Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЕМДЕУ САЛАСЫНДА ЖАҢАЛЫҚ КӨП

20.03.2015
FacebookWhatsappTelegram

Кез келген мемлекеттің басты байлығы – дені сау халқы. Бұл ерекшелікті ескерген мемлекетіміз медицина саласына деген қолдауды жыл сайын арттыра түсуде. Саланың дамуының тағы бір айғағы болар, соңғы бес жылда семейліктердің өмір сүру жасы ұлғайып, бала мен ана өлімі азайған.

{jcomments on}Нақты деректер мен цифрларға көз жүгіртсек, тұрғындардың орташа өмір сүру жасының ұзақтығы 66 жастан 69 жасқа артты. 2013 — 2014 жылдар аралығында ана өлімі орын алмай, жаңа туған нәресте өлімі 13,5-тен 11,2 көрсеткішке дейін төмендеді. Сонымен қатар туберкулезбен ауыратындар саны да 116,0 — ден 77,3 пайызға кеміген. Осыдан Семейдің медицина саласының серпінді дамуын анық аңғаруға болады. Әлбетте, статистикалық мәліметтердің біз қуанарлықтай нәтиже беруі де орынды. Себебі жыл сайын жаңа медициналық нысандар бой көтеріп, заманауи құрылғылармен қамтамасыз етіліп, ақ халаттылардың  тарапынан халық денсаулығын жақсартуға қосымша мүмкіндіктер жасалып отыр.

2014 жылы мемлекеттік «100 аурухана» бағдарламасы аясында құны 10371,9 млн. теңге болатын 300 орындық жедел медициналық жәрдем ауруханасы іске қосылса, «350 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы» атты бағдарлама арқылы Приречное ауылында құны 75,5 млн. теңге болатын дәрігерлік амбулатория есігін айқара ашты. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалардан бөлек, қаламызда мемлекеттік — жекеменшік серіктестік аясында да көңіл қуантарлық істер бар.

Сауд Арабиясы Корольдігі мен ШҚО әкімдігі бекіткен меморандум нәтижесінде өткен жылдың күзінде 80 орындық туберкулезге қарсы балалар ауруханасы қолданылуға берілді. Сондай-ақ өңірлік онкологиялық диспансердің жанынан ашылатын брахитерапия, магнитті — резонансты томограф, референс — зертхана және өзге заманауи құрылғылармен қамтамасыз етілетін, медициналық холдингтер қатарына енетін ядролық медицина орталығының құрылысы аяқталуға жақын. Құрылыс жұмысына 7925,5 млн. теңге бөлінген бұл орталық Шығыс Қазақстан және Павлодар өңірінің халқына қызмет көрсететін заманауи жетілген еліміздегі бірден — бір орталық  болады деп күтілуде. Айта кетерлігі, ТМД бойынша Ресей мен Беларусь елдерінде ғана бар радионуклидті терапия Семей қаласындағы, осы ядролық медицина орталығынан ашылады деп күтілуде. Осындай қол жеткізген жетістіктерден –ақ Семей қаласының медицина саласы «брендке» айналғанын аңғарамыз.

 

Қазіргі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ШҚО әкімдігі, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы, МАГАТЭ ұйымы, СММУ бірлесе атсалысуымен Семейде радиологиялық кластер құрылу жоспарлануда. 2015 жылы жедел медициналық жәрдем стансасының құрылысы аяқталса, денсаулық сақтау саласындағы жағымды жаңалықтарды толықтырып,  медициналық даму шеңберімізді кеңейтері анық. Бұл жетістіктермен қоса, гематологиялық және перинаталдық орталықтардың құрылысы да жоспарда бар.

 

2014 — 2015 жылы Знаменка ауылы мен Бобровка кентінде дәрігерлік амбулатория салу көзделуде. Знаменка ауылындағы амбулатория құрылысы биылғы жылы аяқталады деп жоспарланса, Бобровка кентіндегі амбулатория құжаттары әзірленіп, ШҚО экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне жіберілген.

Мемлекеттік медицина университетінің медициналық орталығында нейрохирургиялық және қан тамырлары ауруларына жоғары технологиялы медициналық емдеу көрсетіледі.  Науқастарды диагностикадан өткізу және емдеу ісіне жаңа технологиялар енгізілген. 2013 жылы кардиохирургия бөлімі ашылып, өткен жылдың қорытындысы бойынша 889 коронарография жасалған.

2013 жылы мамырда өңірлік туберкулезге қарсы диспансерде «Gen-Xpert» құрылғысы арқылы методикалық әдіс енгізілді. Бұрын науқасқа дәрі тағайындау оңтайлылығы екі немесе төрт ай аралығында бақыланса, бұл құрылғы екі сағатта науқасқа диагностика жасап, қандай дәрі — дәрмек қолдану керектігін лезде анықтауға мүмкіндік береді.

Семей қаласының жедел медициналық жәрдем стансасына 2014 жылы тұңғыш рет тікұшақ берілді. 2015 жылдан бастап тікұшақ АН-2 ұшағына алмастырылды. Санитарлық авиация мамандары 2014 жылы 262 адамға жәрдем жасады. Бұл қала және алыс-жақын аудан халқына жедел, уақтылы және сапалы қызмет көрсетіп, оқыс оқиғаларда адам жанын аман алып қалуға мүмкіндік мол екендігін аңғартады.

Міне, осы жетістіктердің барлығы дерлік ұлт саулығының артуына, халықтың өмір сүру жасының ұзаруына жол ашады. Бір сөзбен айтсақ, Семей қаласының медициналық саласында серпінді даму бар.

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

2 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

7 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

7 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

7 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС