Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӨҢІР ТАРИХЫНЫҢ ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕСІ МОЛ

28.03.2015
FacebookWhatsappTelegram

Семейліктердің мақтанышына айналған ірі кәсіпорындардың өткен ғасырдың 30 — 80 жылдардағы тарихы, маңдай терін төгіп, ұрпағының болашағы жолында аянбай еңбек еткен тұлғалардың өнегелі істерін бүгінгі жастар біле бермейтіні анық.  Осы олқылықтың орнын толтыра түсу, жастарға еңбектің қадірі мен болашақ үшін маңызын көрсету мақсатында Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Тарихымыздың беттері» атты көрме ашылды.

{jcomments on}Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған аталмыш көрмеде музей қорының ұзақ жылдар бойына жинаған жәдігерлері — кәсіпорындардың шығарған бұйымдары, марапат құжаттары, фотосуреттер орын алған.

Музей директоры Бекен Теміров өз сөзінде  осы шараның ерекшелігіне тоқтап, өткенсіз тұрақты болашақтың болмайтынын, көрмеде бірнеше ұрпақ бастан кешірген кезең, болашақтың жар-қын күні жолындағы қажырлы еңбектің көрсетілгенін атап өтті.

Көрмеде ет — консерві комбинаты, Түрксіб темір жолының құрылысы мен магистралінің бөлімдері, тері — мех бірлестігі, цемент зауыты мен құрылыс индустрия кәсіпорындары, жүн өңдеу мен тоқыма фабрикалары, кеме жөндеу және кабель зауыттарының тарихы  баяндалады. Олармен бірге тігін және аяқ киім фабрикалары сияқты қуаты шағын, бірақ қала үшін маңызы зор мекемелер де бар.

Тарихқа көз жүгіртсек,  соғыс жылдары бірнеше кәсіпорындар қаламызға қоныс аударған — ды. Соғыстан кейін ел еңсесі көтерілген тұста жаңа кәсіпорындар салына бастады. Осы ретте қала экономикасын дамытуға үлкен үлес қосқан арматура зауыты, тоқыма — шұға бірлестігі, «Казахкабель», силикат зауыттары, сыртқы трикотаж фабрикасы, көлік жөндеу зауыты, ұн — жем комбинаттарын айтуға болады.

 

Көрменің екінші бөлімі ауыл шаруашылығының даму кезеңін көрсететін деректер, шаруа қожалықтарын ұжымдастыру мен ірі колхоз — совхоз өндірістерінің құрылу тарихына арналды. Абай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Шұбартау және өзге де  аудандардың Социалистік Еңбек Ерлері жеке бөлімде көрсетілді.

 

Көрменің тұсауын кесу құрметі қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов және Семей қаласының Құрметті азаматы, Калинин аудандық партия комитетінің бірінші  хатшысы болған Қажығұл Тоқабаев ақсақалға берілді.

Көрмеге сонымен бірге музейдің кітап қорындағы өңіріміздің ауыл шаруашылығы мен экономикасына қатысты кітаптар қойылды. Оның ішінде қаламызда қарқынды жұмыс істеген кәсіпорындар, 80 жылдық тарихы бар Семей ет — консерві комбинаты, «Большевичка», сыртқы трикотаж, галантерея, аяқ — киім  фабрикаларының өнімдері,  сонымен бірге музей қорында  ұзақ жылдар сақталған 1920 — 1980 жылдар аралығындағы тулар болды.

Зал төрінен орын алған бұл тулардың әрқайсысы еліміздің басынан кешірген талай тарихи оқиғалардан сыр шертеді. Ішіндегі ең көнесі, ғасырға жуық тарихы бар «Айрықша міндеттегі бөлім» (Часть особого назачения) партизан отрядтарының туы. Онда мынадай жазулар бар «Отдельному стрелковому батальону Семгубчека от Семипалатинского губкома Р.К.П. и Губернского исполкома Советов. «Через диктатуру пролетариата к торжеству коммунизма». Бұл тулардың көбі кәсіпорындар, колхоздар мен совхоздарда өнім сапасын арттыру мақсатында жүргізілген социалистік жарыстардың жеңімпаздарына,  үздік бригадаларға берілген.

2015 жылдың 18 наурызында  ашылған «Тарихымыздың беттері» көрмесі мамыр айына дейін жалғасады. Семей өңірінің өткенінен сыр шертетін тағылымы мол көрмені көреміз деуші тұрғындар мен қала қонақтарын асыға күтеміз.

Шынар САДЫҚОВА,

Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы.

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 день назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС