Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«ДӘСТҮРІМІЗ ҰҚСАС» дейді дүнген қызы

20.03.2015
FacebookWhatsappTelegram

Сан түрлі ұлт пен ұлыстың құтты мекеніне айналған Үржар ауданының тұрғындары да бір атаның баласындай Наурыз тойын тойлауға әзірленіп жатыр. Әлбетте, бұл мерекеге қазақ елін мекен еткен ұлттардың барлығы бір кісідей атсалысады. Осы ретте Зухар Әлиұлының шаңырағында болып, дүнген ұлтының Ұлыс күнін қалай атап өтетінінен мағлұмат алдық.

{jcomments on}Қожағұловтар әулеті — аралас некелі отбасы. Отағасы Зухар Әлиұлы   — дүнген халқының өкілі, ал отанасы Алтынбике Абламбаева — қазақ қызы. Дүнген жігіті қазақ қызының қылығына ғашық болып, имандылығы мен  кішіпейілділігін қадір тұтқан. Ұлтына қарамастан қос жүрекке ұялаған іңкәр сезім отау құруға жол ашқан. Өмірін медицина саласымен байланыстырған Алтынбике Үмітбекқызы Үржар ауданындағы жұқпалы аурулар ауруханасында еңбек етсе, жұбайы — кәсібінен нәсіп тауып отырған жеке кәсіпкер. Шаңырақ құрғандарына отыз екі жыл болған мерейлі отбасы үш қыз балаға әлемнің жарығын сыйлап, қыздарынан 7 жиен немере сүйіп отыр. Қыздары жоғары білімді, үшеуі де қызметте. Қос қарлығаштары ұяларынан ұшып, қазақ азаматтарына тұрмысқа шықса, кенжелері 23 жасар Меруерт — әулет мақтанышы.   Меруерт жуырда ғана Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай өткен «Тіл – татулықтың тірегі» атты конференцияға аудан атынан қатысқан.  Үржар атын үнемі асқақтатуды арман еткен дүнген қызы — бүгінде аудандық спорт мектебінің қызметкері. Белсенді жан Наурыз мерекесін тойлауға атсалыспақ. Бұл отбасы үшін Ұлыс күні ерекше мәнге ие.

 

— Әкеміз дүнген, анамыз қазақ қызы болса да, екі ұлттың дәстүрлері ұқсас, ұлты бөлек болғанмен, діні бір. Біз де, барлық мұсылман халқы сияқты, ерекше ықыласпен Наурыз мейрамын тойлаймыз. Әкем — көпбалалы отбасының баласы. Қазақ хал-қындағы сияқты, бізде де қара шаңырақ деген бар, Ұлыс күні әулетіміз қара шаңыраққа жиналамыз. Қазақтардағы көрісу күні сынды бір-бірімізге амандық тілеп, ортақ армандарымызбен, мақсаттарымызбен бөлісіп, наурыз көжеден дәм татамыз. Күн мен түн теңеліп, табиғат тірілген шақта, жаңа тілектер тілеп, ескі реніштерімізді ұмытып, Қызыр бабаны қарсы алуға тырысамыз. Дастарқанымызды қазақтың ұлттық тағамдарына толтырамыз. Әкемнің аға-інілері барлығы дерлік тағдырларын қазақ қыздарымен байланыстырған, сондықтан болар, қазақы салт бізге таңсық емес. Тіпті атам мен әжем (дүнген халқының өкілдері) Қытай елінде тұрғанда да Наурыз мерекесін тойлаған екен. Айтуларынша, олар бұрын бұл мерекені сәуірдің он төрті күні атап өтетін болған,- деген Меруерт Әлиева аралас некелі отбасының баласы болса да, қазақы ырым-тиымдар мен салт-дәстүрді ананың сүтімен бойына сіңіргенін жеткізді. Сонымен бірге ол ұлттық тағамдар жайлы ойын тарқатты.

 

-Біз мәмпәр, момы, лағман, күріштен жасалатын гәнфән сынды ұлттық тағамдарымызбен қоса, қазақтың құрты мен ірімшігін, қазы-қарта, жал-жаясы мен етін, бауырсағын әзірлеп, дастарқанымызды әсемдейміз. Ұлыс күні наурыз көже пісіру де — отбасылық дәстүр,- дейді Меруерт.

Байқағанымыздай, әулет мерекені ерекше ықыласпен тойлайды. Меруерттің айтуынша, мереке тойлаудың өзі еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың арқасы.

— Әр күн, әр сәт сайын бір аспан астында қаншама ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқандықтарын көріп, қуанамыз. Еліміздің дамып келе жатқандығын байқап, марқаямыз. Қанымыз қазақ болмаса да, жанымыз қазақ. Қазақстан — біздің ортақ  Отанымыз. Қазақ ұлты кеудемізден қаққан емес, қайта қолдап, қолпаштап, қазақылық кеңпейілділік танытумен келеді. Тыныштық пен татулықта, бейбітшілікте алаңсыз өмір сүріп отырғандығымыз береке мен бірлікте деп білемін. Келе жатқан сайлау науқанында қазақстандықтар белсенділік танытып, бірлігімізді көрсетеміз деп ойлаймын, — деп дүнген қызы ойын қорытындылады.

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

2 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

7 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

7 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

7 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС