Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫНА МҮМКІНДІК МОЛ

31.03.2015
FacebookWhatsappTelegram

Қарағайлы өлке  Бесқарағай ауданының 35 пайызын орманды алқап алып жатқаны белгілі. Осынау табиғат-ананың бізге берген сыйын сақтау мақсатында аудан қарамағында «Семей орманы» МОТР ММ иелігіндегі 6 орман шаруашылығы жұмыс жасайды. Орманды алқаптарды зерттеу, есепке алу, ағаштарды зиянкестер мен түрлі аурулардан қорғаумен қатар, орманды қалпына келтіру шараларымен шұғылдану да олардың басты міндетіне кіреді. Осы бағытта орман шаруашылығының қызметкерлері ауданда аянбай жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

{jcomments on}Бүгінгі күнге дейін орманды алқаптың 130 мың гектарының отқа оранып, аяусыз кесілгені де жасырын емес. Бұл олқылықтардың орнын толтырып, жасыл желектерді жайқалтуға мемлекет тарапынан бүгінгі таңда үлкен қолдау көрсетіліп отыр. Осы орайда елімізде тұңғыш рет қолға алынып, ауданға қарасты Қарамырза ауылында бой көтерген алып кешенді ауыз толтырып айтуға болады. Жуырда аудан әкімі Нұрлан Сыдықов құрылыс алаңына арнайы барып, жүргізіліп жатқан жұмыстарымен танысып қайтты. Өртенген орманды қалпына келтіру бойынша дәл осы шағын ауылда Канонерка филиалының қарамағында Дүниежүзілік банкінің «Орман қорын көбейтіп, табиғатты сақтау» жобасы жүзеге асырылуда. Яғни бүгінде Бесқарағай ауданына қарасты Қарамырза ауылында орманшылардың біршама жылдан бері көкейінде жүрген Орман тұқымы кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Бұл жобаға тапсырыс беруші ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылық Комитеті мемлекеттік мекемесі болса, бас мердігер Тараз қаласының «СК-Ретма» құрылыс компаниясы екенін айтып өткен жөн. Швеция технологиясымен қолға алынып, құрылысы 2013 жылдың қазан айында басталған кешен ағымдағы жылдың 30 мамырында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

 

30 жылдан астам уақыттан бері орман шаруашылығында жемісті еңбек етіп жүрген Н.Сағындықов кешеннің тиімділігі жайлы айтты.

 

— Орман тұқым кешенінің салынуы талай жылдан бергі арманымызға айналған болатын. Орман шаруашылығында 30 жыл еңбек етсем де, бұл саланың қыр-сырын әлі толық меңгермеген екенмін. Біз білмейтін нәрселер әлі де көп екен. Оның бірі — осы кешен. Мұндағы өртке оранған орманды алқаптарды қалпына келтіруге шамамен 40 жыл уақыт қажет болса, орман тұқымы кешені бұл уақытқа белгіленген ауқымды жоспарды екі есе жылдамдықпен атқаруға мүмкіндік береді. Мұндай кешендермен Швеция, Норвегия елдері   30 жылдан бері жұмыс жасап, орманды алқаптарын байытып үлгерген. Яғни, біздің олардан үйренеріміз көп, — дейді Н.Сағындықов.

Қарамырза ауылындағы «Семей орманы» Мемлекеттік табиғи орман резерватына арналған орман ағаш-тұқым тәлімбақ кешені және ағаш-тұқым станциясының жалпы аумағы 16,49 гектар жерге белгіленген. Бұл жобаға Дүние-жүзілік банкі 1 млрд. 300 млн. теңге көлемінде қомақты қаржы аударған. Оның 600 млн. теңгесі құрылыс жұмыстарына, ал 700 млн. теңгесі кешенге қажетті жабдыққа бөлінген.  2-3 жыл өсетін көшеттер арнайы тәсілмен 7-8 айда дайын болады, яғни орманшылар алдында орманды екі есе жылдамдықпен 15 жылда қалпына келтіру мүмкіндігі тұр.

Айта кету керек, кешен құрамында жылыжай, бүршік кептіретін орын, орман тұқымы станциясы, жеке кеңсе, жылу құбыры  барлығы қарастырылуда. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 70 па-йызы іске асырылып, қажетті жабдықтар да алынуда. Сонымен қатар аталмыш кешенге тұрақты жұмысқа 15 адам, ал мерзімді жұмысқа 50-ден астам адам жұмылдырылатын болады. Орман тұқымы кешені салынбас бұрын тәжірибе алмасу мақсатында Норвегия, Швеция, Ресей елдеріне де барып ол жақтардың жұмыс барысымен танысып қайтқан орманшылардың бүгінде мақсаттары ай-қын. Жұмыс барысымен Қарамырза ауылына ат басын тіреген аудан басшысы атқарылған ауқымды жұмысты өз көзімен көріп, көңілі толып, орманшылардың еңбектеріне жеміс тіледі.

Әсел ҚАСЫМҒОЖИНА,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 день назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС