Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЕРЛІКТІ ДӘРІПТЕУ — ҰРПАҚ БОРЫШЫ

28.03.2015
FacebookWhatsappTelegram

«Ақылдастар»  ауыл ардагерлері қоғамдық ұйымының ардагер қарияларының ұйымдастыруымен Жеңістің 70 жылдық мерейтойнына орай «Ерлікті дәріптеу — ұрпаққа сын» атты қалалық мектеп оқушылары арасында байқау өтті.

{jcomments on}Байқаудың мақсаты — Семей өңірінен 1941 — 1945 жылдары неміс басқыншылары тұтқиылдан, ескертусіз бастаған сұрапыл соғысқа Қазақстаннан аттанып, Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған батырларымыздың ерлігін ұлықтау. Олардың өмір жолын, майдандағы көрсеткен ерлігін зерттеп, танып — білу және оны жастарға үлгі — өнеге етіп насихаттау. Семей қалалық ішкі саясат және білім бөлімдерінің қолдауымен байқаудың толық ережелері екі ай бұрын мектептерге беріліп, байқау жуырда № 35 жалпы орта білім беретін мектепте қорытыланды. Байқаудың жоғары дәрежеде өтуіне толық мүмкіндік жасаған мектеп ұжымы мен директоры Райгүл Жұмақановаға алғысымызды білдіреміз.

Байқауға қатысуға 10 мектеп электрондық пошта ар-қылы тапсырыс беріп, 9 мектеп қатысты. Әр мектеп өз қалаулары бойынша Кеңес Одағының Батырлары — Қойгелді Ауқадиев, Мұқатай Әбеуілов, Серікқазы Бекбосынов, Зәкәрия Белібаев, Жанғазы Молдағалиев, Айткеш Ибраев, Махмет Қайырбаев, Кенжебек Шәкенов, Қапай Ысқақов және толық «Даңқ», Орденінің иегері Фазыл Әділбаев сынды батыр бабаларының біреуін таңдап алып, жан — жақты зерттеу жүргізді. Байқауға дайындалған топ өздерінің жетекшілерімен бірге батырларды білетін жақын — жуықтарымен және олармен қарым-қатынаста болған қариялармен кездесіп, естеліктер жинақтаған.

 

Мысалы, № 39 жалпы орта білім беретін мектеп тобы Кеңес Одағының Батыры Серікқазы Бекбосыновты таңдап алып, «Батырды ғасырдан ғасырға паш етеміз» деген тақырыпта бүктеме шығарып, бір топ өңірден шыққан батырлардың суреттерін бас- қан.  «Мақсатымыз — ерлікті дәріптеу, ой-өрісімізді дамытып, ерліктің мәнін ұғындыру»,- дейді бүктеме авторлары. № 22 жалпы орта білім беретін мектеп тобы да үлкен дайындықпен келгенін дәлелдеді. Бұлар «Ел үмітін  ер ақтар, Ер атағын ел сақтар» деген тақырыпта  альбом жасап, өз өнерлерін жан — жақты көрсете білді.               №№ 38, 27 жалпы орта білім беретін мектептің «Мұрагер»  тобы (жетекшілері А. Аязбаева, А. Садуақасова) «Өлмейтін ерлігіңді дәріптейміз, Өнеге өміріңе еліктейміз» тақырыбында Кеңес Одағының Батыры Зәкәрия Белібаевтің соғыста көрсеткен ерліктері мен елге оралғаннан кейінгі еңбек жолына, өміріне арнап,  батырдың ел арасына аңыз болған батырға лайық аңғалдық  мінездері мен қызықты оқиғаларымен бөлісті.

 

Әділ қазылар алқасы байқауға қатысушы оқушылардың шығармашылық өнерлерін тыңдап, бүктеме, альбом, слайдтарын көріп, байқаудың қорытындысын шығарды.   I орын   № 39 жалпы орта білім беретін мектеп,  II орын  № № 22, 38 жалпы орта білім беретін мектеп ұжымдарына берілсе, III орынды № № 27, 11 жалпы орта білім беретін мектептер еншіледі.

Сайысқа қатысқан №№ 16, 30, 33, 42 мектеп оқушылары «Жас ізденімпаз», «Жас зерттеуші», «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран», «Ер есімі ел есінде» номинациялары бойынша алғыс хаттармен марапатталды.

Патриоттық, отаншылдық байқауына қатысқан оқушылардың тақырыпты зерттеп ашуға деген ынталары мен қызығушылығы, құлшынысы жоғары екенін байқадық. Әлі де болса балалардың дайындығын тереңдете, жетілдіре түсу керектігі де байқаудың қорытындысында айтылды. Қорыта айтқанда, байқаудың жас ұрпаққа да, қатысып тамашалаған  ұстаздар қауымына да ой салар тағылымды шара болғаны анық. Әрбір мектепте осындай сайыс-байқаулар өткізіліп тұрса, жас жеткіншектің ой — өрісі жан — жақты дамып, шыңдалып, білімді, рухы биік ұрпақ қалыптасуына мүмкіндік жасалады.

Сағындық БЕЙСЕНБАЕВ,

«Ақылдастар» ауыл ардагерлері қоғамдық ұйымының төрағасы.

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 день назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС