Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

МАҢЫЗДЫ ҚОС МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

31.03.2015
FacebookWhatsappTelegram

Семей қалалық әкімдігінде құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Қала әкімі Айбек Кәрімовтің төрағалық етуімен өткен жиынға комиссияға мүше мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысты. Отырыстың күн тәртібінде Семей өңіріндегі нашақорлықтың алдын алу бойынша қабылданып жат-қан шаралар туралы, ішкі саясат бөлімінің азаматтық қоғаммен және үкіметтік емес ұйымдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тұрғысындағы әрекеттестігі туралы мәселелер қарастырылды.

{jcomments on}Жиын барысында бірінші сұрақ бойынша Семей қаласы Ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары Ақылхан Қас-қабаев баяндама жасады. Өз сөзінде ол есірткі айналымына байланысты қылмыстардың алдын алу мақсатында өткізілген жедел алдын алу шаралары туралы айтты. Былтыр республикалық, облыстық, қалалық деңгейдегі арнайы акциялар ұйымдастырылған көрінеді.

— Өткен жылы заңсыз есірткі айналымы бойынша 93 қылмыс анықталып, тіркелген. Оның ішінде 83-і есірткі заттарын заңсыз сатуға қатысты болса, 9-ы есірткі заттарын сақтау фактісі. Сондай-ақ нашақорлар притонын ұстау қылмысы да анықталған.

Заңсыз айналымнан қырық алты келіден астам есірткі тәркіленді. Қазіргі таңда нашақор ретінде екі жүз он бес адам тіркеуде тұр,- деді Семей қаласы Ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары. Сондай-ақ Ақылхан Төлеуханұлы өз сөзінде нашақорлықпен күресте, құқық қорғау органдарымен қатар, қоғам да белсенділік таныту керектігін айтып өтті.

 

Баяндаманы тыңдай келе қала әкімі Айбек Кәрімов заңсыз есірткі айналымы мен нашақорлықтың алдын алу бағытындағы шаруаларға салғырт қарауға, қол жеткізілген нәтижелерге тоқмейілсуге болмайтынын, алдағы уақытта бұл тұрғыдағы жұмыс сапасын жетілдіре түсуге көңіл бөлу қажеттігін тілге тиек етті.

 

Семей өңіріндегі нашақорлықтың алдын алу мәселесі бойынша қалалық наркологиялық диспансердің директоры Павел Брыжахин сөз алды. Баяндамасында ол өзі басқарып отырған мекеменің жұмысы жайлы айтып өтті. Павел Брыжахин өткен жылы есірткі заттары мен психотроптық заттарды тұтынуға байланысты туындайтын тәуелділік бойынша көрсеткіш 2013 жылғымен салыстырғанда екі еседен астамға төмендеп, қырық мың тұрғынға шаққанда 59 адамды құрағанына тоқталды.

— Есірткі тұтынушылардың арасында он төрт жасқа толмаған жасөспірімдер жоқ. Он бес пен он жеті жас аралығындағы балалардың саны 0,4 пайызды құрайды. Он сегіз бен отыз жасқа дейінгі жастар — 37,3 пайыз. Отыз бірден асқандардың санының үлесі 62,3 пайызды құрап отыр. Жалпы алғанда, ресми тіркелген сырқаттардың жүз мың тұрғынға шаққандағы саны 2013 жылмен салыстырғанда 242,7-ден 2014 жылы 195,1-ге дейін төмендеп, 678-ді құрады,- деді қалалық наркологиялық диспансер директоры.

Сондай-ақ жиын барысында ішкі саясат бөлімінің азаматтық қоғаммен және үкіметтік емес ұйымдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тұрғысындағы әрекеттестігі туралы мәселе қарастырылды. Бұл ретте жауапты сала басшысы Айдар Садырбаев баяндама жасап, атқарылған жұмыстар жөнінде мағлұматтар берді. Жиын соңында комиссия мүшелері талқыланған мәселелер бойынша жүзеге асырылуға тиіс шаруаларға қатысты бірқатар ұсыныстарын айтты.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

9 часов назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

3 дня назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

5 дней назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС