Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚЫМЫЗ ӨНДІРІСІ ӨРКЕНДЕП КЕЛЕДІ

31.03.2015
FacebookWhatsappTelegram

Қымыз – ауруға ем, сауға қуат. Халқымыздың ғасырлар бойы үздіксіз пайдаланып келе жатқан ұлттық сусынының бұл күнде қандай сұранысқа ие екені белгілі. «Қымыз десе, тамсанбайтын қазақ жоқ». Ұлттық сусынның дүкен сөрелерінде саудалануы да көңіл қуантады. Әлбетте, қазіргі денсаулыққа кері әсері бар түрлі сусындармен шөл басатындардың қымыздың пайдасын пайымдай бастауын да ынтымақ пен жасампаздықтың дәуірімен байланыстыруға болатындай.

{jcomments on}Осы ретте Үржар ауданында қымыз өндірісі өркен жайып келе жатқан жайы бар. Жуырда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы барлық сауда желілерінде отандық тауарлар секциясы пайда болу үшін,  «Қазақстанда жасалған» акциясына үн қосуды атап өтті. Үржар ауданының Науалы ауылындағы «Ақберлі» шаруа қожалығы да бұл идеяны қолдап, аталмыш акцияға үлес қосып жатыр.

Қымыз өндіріп, халыққа сапалы және қолжетімді тауарды ұсынуды мақсат еткен «Ақберлі» шаруа қожалығы 2012 жылы мамыр айында ашылған. Алғашында бірнеше азамат қолда бар бірнеше биені қосып, тәуекел деп қымыз өндіруді бастап кеткен. 2013 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында 33 миллион теңге несие алып, шаруашылықты одан әрі дамытуға мүмкіндік алған көрінеді. Қазір мұнда 12 адам еңбек етуде. Шар-уашылық басшысы Әнуар Мұхаметханов жұмыс барысы жайлы былай дейді:

— Бүгінде күніне 300 литрдей қымыз өндіреміз. Жалпы, 2014 жылы  123 тонна қымыз өндірдік. Өзіміздің жылқылардікінен бөлек, бие байлап отырған аудандағы басқа да азаматтардың әкеліп тапсырған сүтін қабылдаймыз. Көбіне, келісім бо-йынша, ақысы малмен төленеді. Тіпті үйіндегі биесінің сүтін бізге үзбей тапсырып, 3 — 4 құлын ал-ған азаматтар да бар. Қымызды күбіде пісіп, арнайы ыдыста жетілдіріп, құтыларға құйып, сауда орындарына жібереміз. Құтыларды әзірше Алматыдан сатып алып отырмыз. Себебі өндіріс қуатын тәулігіне бір тонна қымыз шығаратын деңгейге жеткізіп алмай, оларды жасайтын бөлек цех ашу тиімсіз.

 

Айта кетерлігі, қожалықтағы Қамбар ата төлінің барлығы  қазақы тұқымды жылқылар.  Әнуар  Абылқақұлының айтуынша, мұның өзіндік себептері жоқ емес.

 

— Біріншіден, қазақы жылқылар, біздің ауа райына бейімдеуді аса қажет етпейді. Екіншіден, асылдандырылған жылқы малының басқа түрлері етті бағытта ғана жетілдірілген. Демек, олар қазақы жылқыға қарағанда сүтті аз береді. Сондықтан Қамбар атаның асыл тұқымдысына ойыспай, қазақы жылқының көп болуына баса мән беріп отырмыз, — деді қожалық басшысы.

Бүгінде «Ақберлінің» қымызы, Үржар ауданынан бөлек, облыс көлемінде саудаға шығарылып отыр. Болашақта өндіріс көлемін арттыру көзделуде.

— Қазіргі күні барлығы 85 бас жылқы ұстап отырмыз. 2014 жылы қымыз, шұбат өндірісін дамыту мақсатында шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасымен бірнеше адам бірігіп 31 млн. теңге несие алдық. Қолда бар қаражатқа 54 бас құлынды бие, 24 түйе алып, 2015 жылдың мамыр айынан бастап қымыз өндірісін көбейтіп, қосымша шұбат өндірісін де өркендету ойда бар, — дейді Әнуар Мұхаметханов.

Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын ұтымды пайдаланып отырған шаруа қожалығының қымыздары бүгінде «Қазақстанда жасалған» белгісімен шығарылып отыр. Өндіріс өркен жайса, шекара асып, шетел нарығына да қазақстандық қымызды шығару жоспарда. Мемлекет басшысының жұмыс орындарын қысқартпау жөніндегі тапсырмасы қожалық басшыларының жадында. Айтуларынша, көктемнен бастап жұмысшылар санын 20-ға арттыру көзделіп отыр. Мемлекеттік бағдарламаның игілігін көріп, шаруасын дөңгелетіп отырған «Ақберлі» шаруа қожалығының бұл қадамы сәл де болса аудан экономикасының артуына, жұмыссыздықтың қысқаруына септігін тигізбек. Ең бастысы — қымыздары Қазақстанда   жасалған!

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 день назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС