Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БАСТРОМНЫҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР

31.03.2015
FacebookWhatsappTelegram

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында отандық құрылыс саласын дамыту жөнінде айтып, соның ішінде тұрғын үй мәселесін қолға алуды тапсырған болатын. Бұл ретте аталмыш саланы дамытуға үкімет тарапынан үлкен қолдау көрсетілмек. Бұл — құрылыс жұмысымен айналысып жүрген кәсіп-орындар үшін өте тиімді болары анық. Мемлекет басшысы бұған қоса шағын және орта бизнесті, отандық тауар өндірушілерді қолдауға айрықша мән беруді тапсырған болатын. Мемлекет тарапынан қолдау көріп отырған осындай кәсіпорындардың бірі — қаламыздағы құрылыс материалдарын шығаратын «Бастром» ЖШС. Бүгінде өндіріс орны «Даму» қоры арқылы несие алып, кәсіптерін  дамыта түсуді жоспарлап отыр.

{jcomments on}Семей қаласындағы «Бастром» ЖШС — бетоннан жасалған мәрмәр бұйымдар шығаратын өңірдегі бірден — бір кәсіпорын. Еліміздегі құрылыс саласымен тығыз байланысты өндіріс орны 2006 жылы құрылып, бүгінгі күні нарықта өз орнын алып отыр. «Бастром» ЖШС директоры Галина Югайдың айтуынша, бетоннан жасалған мәрмәр бұйымдарын шығару идеясы газеттегі хабарламаны көргенде келгенін айтады. Сол кезде қаладағы кабель зауытында бас технолог қызметінде жүрген ол осылайша жаңа істі бастауға бел буады. Көп ұзамай несие алып, жаңа технологияны меңгеру мақсатымен Мәскеу қаласына барып, арнайы білім алады. Кәсіпкер азаматша алғашқыда бетоннан жасалған мәрмәр бұйымдарын шығарған. Кейін өнім түрлері көбейтіліп, құрылысқа қажетті әртүрлі плиталарды шығаруды қолға ала бастайды.

— Ол кезде кабель зауытында бас технолог қызметінде жүрдім. Кейін құрылысқа қажетті плиталар мен түрлі тастарды шығару туралы ой туындап, Мәскеуде оқып келдім. Көп ұзамай кәсіпорын ашып, жұмысқа алған қызметкерлерді үйреттім. Тынбай ізденудің арқасында қосымша өнімдер де шығара бастадық, — дейді кәсіпорын басшысы.

 

«Бастром» ЖШС Семейде алғашқылардың бірі болып сапалы және тұтынушының қалауы бойынша түрлі өлшемдегі бетоннан жасал-ған мәрмәр бұйымдарын ұсынады. Мекеме басшысының айтуынша, ол кезде кәсіпорын өніміне ұқсас барлық тауарлар сырттан тасымалданған. Есесіне, олардың құны да тым жоғары болыпты.

 

— Ол кезде барлығы сырттан әкелінетін. Бірақ ол тауарлардың бағасы шарықтап тұрды. Біздің өнім үш мың теңге тұрған болса, дүкендерде шетелдерден келген өнімдер алты мың теңгеге саудаланды. Ал біз өнімдерімізді тікелей тұтынушыларға жеткізіп тұрдық, — деді Галина Югай

Кез келген істің бастауы қиынға соғары анық. Алайда «Бастром» ЖШС сондай ауыртпалықтарға мойымай, нарық заманында аяғынан тік тұра білді.

— Алғашқы жылдары өте қиын болды. Дегенмен мәскеуліктер әрдайым қолдау көрсетіп, кеңестерін беріп отырды. Өйткені, ол жақтан оқып келгенімізбен, әр жердің өзіндік табиғи ерекшелігіне байланысты өнімдеріміз сапалы шықпай жатты. Өндіріске қажетті су, құм, цемент тікелей өнім сапасына әсер етті. Мысалы, қолданылатын құмның да өз ерекшелігі болатынына көз жеткіздік. Сондықтан да қолданатын шикізаттың барлығын зертханада тексеруден өткізуге тура келді. Міне, осындай қиындықтарды бастан өткердік. Бара-бара кәсіпорын жергілікті табиғи компоненттерге негізделіп, өнім түрлерін арттыра түсті, — дейді кәсіпкер.

Кәсіпорын  құрылыс маусымы қызған шақта, яғни жаз мезгілінде ғана жұмыс жасайды. Биылғы маусымды сәуір айынан бастауды жоспарлап отырған кәсіпорын алғашқы тапсырыстарын да алған. Өндіріс орнында негізгі бес маман қызмет етеді. Оларға көмекші ретінде қосымша жұмысшы жалдайды. Ал өнім түрлері Шығыс Қазақстан облысының кез келген аумағына тарайды.

— Біз үшін әрбір тұтынушы маңызды. Сондықтан да олардың әрқайсысымен жеке-жеке жұмыс жасаймыз. Өнім сапасына да ерекше қарайтынымыз сондықтан. Тіпті, қажет болған жағдайда, әр материал қолмен боялып, алдын ала өнімнің үлгісі жасалады. Ал өнім көлемі тапсырысқа байланысты. Егер мың шаршы метр болса, онда кәсіпорын тәулік бойы жұмыс жасауға қауқарлы, — дейді кәсіпкер.

«Бастром» ЖШС өткен жылы мекемені дамытып, өрлету үшін «Даму» қорынан несие алған. Нәтижесінде ағымдағы жылы өнім түрлері артпақ. Заман талабына сай жұмыс жасап жатқан кәсіп-орын алдағы уақыттарда да жұмысын жандандыра бермек.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 день назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС