Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТАТУЛЫҚТЫҢ, ІЗГІЛІКТІҢ МЕЙРАМЫ

20.03.2015
FacebookWhatsappTelegram

Наурыз – ерте заманнан бері қазақ жұртшылығы асыға күтетін жыл бастау мейрамы. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Осы күні халық таза, жаңа киімдерін киіп, ер адамдары бір — бірімен қос қолдасып, төс қағыстырса, әйелдер құшақтасып, бір—біріне игі тілектерін айтысқан екен. Ауыл ақсақалдары болса араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос — жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз— жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен деседі. Бұл мерекенің біздің ауыл үшін де маңызы зор.

{jcomments on}Бесқарағай ауданына қарасты шағын ғана Башкуль ауылында Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мерекесін бүкіл ауыл болып тойлау — жыл сайынғы дәстүрге айналған үрдіс. Жылда ауыл тұрғындарының арасында көктемнің осынау шуақты мерекесін ерекше атап өтуді жөн санап, бір жылы бойжеткендеріміздің арасында «Наурыз аруы» атты байқау ұйымдастырылса, келесі жылы ардақты ақ жаулықты аналарымыздың қатысуымен «Әжелер сайысы» өткізілді. Бұдан өзге де көшелер сайысы, яғни ауылымыздың 4 көшесі мерекеге айрықша дайындалып, қазан-ошақтарын құрып, самауырдың буын бұрқыратып, қазақ халқының ұлттық тағамдарын дайындап, ән салып, би билеп Наурыз мерекесінің мерейін асыр- ған болатын, сонымен қатар мектепте де «Тұсау кесу», «Қыз ұзату», «Бесікке салу», «Сүндет той», «Шілдехана» сынды  қазақтың салт-дәстүрлерін айшықтайтын көріністер көрсетіледі.

 

Әр жолы Наурыз мерекесін қарсы алуға арналған іс-шаралар  жоғары деңгейде ұйымдастырылады. Башкуль ауылында тұратын әртүрлі ұлт өкілдері өте ұйымшылдықпен қазақ халқының салт-дәстүрлерін көрсетіп қана қоймай, мәде-ниетін дәріптейді, Наурыз мерекесінде ағайын-туыс бірін — бірі құттықтап, сыйлы қонақтарына ақ дастарқаннан ас ұсынып, наурыз көжеден дәм татқызып, мерекенің тартымды өтуіне жағдай жасайды. Күн райына байланысты киіз үй тігіліп, алтыбақан құрылып, ұлттық киіммен келген қыз-қырқын мерекенің ажарын ашатындығы сөзсіз. Башкуль ауылында Наурыз мерекесін өткізуге шаруа қожалықтарының басшылары мен кәсіпкерлеріміз демеушілік көрсетіп, қолдау танытып тұратындығын да  атап өтпеске болмас.

 

Осы күні «Теңге алу», «Аударыспақ», «Қазақша күрес», «Арқан тарту», «Бәйге»  сынды  ұлттық ойындарға қатысып, ептілігімен танылып, ауылдастарының ықыласына бөленіп жүрген Жасталап Жұмажановты, үздік бапкер ретінде Думан Жұманалинді, ұлттық қолөнерді жетік меңгеріп қана қоймай, кейінгі ұрпаққа тоқыма тоқуды үйретіп жүрген Әсия Хасанова апайды, ұлттық тағамдарды баппен, дәмді етіп әзірлейтін  Фарида Құрманова сынды әпкелерімізді айрықша атағым келеді. 

Бүгінгі таңда Башкуль ауылында Наурыз мерекесіне дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Арнайы бағдарлама дайындалып, мерекелік іс-шараны атап өтуге ауыл тұрғындары тегіс жұмылдырылуда. Жер — дүниені жаңартып, көктемді ерте келетін Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі — құтты болсын! Сіздерге шынайы көңілмен бақыт-береке, ашық аспан, игілік және табыс тілейміз.

Люция ХАМИТОВА,

«Башкуль» татар мәдени

орталығының мүшесі.

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

2 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

7 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

7 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

7 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС