Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ПАЙЫМДЫ ПІКІР МЕН СҮБЕЛІ СӨЗ АЙТЫЛҒАН СЕМИНАР

31.03.2015
FacebookWhatsappTelegram

ШҚО Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаты және мемлекеттік органдардың міндеттері» тақырыбында өңірлік семинар өтті.

{jcomments on}Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараны өткізудегі мақсат – мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік мекемелер басшыларына еліміздің Ата Заңынан бастау алатын діни сенім бостандығын қамтамасыз етудегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары және онда орын алатын үдерістер туралы жан-жақты ақпарат беру көрінеді. Бұдан бөлек ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң талаптары мен дін саласын реттеуге бағытталған өзге де заңнамалық актілерді орындау мен қоғамдағы конфессияаралық келісім мен ауызбіршілікті сақтау мен нығайтудағы жергілікті биліктің үйлесімді қызмет атқаруын қамтамасыз ету көзделгенін айта кеткен жөн. Шара барысында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің «Қазақстан жолы» тәрбие-білім орталығының директоры Аман Рахметуллин арнайы дәріс оқыды. Өз сөзінде ол ел ертеңінің жарқын болуын қамтамасыз ету үшін әр азаматтың орын алып жатқан оқиғаларға бей-жай қарамай, тыныштық пен ынтымақтың сақталуына қал-қадерінше үлес қосуы керектігін атап өтті. Сондай-ақ, діни экстремизм мен радикализм, діни терроризм тақырыбына кеңінен тоқтала келе аталмыш құбылыстардың зиянды әсерлері жайлы айтып, қатысушылар назарына осы жайында дәлелді мағлұматтарға толы бейнероликтер мен деректі  фильмдерден үзінділер ұсынды.

Аман Қапанұлы жас ұрпақты теріс пиғылды ағымдардан бойларын аулақ ұстайтын етіп рухани тәрбиелеудің мәні жайлы ойымен бөлісті. Өскелең ұрпақтың санасына толеранттылық сияқты маңызды ұғымдарды нықтап орнату – болашақта ел  ішінде татулық пен тыныштық тұғырының берік болуының, қоғам тұтастығының арта түсуінің кепілі екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, жас ұрпаққа тәрбие беруде ұстанылуға тиіс төрт идеологиялық қағиданы атап өтті.

 

—  Бірінші бағыт – «Бірлік пен келісім – Қазақстан дамуының негізі», екінші бағыт – «Отансүйгіштік. Ұлттық дәстүр мен мәдениет – бұл ұлтымыздың рухани іргетесы», үшінші идеологиялық ұстаным – «Зайырлы қоғам және жоғары руханилық – біздің басты құндылығымыз», төртінші қағида – «Радикализм және экстремизмге қарсы талмай күрес жүргізу». Осы төрт қағиданы ұстанатын болсақ, келешекте еліміздің ішіндегі тыныштық пен татулықтың, ынтымақ пен береке-бірліктің сақталып қана қоймай, нығая түсуіне, сол арқылы мемлекетіміздің тұрақты түрде өркендеп, дамуына жол ашамыз. Біздің қоғам жаһандық өркениет көшінен қалмай, алдыңғы қатарда болуына мол мүмкіндіктер тудырамыз,- деді Аман Рахметуллин.

 

Семинар соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар мен дін саласындағы мемлекеттік саясат туралы ақпараттар қамтылған кітапшалар, діни экстремизммен күрес жайындағы заңнамалық актілер туралы материалдар, діни экстремизмнің алдын алу бойынша әдістемелік құралдар мен осы тақырып бойынша әзірленген бейнероликтер жазылған дискілер берілді.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 день назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

4 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС