Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫНЫҢ БОЛАШАҒЫНА СЕНІММЕН ҚАРАУҒА БОЛАДЫ

17.03.2015
FacebookWhatsappTelegram

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында ел экономикасын барлық сала бойынша, атап айтқанда, ауқымды инфрақұрылымдық жобалар – көліктік — логистикалық инфрақұрылым, жол, мемлекеттік жалға берілетін пәтерлер, энергетикалық қуатты арттыру нысандарын салу, тұрғын үй — коммуналдық шаруашылықты жаңғырту сынды тың  тапсырмалар берді. Елбасы Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындауда Семей қаласының да алар үлес салмағы аз емес.

{jcomments on}Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімов халық алдындағы есептік баяндамасында құрылыс саласының экономиканы дамытуда алар орны ерекше екенін бірнеше мәрте айтқан болатын. Аталған саланың өзектілігіне назар аударған шаһар басшысы алда атқарылар шаруаларға да тоқталып, жыл сайын Семей қаласында балабақша, мектеп, ауруханалар сынды әлеуметтік нысандардан өзге, 300 мың шаршы метр аумақты алатын тұрғын үйлер тұрғызылатынын жеткізді. Осы және өзге де міндеттерді орындау үшін, Семей қаласының Бас жоспары дайындалып бекітілген еді.

Ауқымды құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін, сапалы құрылыс материалдары қажет болатыны белгілі. Бұл тұрғыдан алғанда Семейдің мүмкіндігі мол. Өйткені жоспарлы кең ауқымды құрылыс жұмыстарына қажетті материалдар жергілікті тауар өндірушілермен өндіріледі. Қаламыздағы осындай ірі кәсіпорындардың бірі ретінде жұмысын сонау 1958 жылы бастаған «Семей» цемент зауытын айтуға болады.

Цемент зауыты — әртүрлі өнімдерді, оның ішінде жалпы құрылысқа қажетті (ПЦ 400-Д20) және жоғарғы маркілі (ПЦ 400-Д0-Н, ПЦ 500-Д0 и ПЦ АЦИ 400) өнімдерді өндіруге қауқарлы кәсіпорын. Зауыт өнімдері отандық нарықта айтарлықтай сұранысқа ие. Кәсіпорын өнімін Астана, Алматы қалалары мен еліміздің Солтүстік өңірлері жоғары бағалайды. Сондықтан да зауыт мемлекеттік жобалардың жүзеге асуына белсенді араласып келеді. Мәселен, республикалық маңызы бар Астана — Бурабай тасжолы құрылысына өз өнімдерін жеткізген.

 

Өнімнің сапасына келетін болсақ, оған төмендегі мысалдар дәлел бола алады. Зауытта өндірілген өнімдер Семейдегі Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпірдің құрылысына, «Медеу» мұз айдыны, сондай-ақ Алматы қаласындағы селден қорғау бөгеті мен әуежай  құрылысына, Астана қаласындағы Бейбітшілік пен келісім сарайы, «Бәйтерек» және көптеген басқа да нысандарға пайдаланылды.

 

Үкіметтің импортты ауыстыру бағдарламасы бойынша кәсіпорын құрамында әктас және цемент пен басқа да сусымалы материалдарды салуға арналған қаптарды шығаратын цех жұмыс жасайды. Шағын зауыттың жылына 10 млн. қап шығаруға мүмкіндігі бар. Бұл — зауыт мұқтаждығын қамтамасыз етіп қана қоймай, артылған өнімдерді нарыққа шығаруға мүмкіндік беріп отыр.

2006 жылдан бері зауыт ең жоғары сапада жалпы құрылыс және арнайы цемент түрлерін өндіретін, Орта Азиядағы ірі цемент холдингі  United Cement Group (UCG) құрамына кірді. «Семей» цемент зауыты холдингте жетекші орын алып отыр. Өйткені аталған кәсіпорын жалпы өнімнің 25 пайызын шығаруда. Осының нәтижесінде  зауыттың дамуына ерекше назар аударылып, кәсіпорынды дамытуға        арналған бес және жеті жылдық даму бағдарламасы қабылданды.

Алдағы жылдары зауыт өндіріс көлемін кем дегенде төрт есеге арттыруды көздеп отыр. Ал бұған 7 млн. теңге АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту көзделуде. Өткен жылы зауыттың екі ірі пешіне электрлі сүзгілер орнату жұмыстары аяқталды. Биыл зауыт бюджетінде атал-ған құрылғыны тағы бір пешке орнату жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар цемент өндірісінен бөлінген улы заттарды төмендету үшін атқарылып жатқанын айта кетуіміз керек. «Семей» цемент зауыты осылайша қоршаған ортаның тазалығын сақтауға зор үлес қосып отыр. Мұндай бастама өзге өндіріс орындарына үлгі боларлықтай. 

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

2 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

7 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

7 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

7 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС