Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРІН ҰЛЫҚТАЙ БІЛГЕН ЕЛ

17.03.2015
FacebookWhatsappTelegram

Наурыз айының 13 — 14 күндері Семей қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Татар қоғамдық бірлес-тігінің құрылуына 25 жыл толуына арналып мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.

{jcomments on}Екі күнге жоспарланған мереке татар орталығына қарасты музейдің салтанатты түрде ашылуымен басталды. Осыдан жиырма жыл бұрын жұмысын бастаған музей биыл жәдігерлермен толыға түсіп,  жаңартылған бөлмеге орналастырылған. Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Берік Көпбаев биылғы жыл елімізде “Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы” деп жарияланғанына, аталмыш мәдени шараның сол мерейлі мезеттің аясында ұйымдастырылып отырғанына тоқталып, Қазақстан үшін   бірлік пен татулықтың қашан да маңызды екенін атап өтті. Анатолий Еременко Татар қоғамдық бірлестігінің құрылғандығы мен музейдің ашылған сәттерінен сыр шертті. Содан кейін  Татар қоғамының мүшелері қонақтарға музейді таныстырып, қойылған жәдігерлер жайлы ақпараттандырды.

Дәл осы күні мерекелік шара «Семей татарларының мәдениеті мен тарихы: бүгіні мен ертеңі» атты шығармашылық және ізденіс жолындағы жұмыстардың аймақтық сайысымен сабақтасты. Татар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Камила Исмаилова  жиылған жұртты мерейтоймен құттықтап, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

— Бұл жыл мерейлі мерекелерімен ерекше. Ақпанның алтысында, түрі мен түсіне, тілі мен дініне қарамастан, барлық ұлт пен ұлыстың өкілдерін жанына топтастырған Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының басталуын атап өттік. Достығымызды одан әрі нығайтып, татулығымызды ту етудеміз. Бүгінгі сайыс — осының айқын дәлелі. Сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін,- деді К.Исмаилова.

 

Ұйымдастырылған сайыс жастарға татар ұлтының өткені мен бүгінінен ақпарат беріп, тарихынан сусындату, ұлттық болмысы мен салт-дәстүрлерін насихаттау, мәдениетінен хабардар ету мақсатын көздеген. Қазылар алқасының төрайымы, ШҚО жаңа тарих құжаттамалар орталығының директоры Гүлнар Қасымованың айтуынша, қала мектептерінің 8 — 11 сынып оқушылары мен колледждерден отыз бес үміткер байқауда бақ сынауға өтініш білдірген. Байқаудың алғашқы бөлімінде Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы татар диаспорасының орны, татар отбасында бала тәрбиелеудің ерекшеліктері кеңінен талқыланды. Ал екінші «Бір шаңырақ астында» атты бөлімде Достық үйінің маңызы мен мақсаты, татар ұлтының мұрасы мен ұлттық құндылықтары жайлы қатысушылардың зерттеу баяндамалары тыңдалса, үшінші «Татар халқының мәдениеті мен тұрмысы» бөлімінде олардың дастарқаны, асханасы мен азаматшаларының асханалық қалпағы турасында айтылды.

 

Мерекелік шараның екінші күні «Татар қызы — 2015» байқауымен басталды. 2007 жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан шараның мақсаты – татар халқының ұлттық болмысын ашу, тілі мен мәдениетін, ұлттық өнерлері мен салтын насихаттау. Өз тарихынан сусындаған, дәстүрін сақтай білетін, заманауи үлгіде де ойлай алатын татар қызын анықтау байқаудың міндеті болды. Ол сайысқа қала мектептерінің оқушылары, арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. «Татар қызы-2015» атанғысы келген арулар өздерін таныстырып, ұлттық салма тағамын әзірлеу арқылы аспаздық өнерлерін ортаға салды. Дефиле сынында бас киім үлгісін көрсетсе, зияткерлік сайыста білім дәрежелерін байқатты. Соңғы сын — өнер бөлімінде әннен шашу шашып, биге кезек берді. Бас жүлдеден үміткер 10 қыздың барлығы дерлік байқауға үлкен дайындықпен қатысып, жеңімпаз болуға лайықты екендіктерін аңғартып, Гүлия Насырова бас жүлдені иеленді.

Сонымен қатар бұл күні ұйымдастырылған «Татар асханасының үздік тағамы» байқауы да жоғары дәрежеде өтті. Мұнда ертеректегі ас мәзірін ұстана отырып әзірленген, заманауи үлгіде безендірілген  ұлттық тағамдар таныстырылды. Үздік деп танылған асхана шеберлеріне «Татар асханасының жұлдызы» тәжі мен Гран-при, ал-ғашқы үштіктен көрінген нәзік жандыларға дипломдар берілсе, барлық қатысушыларға алғыс хаттар тапсырылды.

Бұл сайыс-байқаулармен қатар, екі күн бойы Татар қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен ұлттық өнерлерін насихаттайтын қолөнер бұйымдары және сурет, кітап  көрмелері ұйымдастырылды.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

2 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

7 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

7 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

7 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС