Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТӨРТ ТҮЛІКТЕ ӨСІМ БАР

31.03.2015
FacebookWhatsappTelegram

Бүгінде Шыңғыстаудың бөктері төрт түлікке толы. Абай ауданы ШҚО бойынша ата кәсіптің абыройын асқақтатып, мемлекеттің жасап отырған қамқорлығы негізінде төрт түліктің басын көбейтіп келеді. Мұндағы жұрт бір түп жусанның артық шыққанын жақсы ырымға балайды.

{jcomments on}Қазіргі уақытта ауданда ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен айналысатын 512 шаруа қожалығы және 2467 жеке меншік қосалқы шаруашылық тіркелген. Аудан бойынша 2015 жылға  қой — ешкінің саны  283685, мүйізді ірі қара 43839, Қамбар ата тұқымы 24040, түйе — 152 бас-қа жетіп отыр. Осы мал басына сәйкес, өндірілген  өнім көлемі тірі салмақта: ет —  176,6 тонна, 2013  жылмен салыстырғанда 114,1 %- ға артты. Өткен жылы ауданда асыл тұқымды мал өсіретін  шаруашылықтардың саны 45-ке жетті. Қой малының тұқымын асылдандыру жұмысымен 26 шаруашылық айналысады. Асыл  тұқымды қой малының  үлес салмағы 19,5 пайызды құрайды.  Жылқы малын 16  шаруа  қожалығы өсіреді. Ірі қара малымен 3 шаруашылық  айналысуда. Бұл күнде асыл тұқымды ірі қараның үлес  салмағы 5,7 пайызды құрайды.

Айта кету керек, Абай ауданында мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін арттырып, тұқымдық түрлендіруге қатысқан шаруашылықтардың саны жылма-жыл артып отыр. Бұл тұрғыда мүйізді ірі қара малымен  2012  жылы 63 шаруашылық айналысса, 2013 жылы  бұл мақсатқа 131 шаруа қожалығы, 2014  жылы 156 шаруа қожалығы қатысты. 2013 жылы 1 басқа 14000 теңге төленген болса, 2014 жылы 1 бас аналыққа  төленетін субсидия көлемі 18000 теңгені құрады. Асыл тұқымды ірі қара малын сатып алу бо-йынша 2013 жылы 86 шаруа қожалығы 315 ірі қара малын сатып алған болса, 2014 жылы 105 шаруа қожалығы  аталмыш мақсаттағы 412 бас ірі қара малын сатып алды.

 

Қымызды өндіріп, сату бойынша 2013 жылы 3  шаруа қожалығы   98 тонна қымыз өндірсе, 2014  жылы 5 шаруа қожалығы қатысып, 160 тонна қымыз өндірілді.

 

Ал ойсыл қара тұқымын өсіру ауданымыздың Қасқабұлақ ауылында ғана қолға алынған. Ауылдағы «Қасқабұлақ» ЖШС-нің төрағасы Амантай Мұқатаев өз сөзінде түйе малын өсірудің өзіндік қиындықтарын атап өтті.

— Серіктестігімізде, ботасымен қоса есептегенде, 150-дей түйе өсіріледі. Бұрындары Семейдің жеңіл өнеркәсіп орындары үшін түйе жүні үлкен сұра-нысқа ие еді. Қазір тек шұбатқа ғана сұраныс бар. Алайда ауылымызда өсірілетін түйе санының аз болуына байланысты шұбат өнімін пайдалану, тұтыну тек үй ішінен, ауыл арасынан аспайды. Ойсыл қара тұқымы тек екі жылда ғана төлдейді. Жас туған ботаны жетілдірудің, аяғынан тік тұрғызудың өзі оңай емес. Сондықтан да түйе санының өсуі баяу. Түйе сүтінің ерекшелігі, емдік қасиеті жарнамаланып жатады ғой. Сондықтан болар, бізде тек шұбатқа ғана сұраныс бар. Ал түйе жүнін сатып алуға  тапсырыс беріліп жатса,  әрине, оны жақсылап қолға алып, дамытуға болар еді. Ұлан ауданындағы «Багратион» шаруа  қожалығының басшысы менен 10 бас түйе, Шемонайха ауданындағы «Камышевское» шаруа қожалығының басшысы 4 түйе  сатып алған болатын. Осылай  сатып алуға ниет білдіретін жандар ара-тұра кезігіп тұрады. Жалпы, түйе басын көбейту мақсатында жүйелі жоспарларымыз бар,- деп атап өтті «Қасқабұлақ» ЖШС-нің төрағасы Амантай Мұқатаев.

Иә, мал басын көбейту де, оның көл — көсір өнімін кәдеге жарату да шешімін тапқан оңай шаруа емес. Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шар-уашылығы бөлімінің бас маманы Қуаныш Байғабыловтың айтуынша, ауылшаруашылық тауар өндірушілер өндірген ет, жүн, сүт, тері өнімдерін өңдейтін цехтардың, арнайы кәсіпорындардың жоқтығы қолда бардың сыртқа шығуына себеп болып отыр.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша  2011 — 2013  жылдары 42 шаруа қожалығы 1941 бас ірі қара малын сатып алса, 2014 жылы 7 шаруа қожалығы  несие қаражатына 390 бас мүйізді ірі қара малын сатып алды. 2015 жылға «Алтын асық» бағдарламасы бойынша  Көкбай ауылынан «Ақжол»  шаруа қожалығы 5 млн. теңге, «Сыбаға» бағдарламасымен Қасқабұлақ, Кеңгірбай би ауылдарынан 3 шаруа қожалығы 32 млн. теңге, «Құлан» бағдарламасына 1 шаруа қожалығы 8 млн. теңге несиесіне кепілдік құжат өткізді. Бүгінгі күнде  кепіл құжаттарымен жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Облыстық басқарма арқылы шөп шабу, жинау жұмыстарына  өткен  жылы 180 тонна   арзандатылған дизель отынына сұраныс беріліп, уақытында игерілді. Өткен жылы екінші рет республика көлемінде «Шыңғыстау» жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңке аудандағы мал   шаруашылығын дамытуда, мал тұқымын асылдандыруда жаңа серпін берді. Оған ШҚО мен көршілес Павлодар, Ақмола, және Қарағанды облыстарынан шаруа қожалықтары қатысып, қызығушылық танытып қайтты.

Абай аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің мәліметі негізінде дайындаған

Бұлбұл ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ.

Связанные новости

Спасатели области Абай напомнили правила безопасного отдыха у воды

09.06.2026
Спасатели области Абай напомнили правила безопасного отдыха у воды

В области Абай к летнему сезону определены 16 официальных мест для купания, усилены меры безопасности на водоёмах и организовано круглосуточное...

Читать далее ...

Санитарное состояние мест отдыха в области Абай находится под постоянным контролем

09.06.2026
Санитарное состояние мест отдыха в области Абай находится под постоянным контролем

В области Абай продолжается работа по обеспечению безопасности жителей в период летнего сезона отдыха. Об этом на площадке Региональной службы...

Читать далее ...

Более 2,4 тысячи жителей области Абай признаны банкротами: что изменилось в 2026 году

09.06.2026
Более 2,4 тысячи жителей области Абай признаны банкротами: что изменилось в 2026 году

С момента запуска института банкротства физических лиц в Казахстане жители области Абай подали свыше 12,5 тысячи заявлений на внесудебное банкротство....

Читать далее ...

Экочас провели в столичной библиотеке для дошколят

08.06.2026
Экочас провели в столичной библиотеке для дошколят

В столичной Детской библиотеке №7 прошел информационный час «Экология – табиғат жүрегі», передает официальный сайт акимата Астаны. Мероприятие было организовано...

Читать далее ...

«Таза Қазақстан»: молодежь провела экологическую акцию в Астане

08.06.2026
«Таза Қазақстан»: молодежь провела экологическую акцию в Астане

В Астане в рамках экологической акции «Таза Қазақстан» прошли очередные работы по очистке территории. Мероприятие, организованное по инициативе акимата района...

Читать далее ...

«Асыл бесік – Ақсуат»: фестиваль, объединивший спорт, искусство и духовные ценности

08.06.2026
«Асыл бесік – Ақсуат»: фестиваль, объединивший спорт, искусство и духовные ценности

В Аксуатском районе области Абай состоялся спортивно-культурный фестиваль «Асыл бесік – Ақсуат», который собрал участников и гостей со всех уголков...

Читать далее ...

Новости

Спасатели области Абай напомнили правила безопасного отдыха у воды

23 часа назад

Санитарное состояние мест отдыха в области Абай находится под постоянным контролем

1 день назад

Более 2,4 тысячи жителей области Абай признаны банкротами: что изменилось в 2026 году

1 день назад

Экочас провели в столичной библиотеке для дошколят

2 дня назад

«Таза Қазақстан»: молодежь провела экологическую акцию в Астане

2 дня назад

«Асыл бесік – Ақсуат»: фестиваль, объединивший спорт, искусство и духовные ценности

2 дня назад

В рамках республиканской программы «Таза Қазақстан» на побережье озера Алаколь состоялся экологический форум «EcoQadam».

2 дня назад

В Аксуатском районе проходит спортивно-творческий фестиваль «Асыл бесік – Ақсуат»

4 дня назад

В области Абай усилены профилактические мероприятия по противодействию наркотикам

5 дней назад

Область Абай активно развивает волонтерское движение

5 дней назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС