы госпитальда ем қабылдады. Соғыс кезінде ол төрт рет жараланса да, қатарынан қалмай үнемі ұрыс даласында өзінің қайсарлығын таныта білді. Харьковті азат ету ұрыстарына қатысып, бірінші Украин, үшінші Беларусь, Балтық жағалауы майдандарында А. М. Василевскийдің басқаруымен соғысты. Сондай-ақ Әбдіғали ақсақал аса жауапты тапсырмаларды орындауға қатысып, бұзып — жару дивизиясы – РГК-нің артиллериялық дивизиясының сапында  болды.

 

Әбдіғали Қаймолдин бағыттаушы, оқтаушы, кейін танкіге қарсы артиллерияда 76 миллиметрлік артиллериялық қондырғыда зеңбірек командирі болды. Ардагер ұрыс кезінде достарының оққа ұшып, қаза тауып жатқанына қарамай, жаралыларды оқтан қорғай жүріп, алға қарай басып отыруға тура келгенін айтады. 1943 жылы наурыз айының 18-і күні Кеңес әскерлері Харьков қаласынан шықты. Осы кезде әскердегі басқа бөлімдермен қосылу үшін майдан шебінің бойымен төрт күн бойы жол жүруге тура келген. Әуеден жаудың «мессершмидт» ұшақтары үнемі шабуыл жасап, көп кедергісін келтіріпті. Оқтың қарша борап тұрғанына қарамастан, сарбаздар бөлім орналасқан Орехово — Зуево ауылына жетіп, аман – есен өз бөлімдеріне қосылғаны да — ардегердің естен кетпес естеліктерінің бірі.

 

Екінші және Үшінші Беларусь майдандары Бірінші Балтық жағалауы майданының бір бөлігінің күшімен өткізілігені мен Шығыс Пруссия операциясы ардагердің әлі де жадында. Үшінші Беларусь майданының әскерлері шабуылға көшіп, жаудың қорғаныс шебін бұзып өткен еді. Бірінші Балтық жағалауы майданының 43-ші әскерімен бірлесе отырып, шабуылды үдетіп, тильзит-инстербург тобын тойтарып, Инстербург қаласын азат етуге қатысты. Ал 1945 жылдың қыс мезгілінің бірінші айының соңында Кеңес әскерлері Балтық теңізінің жағалауына дейін жетті.

Ал 1945 жылдың сәуір айында Үшінші Беларусь майданының әскерлері Қызыл тулы Балтық флотымен бірлесіп, жаудың Кенигсберг тобының көзін жойып, қала мен Кенигсберг қамалдарын басып алу мақсатымен Кенигсбергті шабуылдау операциясын өткізді. Артиллерия жасаған бірқатар соққыдан кейін Кеңес әскерлері жауды шабуылдап, қамалдың гарнизонын берілуге мәжбүр етті. Ақсақал үшін бұл оқиғадан қалған бірден-бір естелік – «Кенигсбергті алғаны үшін» медалімен марапатталуы. Соғыс кезінде барлық қиындықтарды жеңу үшін, күш пен шыдамдылық қажет. Майдангер өзіне берілген наградаларға қарап сол бір отты жылдарды жиі есіне алады. Әбдіғали ақсақал ұрыс алаңдарында көрсеткен    ерліктері үшін Қызыл Жұлдыз орденімен, Отан Соғысы орденімен, «Ерлігі үшін»   медалімен, бірқатар мерейтойлық және еңбек медальдарымен марапатталды. Бүгінде ардагердің кеудесінде ұзын саны отыздан астам орден – медаль бар.

Әбдіғали Қаймолдин әскерден 1946 жылы оралып, 1947 жылы Семей ядролық сынақ алаңында қызмет етуге шақырылды. Оның күзет батальоны Курчатов қаласында  орналастырылып, сол кездегі Мәскеудегі Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігінің ерекше бөлімінің құрамына енді. Батальонның міндеті – жабық      нысанды күзету, ал бұл дегеніңіз — 18 мың шаршы шақырымды құрайтын аумақ. Мұнда ол он жыл қызмет етті.

Жалпы алғанда, әскер қатарында майдангер өмірінің 15 жылын өткізді. Саналы ғұмырының 25 жылын сол кездегі Семей облыстық комитетінде, Новопокровка мен Жаңасемей ауданының аудандық атқару комитетінің аудандық комитетінде пар-тиялық жұмыстарға арнады. Ең соңғы еңбек еткен жері Жаңасемей ауданының «Түрксіб» кеңшары болды. Ол жерде Әбдіғали ақсақал партиялық комитеттің хатшысы қызметін атқарды.

Алпыс жасында қарт майдангер құрметті демалысқа шықты. Жұбайымен бірге екі ұл мен екі қызды тәрбиелеп өсірді, оларға білім берді. Немерелері мен шөберелері үшін — Әбдіғали Қаймолдин бүгінде ерлік пен батырлықтың ерен үлгісі.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Связанные новости

Аким области: «Объекты торговли, обслуживающие население, должны соответствовать современным требованиям»

02.04.2026
Аким области: «Объекты торговли, обслуживающие население, должны соответствовать современным требованиям»

Аким области Берик Уали посетил ряд торговых объектов в городе Семей, уделив особое внимание вопросам благоустройства и соблюдения санитарной чистоты....

Читать далее ...

В городе Семей запланированы масштабные и комплексные мероприятия в сфере спорта

02.04.2026
В городе Семей запланированы масштабные и комплексные мероприятия в сфере спорта

В текущем году в городе Семей планируется реализовать масштабные работы по развитию сферы физической культуры и спорта. Об этом на...

Читать далее ...

В области Абай введены в эксплуатацию 16 спортивных объектов

02.04.2026
В области Абай введены в эксплуатацию 16 спортивных объектов

В соответствии с поручением Главы государства в области Абай активно развивается спортивная сфера. Об этом на брифинге, прошедшем на площадке...

Читать далее ...

Казахстанцы всё чаще выбирают доставку документов на дом

01.04.2026
Казахстанцы всё чаще выбирают доставку документов на дом

Сервис доставки документов на дом позволяет получать готовые документы без повторного визита в ЦОН и сегодня доступен во всех регионах...

Читать далее ...

В городе Семей запланированы проекты по модернизации систем водоснабжения и водоотведения

01.04.2026
В городе Семей запланированы проекты по модернизации систем водоснабжения и водоотведения

В ходе пресс-конференции, прошедшей на площадке Региональной службы коммуникаций, руководитель департамента Комитета по регулированию естественных монополий Министерства национальной экономики Республики...

Читать далее ...

СОСТОЯЛАСЬ ОЧЕРЕДНАЯ ХХХV СЕССИЯ МАСЛИХАТА ОБЛАСТИ АБАЙ

31.03.2026
СОСТОЯЛАСЬ ОЧЕРЕДНАЯ ХХХV СЕССИЯ МАСЛИХАТА ОБЛАСТИ АБАЙ

На очередной ХХХV сессии маслихата области Абай рассмотрены актуальные вопросы социально-экономического развития региона, а также темы инфраструктуры и экологии. В...

Читать далее ...

Новости

Аким области: «Объекты торговли, обслуживающие население, должны соответствовать современным требованиям»

17 часов назад

В городе Семей запланированы масштабные и комплексные мероприятия в сфере спорта

18 часов назад

В области Абай введены в эксплуатацию 16 спортивных объектов

18 часов назад

Казахстанцы всё чаще выбирают доставку документов на дом

2 дня назад

В городе Семей запланированы проекты по модернизации систем водоснабжения и водоотведения

2 дня назад

СОСТОЯЛАСЬ ОЧЕРЕДНАЯ ХХХV СЕССИЯ МАСЛИХАТА ОБЛАСТИ АБАЙ

2 дня назад

В Казахстане усилят подготовку специалистов по охране культурного наследия

2 дня назад

Рунические надписи и наследие Абая: Казахстан продвигает новые номинации в ЮНЕСКО

2 дня назад

Правительство утвердило Комплексный план по сохранению и продвижению культурного наследия под эгидой ЮНЕСКО и ИСЕСКО на 2026–2028 годы

2 дня назад

Правительство утвердило Комплексный план по сохранению и продвижению культурного наследия под эгидой ЮНЕСКО и ИСЕСКО на 2026–2028 годы

2 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС