Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

НАУРЫЗ – ТАБИҒАТ ТҮРЛЕНЕТІН ШАҚ

20.03.2015
FacebookWhatsappTelegram

Төрткүл әлем түгелдей қайта түлеп, Жер — Ана бусанып, бір жасарып, жаңғыратын күн – Наурыз. Халықтың кең пейілін, тіршіліктегі достықты, бірлікті мұрат еткен ұлы мейрамның қарсаңында біз ұлтымыздың ұлттық құндылықтарын дәріптеп, барымызды  бүтіндеп, жоғымызды түгендеп жүрген азаматқа бергісіз қайсар ана, Қарауылдағы «Нұр — Сана» салт-дәстүр орталығының жетекшісі  Қаныша                Нұрғалиевамен кездесіп, сұхбаттасқан едік.

— Қаныша Нұрғалиқызы парсы, кавказ, түрік халықтарының бірлігін бекемдейтін Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы жайлы айтып өтсеңіз?

{jcomments on}- Наурыз — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Кейбір деректерде Наурыздың жасы шамамен 2500 жылдан асатыны дәлелденген. Парсы тілінде «руз» сөзі күн дегенді білдіреді. Мысалы, эмруз – бүгін, дируз – кеше, новруз – жаңа күн деп аударылады. Демек, ол  — жыл басы, көктем мерекесі, табиғат мейрамы, шаруа — диқан қуанышы, ырзық – несібе басы.  Ұлыстың ұлы күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халқымыз қысқы кір-қоңынан арылып,  таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады, әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады.  Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Жұртшылық пендешіліктен  арылып, даулы болса,  кешіріп, табысып, көңіл жарасымына ұмтылған. «Ұлыс күні алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деген сөз осыдан қалған болар. Ұлыс күні жетім мен жесірге, жоқ — жітікке ел болып қайырым — көмек көрсетіп, қолтығынан сүйеп жібереді. Сөз қасиетін бағалай білетін бабаларымыз «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ер көгерер» деп текке айтпаса керек. Наурыз батасы жылулық пен жарық, ай нұрындай ақ жол боп, бірлік пен тірлікке бастайды. «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» деген ақ тілекпен бата жалғасып жатады. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Наурыз мейрамы — “көкпар”, “Аударыспақ”, “қыз қуу”, күрес, “Алтыбақан”, “Теңге алу” сынды ойындар ойналып, дәстүріміз төрге озатын мейрам. Ата-баба дәстүрімен бүгінгі тәуелсіз еліміздің ұрпақтары төл мерекемізді, Жыл басы — Наурыз мейрамын, жылдан-жылға қадір-қасиетін танытып, мазмұнын арттырып тойлай алсақ, нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймын.

— Қаныша апа, шыны керек, қазір наурыз көжені әркім өз қалауымен жасап жатады. Дегенмен  наурыз көже жасаудың қандай да бір қағидасы бар ма?

— Наурыз мерекесіне әр отбасы қыстан бастап әзірлік жасаған. Қысқы соғымның шеке, жал-жая, қазы — қарта, жілік сияқты кәделі мүшелерінен әдейі арнап сүрі сақтайды. Нау-рызда ашу үшін әжелер қарындағы майын, жент, құрт, ірімшік, секілді таңсық тағамдарын көзден таса ұстап, қам жасайды. Мұндай дәмдерді «ұзынсарының сыбағасы» деп те атайды. Ұлыстың ұлы күні дайындалатын ыстық ас — наурыз көже кемінде жеті түрлі дәмнен дайындалуы керек деген түсінік бар. Оған  сүрі ет салып пісірілуі — қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың  (сүт) қосылуы – жаз тағамымен қауышуды білдіреді. «Ұлыс күні қазан толса, сол жылы ақ мол болар»  деген халық жадында сақталған түсінік бойынша, ол мейлінше мол жасалмақ керек. Наурыз көже – жеті түрлі дәм – тағамнан пісірілетін нәрлі де қуатты ас, яғни көк – су, қызыл – ет (соғымның басы, арнайы сақталған мүше, сыбаға — сүрі ет), жасыл – дән (бидай, арпа, тары, күріш), ақ – сүт (езілген құрт, қатық, айран), сары – май, қоңыр – талқан, ұн кеспе, қара — тұз болуы лайық. Оң қолымен ас ұсынушының иілген ізеттілігінен, мейірімді сыпайылығынан, кеңпейілді жомарттығынан, тіпті ұсынған ыдысынан да қадірлі қонаққа, киелі асқа деген шексіз құрмет танылып тұруға тиіс. Сондықтан да наурыз көже – қасиетті ас. 

— Рахмет! Наурыз мейрамы  шаңырағыңызға таусылмас құт-береке әкелсін!

Бұлбұл ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

2 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

7 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

7 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

7 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС