Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

МАШИНА ҚҰРАСТЫРУ – МАҢЫЗДЫ САЛА

20.03.2015
FacebookWhatsappTelegram

Машина жасау – ел экономикасын дамытуда маңызды рөл атқаратын секторлардың бірі. Аталмыш саланы өркендету бағытында көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Бұл ретте Семей өңірінде машина жасау саласының дамып келе жатқанын айта кеткен жөн. «Семей машина құрастыру зауыты» акционерлік қоғамы мен «СемАЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысы соның нақты дәлелі бола алады.

{jcomments on}«Семей автоқұрастыру зауытында» жасалатын техниканың бірі – тракторлар. Бүгінгі таңда кәсіпорында тракторлардың 8 түрі және      оларға қажетті құрылғылар құрастырылады. Зауыт басшысы Әсемхан Серікханұлы биыл 1500 дана трактор құрастыру жоспарланып отыр-ғанын айтады. Сондай-ақ ол ауыр салмақты жүк тасымалдаушы «Шансиман» маркалы көліктерді құрастыру желісі жұмыс істейтінінен де мағлұмат берді. Биылғы жылға мұндай техниканың 700-800 бірлігін жасап шығару межеленген көрінеді. Кәсіпорында құрастырылатын көліктердің арасында орта тоннажды «Fothon» маркалы жүк көлігі бар. Ағымдағы жылы техниканың бұл түрі бойынша шығарылатын өнім санын 500-600-ге дейін жеткізу көзделген. 

— Біздің кәсіпорында жол талғамайтын «Урал» маркалы көліктерін жасау қолға алынған. Жалпы, техниканың бұл түрі қатынау қиын жерлерде пайдалануға өте ыңғайлы болып табылады. Сондықтан әскерилер тарапынан, мұнай саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар тарапынан үлкен сұранысқа ие,- дейді «Семей автоқұрастыру зауыты» ЖШС-нің бас директоры.

Жүк көліктерінен басқа, «СемАЗ» кәсіпорнында автобустардың 5, 8, 9, 11 метрлік бес түрі құрастырылады. Сондай-ақ газбен жүретін автобустарды шығару қолға алынбақ.

 

Кәсіпорынның былтырғы жұмысының нәтижесіне тоқталсақ, 2014 жылы зауытта 15,5 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Жалпы алғанда, былтыр жуық мөлшермен 13,5 миллиард теңгенің өнімі сатылған. Бұл реттегі көрсеткіштің 2013 жыл-ғымен салыстырғанда 2,5 есеге  артқанын да айта кеткен жөн.

 

Әсемхан Серікханұлы зауытта Қазақстандық мазмұнды арттыруға көп көңіл бөлініп жатқанын айтты. Қазірдің өзінде бұл көрсеткіш орташа есеппен алғанда кәсіпорында құрастырылатын техника құнының 35-40 пайызын құрайтын көрінеді. Зауыт басшысы аталмыш бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта  жалғасын табатынын тілге тиек ете келе, бүгінде кәсіпорында 300-ге тарта маман еңбек ететінін атап өтті.

Өңіріміздегі машина құрастыру саласында жұмыс істеп келе жат- қан ірі кәсіпорынның тағы бірі – «Семей машина құрастыру зауыты». Кәсіпорынның жұмысының негізгі түрлері – экономиканың әртүрлі салаларына қажетті техника түрлерін жасап шығару, сату, жөндеуден өткізу, сервистік қызмет көрсету. «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының құрамына енетін зауыт әскери-техникалық әріптестіктің қатысушысы болып табылады. Мұнда қазіргі таңда шынжыр табанды техниканың бірқатар түрлері, теміржол техникасы, сондай-ақ қозғалтқыш құраманың қосалқы бөлшектері жасалады. Кәсіпорын қабырғасында «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның тапсырысы бойынша жөндеу деполарының тұтынушылары үшін жартылай жүк вагоны люгінің қақпақтары жасалуда. Сондай-ақ зауытта шаруашылыққа қажетті көліктер мен әскери техниканың бірқатар түрлері құрастырылады.

Кәсіпорын 2013 жылы Қазақстанда бірінші болып импорталмастыру бағдарламасы аясында «МАЗ-892600» маркалы жүк көліктерінің тіркемелерін жасауды қолға алды. Сонымен қатар зауытта шынжыр табанды қозғалтқыштың элементі –қар мен батпақта жүретін көлік пен жаяу әскердің ұрыс көлігіне арнал-ған ГТ-СМ маркалы полиуретанды бүрі бар тірек катогын жасауды меңгерді.

2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында «Семей машина құрас-тыру зауыты» АҚ-ның құрылымы жаңартылып, техникалық тұрғыда қайта жабдықталу мен өндірісті жаңғырту жүзеге асырылды. Мұның өзі кәсіпорынның тұрақты дамуы мен шығарылатын өнім сапасының           артуының кепілі бола алады.

«Семей машина құрастыру зауыты» АҚ «Минск автомобиль зауыты» АҚ-мен тығыз әріптестік байланыс орнатқан. Былтырдан бері мұнда «МАЗ» және «КамАЗ» маркалы автокөліктеріне арналған транспорттық тіркемелерді шығару қолға алынды. Ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру игерілуде.

Сонымен қатар «МАЗ» маркалы автотехникасын құрастыру өндірісі» жобасын қаржыландыру туралы шешім қабылданған. Бұл мақсаттағы жұмыстарды атқаруға бас компания тарапынан 1,5 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлінген. Оның 600 миллион теңгесі өндірісті жөндеуге, ал қалған бөлігі заманауи құрылғыларды сатып алуға жұмсалмақ. Кәсіпорынды қайта жаңғыртудан өткізгеннен кейін, тартқыш көліктерді, «МАЗ» маркалы бортты автокөліктерді құрастыру қолға алынып, жобалық қуаты 7 млрд.  теңгеге жуық болады деп жоспарлануда. Бұл жобаның локализациясын жүзеге асыруға қажетті құжаттарды белоруссиялық серіктестер берді. Сондай-ақ таяу арада кәсіп-орында мектеп автобустарын   құрастыруды қолға алу жоспарланып отыр.

Өткен жылдың желтоқсан айында «Семей машина құрастыру зауыты» АҚ-мен «CNHTC» мемлекеттік корпорациясы арасында әріптестік жөнінде меморандумға қол қойылды (Шыңжаң қаласы, ҚХР). Келісім-шарт алдағы уақытта әріптестік байланыстарды, оның ішінде Қазақстанда «HOWO»  автотехникасын құрастыруға арналған өндіріске қажетті жағдайларды ұйымдастыру бойынша әріптестік байланыстарды нығайтуға бағытталған.

Тараптар біздің кәсіпорында  автокөлік пен тіркеме техникасын жасауда Қазақстандық мазмұнның барынша жоғары деңгейін қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасының заңнамалық жүйесінің талаптарына сәйкес автокөлік және тіркеме техникасының қосалқы бөлшектерінің өндірісін ағымдағы жылы 30 пайызға дейін және 2017 жылы 50 пайызға локализациялауға келісті.

Қызметкерлердің жоғары біліктілігі, басқарудың заманауи әдістері, сапа кепілдігі, тұтынушылар мүдделерінің ескерілуі, келісімшарттық міндеттемелердің қатаң орындалуы, икемді баға саясаты – осының бәрі «Семей машина құрастыру зауытына» өзінің машина құрастыру нарығындағы позициясын нық ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

2 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

7 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

7 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

7 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС