Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТАТУ ЕЛ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ ТІРЕГІ

20.03.2015
FacebookWhatsappTelegram

Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – нұрлы болашаққа бастар жол» атты жаңа Жолдауында  республика халқының жетістіктері тек  экономикалық жаңашылдықтармен ғана өлшенбейтінін, қоғамдағы тұрақтылық пен бірліктің де елеулі үлес қосатынын атап көрсеткен болатын.

{jcomments on}Ал тұрақтылық пен келісім деген ұғымдардың бір парасы ретінде отбасы жылуы, тұрақты жұмыс орыны мен әркімнің өз шаңырағының болуын атауға болады. Ал бейбіт те мамыражай өмір дегеніміз – сол отбасының қуанышы, ата — ана мен олардың перзенттерінің амандығы һәм ертеңгі күнге деген сенімділік екені де ақиқат.

Жолдауда айтылғандай, бейбіт өмір мен тұрақтылық дегеніміз — әр күн сайын қызу еңбек арқылы қорғалуы тиіс жалпыхалықтық жетістік. Бұл ұғымдарды сақтау және қадірлей білу әрбір қазақстандықтың санасында берік орын алуы тиіс.

Ал тыныш өмір мен тұрақтылықты баянды ету жолында қандай қадамдар жасау қажеттігін «ПОСЖБ» ЖШС-нің бүгінгі жетекшісі Баласұлтан Абдуллаев жақсы біледі.  Ол халықтың көп ғасырлық салт — дәстүрі құрметтелетін көпбалалы отбасында ержеткендіктен де сыйластық пен қамқорлық бар жерде өрлеу мен өзге жетістіктердің барлығының да орын алатынына өз тәжірибесінен қанық.

— Мен Жамбыл облысына қарасты Сарысу ауданында өмірге келдім. 1972 жылы мектепті бітірген соң жоғары оқу орынына түсуді ұйғардым. Алдымен Новосібір радиоэлектроника институтына түсуді көздеген едім. Алайда уақыттың тығыздығы ол оқу орнына құжат тапсыруға үлгертпеді. Осылайша орта жолда Семейден түсіп қалуға тура келді. Мұнда үш бірдей жоғары оқу орындары — медициналық, педагогикалық және зооветеринариялық институттар бар еді. Дәрігер немесе мұғалім болу үшін бұл мамандықтарға арналған арнайы шақырту болуы керек-ті. Сол себепті зооветинститутқа түсуді жөн деп шештім. Сөйтіп осы оқу орынын ойдағыдай аяқтап, өз мамандығым бойынша еңбек жолын бастадым, — дейді  Баласұлтан Үсенұлы.

 

Осылайша еңбекте табыстарға жетіп, әртүрлі лауазымдар бойынша сатылап жоғарылады. Алғашқы жылдары Бесқарағай ауданында ветеринар дәрігер болып жүріп, бас дәрігер, одан соң ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметтеріне көтерілді. Ал кейінірек совхозды басқарды. Бірақ табиғатынан ізденімпаз әрі еңбекқор жан 2003 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан облыстық техникалық университетіне оқуға түседі. Бұл оның карьерасына үлкен серпін әкелген шешім болыпты.

 

«Казахтрансстрой» ЖШС-нің болашақ директоры ретінде ол жаңа мамандық — құрылыс саласында  2010 жылы өз кәсібін ашты. Оның құралмалы темірбетон шығаратын өндірістік бірлестікке келуі кездейсоқ емес. Тәжірибелі жетекші бұл іспен әрі онда еңбек ететіндердің же-тістіктерімен жақсы таныс болатын. Айта кетерлігі сол — заманында бұл кәсіпорын бүкіл Кеңес одағына танымал болып,  үздіктер қатарынан табылып, республикамыздың Бүкілодақтық құрмет тақтасы мен Алтын кітабына жазыл-ған-ды. Бұл айрықша жетістіктерге Халық қаһарманы атағын алған Аким Атмачиди тұсында қол жеткізілген еді. Әйтседе, өкінішке орай, кейінгі жылдары кәсіпорын өз ұстанымынан жаңылып, тек қазіргі күндері ғана бағытын түзей алды.

— Аким Иванович қаламызда жетекші орындардан табылатын бұл өндіріс орынының дамуына баға жетпес еңбек сіңірді. Сол себептен комбинаттың тұралап қалуына біз жол бермейміз, — дейді жаңа басшы зор сеніммен.  Біз қазір қызметте қарқын алдық. Кәсіпорынның мүмкіндіктері мол. Бастысы — еңбеккерлерді жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, жалақыны мерзімінде төлеп отыру. Біз бұл міндеттемелерді тұрақты іске асырып келеміз. Себебі табысқа жетудің сенімді көзі  адами ресурс, — деді пікірімен бөліскен Баласұлтан Үсенұлы.

— Бүгінгі таңда зауытта 280 адам еңбек етуде. Алайда, жоспар бойынша, алдағы уақыттарда қызметкерлер санын арттыру көзделуде. Арматуралық БСЦ, ЖБИ бөлімдері іске қосылса, оған да қол жеткіземіз. Қазіргі күні жаңғырту шаралары жүргізіліп жатыр, сол себепті өз өнімдеріміздің бұрынғы даңқын қайтарудан үміттіміз. Біз өндірген бұйымдарға қала, аймақ және республика бойынша сұраныс бар.  Сондықтан да сапа мәселесіне көңіл аудару бірінші кезекте жолға қойылған.

Баласұлтан Абдуллаев кәсіпорындағы көп жағдайдың еңбеккерлермен арадағы қарым-қатынасқа тәуелді екенін жақсы түсінеді. Бұл орайда әр жұмысшымен ортақ тіл табысу,  көп тіл білетіндіктен, оған қиынға түспейді.

—  Менің ұлтым — күрд. Әрі бірнеше тілде сөйлей аламын. Қазақ тілі — мемлекеттік тіл, сондықтан да оны әрбір қазақстандық білуі тиіс. Сондай-ақ өз ана тілімді білмей, өзімді күрд ұлтының ұлымын деп айта алмас едім. Ал орыс тілі — қарым-қатынас тілі. Бұлармен қатар Әзербайжан елінің кәсіпкерлерімен көп араласуым себепті осы тілді де үйреніп алдым. Тағы бір айта кетерлігі, бүгінде біздің отбасымызда әртүрлі отбасының өкілдері бар. Жанұяда 17 баламыз. Алты әпке-қарындас, он аға-бауырым бар. Көпшілігі өзге ұлт өкілдерімен бас құраған. Мәселен, бір қарындасым қазаққа күйеуге шыққан. 20 жылдан бері бақытты ғұмыр кешуде. Сондай-ақ  шешен, орыс, ингуш ұлттарымен де құда болдық. Ал өз жұба-йым күрд ұлтынан, — дейді кейіпкеріміз.  Менің еңбектегі әрі жеке өмірім өзім тұрып жатқан Семей қаласымен тығыз байланысты. Балаларым осы елде. Қызым Алматыда жұмыс істесе, ұлым биыл Прага университетін тәмамдамақ. Бүгінде диплом қорғауға даярлық жасауда. Одан соң елге оралып, қызмет етпек.

Баласұлтан Үсенұлы өз балаларын  туып-өскен елдің құндылықтарын бағалауды өсиет еткен ата-анасының тәрбиесіне сай өсіріпті.

— Әкем — колхоз меңгерушісі болған адам, ал анам үй шаруасында болды. Екеуі бірлесіп 17 баланы өсіріп-жеткізді. Бұл, сөз жоқ, қайтарымы өлшеусіз үлкен еңбек, сол себепті де, алдымен, ата-анама қарыздармын. Әрқайсысымызға бір-бір мамандық әперіп, өмірден өз орнымызды табуға жәрдемдесті. Біздің арамыздан  ғылым профессорлары, медицина саласының мамандары, құрылыс пен ауыл шаруашылығы қызметкерлері шықты. Алайда біздің әке-шешемізден бойы- мызға сіңірген ең үлкен өнегеміз — туған Отанды сүю, жақынға қамқорлық жасау, адал еңбек ету, жетістіктерге жету жолында жігерлілік таныта білу, әр кез адамгершілік биігінен табылу, — дейді Б. Абдуллаев.

Бұл ұстанымдары оны еңбекте де табысқа жеткізе білді. Басшылық қызметте осы ұғымдарды берік ұстанады. Бір есептен, осы себепті де «ПОСЖБ» ЖШС ұжымы өз жетекшілерін жоғары бағалайды. Өз басшыларының алдағы мерейтойына орай, қызметкерлер зор денсаулық, отбасына шаттық, амандық, еңбекте табыс тілеуде.

Биылғы жылы еліміз Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын кең көлемде атап өтуде. Бұл еліміздің ынтымақ — бірлігін бұрынғыдан да бекем ететін, өзара келісім үйлесімділігін арттырып, ертеңгі күнге деген сенімділікті еселей түсетін берері мол игілікті шара екендігі анық. Бұл жайында Елбасының халыққа арнаған «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты жаңа Жолдауында да: «Тарих тоғысындағы осынау сындарлы сәттерде елдік мүдде жолындағы біздің басты ұстанымымыз  «Қазақстан, тек қана алға!» деген ұғымға саяды», —  деп атап өткен болатын.

Осынау отаншылдық сезімдерді шыңдай түсетін сөздерді негізге ала отыра, ПОСЖБ ұжымын тек қана алға басып, табыстан табысқа жетіп, жаңа жетістіктерді бағындыра берулеріне тілектестік білдіреміз.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Аким области: «Объекты торговли, обслуживающие население, должны соответствовать современным требованиям»

02.04.2026
Аким области: «Объекты торговли, обслуживающие население, должны соответствовать современным требованиям»

Аким области Берик Уали посетил ряд торговых объектов в городе Семей, уделив особое внимание вопросам благоустройства и соблюдения санитарной чистоты....

Читать далее ...

В городе Семей запланированы масштабные и комплексные мероприятия в сфере спорта

02.04.2026
В городе Семей запланированы масштабные и комплексные мероприятия в сфере спорта

В текущем году в городе Семей планируется реализовать масштабные работы по развитию сферы физической культуры и спорта. Об этом на...

Читать далее ...

В области Абай введены в эксплуатацию 16 спортивных объектов

02.04.2026
В области Абай введены в эксплуатацию 16 спортивных объектов

В соответствии с поручением Главы государства в области Абай активно развивается спортивная сфера. Об этом на брифинге, прошедшем на площадке...

Читать далее ...

Казахстанцы всё чаще выбирают доставку документов на дом

01.04.2026
Казахстанцы всё чаще выбирают доставку документов на дом

Сервис доставки документов на дом позволяет получать готовые документы без повторного визита в ЦОН и сегодня доступен во всех регионах...

Читать далее ...

В городе Семей запланированы проекты по модернизации систем водоснабжения и водоотведения

01.04.2026
В городе Семей запланированы проекты по модернизации систем водоснабжения и водоотведения

В ходе пресс-конференции, прошедшей на площадке Региональной службы коммуникаций, руководитель департамента Комитета по регулированию естественных монополий Министерства национальной экономики Республики...

Читать далее ...

СОСТОЯЛАСЬ ОЧЕРЕДНАЯ ХХХV СЕССИЯ МАСЛИХАТА ОБЛАСТИ АБАЙ

31.03.2026
СОСТОЯЛАСЬ ОЧЕРЕДНАЯ ХХХV СЕССИЯ МАСЛИХАТА ОБЛАСТИ АБАЙ

На очередной ХХХV сессии маслихата области Абай рассмотрены актуальные вопросы социально-экономического развития региона, а также темы инфраструктуры и экологии. В...

Читать далее ...

Новости

Аким области: «Объекты торговли, обслуживающие население, должны соответствовать современным требованиям»

16 часов назад

В городе Семей запланированы масштабные и комплексные мероприятия в сфере спорта

17 часов назад

В области Абай введены в эксплуатацию 16 спортивных объектов

17 часов назад

Казахстанцы всё чаще выбирают доставку документов на дом

2 дня назад

В городе Семей запланированы проекты по модернизации систем водоснабжения и водоотведения

2 дня назад

СОСТОЯЛАСЬ ОЧЕРЕДНАЯ ХХХV СЕССИЯ МАСЛИХАТА ОБЛАСТИ АБАЙ

2 дня назад

В Казахстане усилят подготовку специалистов по охране культурного наследия

2 дня назад

Рунические надписи и наследие Абая: Казахстан продвигает новые номинации в ЮНЕСКО

2 дня назад

Правительство утвердило Комплексный план по сохранению и продвижению культурного наследия под эгидой ЮНЕСКО и ИСЕСКО на 2026–2028 годы

2 дня назад

Правительство утвердило Комплексный план по сохранению и продвижению культурного наследия под эгидой ЮНЕСКО и ИСЕСКО на 2026–2028 годы

2 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС