Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ОТБАСЫ

31.03.2015
FacebookWhatsappTelegram

Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі – ең басты байлығы.  Қазақ халқы — ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген өзге ұлттардың бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын уақытта қол ұштарын созып, бір үзім нанды бөліп жеді. Осылай, қаймағы бұзылмаған қазақ жері көпұлтты мемлекетке айналды. Бүгін елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату — тәтті ғұмыр кешуде.

{jcomments on}Бейбітшілік пен бірліктің берекелі ордасына айналған ел іргесінің берік болуы ондағы өмір сүрген әр шаңыраққа байланысты. Өңірімізде тәуелсіз еліміздің тірлігіне тілеулес болып, Қазақстанды туған Отанындай санайтын түрлі ұлт өкілдерінен құралған отбасылар жетерлік. Бір шаңырақтың астында бір ұлттың баласындай болған олар өзара түсіністікпен, сыйластықта өмір сүруде. Солардың бірі – Семей қаласының іргесіндегі Мұқыр ауылында тұратын Бергеневтер отбасы.

Көпбалалы жанұяның отағасы Астана қаласында энергетика саласында еңбек етсе, жұбайы бала тәрбиесімен үйінде. Олар алты бала тәрбиелеп, екі ұлттың мәдениетін дамытып, салт-дәстүрін ұстанып отыр. Серік пен Ольга  отбасын құрғандарына 20 жылдай болған. Отағасы орыс қызымен бір ауылда туып-өскен. Тағдырлары тоғысып, көңілдері жарасып, жанұя болды. Орыс қызы сыпайы мінезі, мейірімді жүзімен баурап алған. Серіктің отбасы келінін мақтан тұтады.

Бергеневтер отбасында бала тәр-биесіне ерекше көңіл бөлінеді. Балалары қазақша білім алады. Үйдің үлкені Темірлан қаладағы медицина колледжінің студенті. Сәтін салса, оқуын үздік аяқтап, білімін жоғары оқу орнында жалғастырмақ ниетте. Одан кейінгі Мәдина, Әсел, Марат мектеп қабыр-ғасында. Ал сүт кенжелері Аман мен Есен биыл 3-ке толды. “Күміс алқа” иегері ұлттық салт — дәстүрлер мен мерекелерге, ас мәзіріне де ерекше ынта қойып, құрметпен қарайтындарын айтады.

— Алдымен ұлымыз өмірге келді. Сосын қыз бала болғанын қаладық. Кейін тағы да ұл бала қаладық, бірақ тағы қыз бала дүниеге келді. Осылайша, барлығы Алланың қалауымен болып жатты. Жалғыз адамға, әрине, отбасын асырау қиын. Қазір отбасымызда жолдасым ғана жұмыс жасайды. Жанұяның қамын жасап, Астана қаласында нәпақасын тауып жүр. Мен балалардың тәрбиесімен үйде отырмын. Өмірде қиындықтар болады. Бірақ соған мойымай, балаларымызды жеткізіп отырмыз, — дейді Ольга Потехина.

 

Отбасында барлық балалар қазақша сөйлейді және қазақ мектебінде білім алады. Үлгілі отбасында ұлтқа бөліну деген жоқ. Қос ұлттың мейрамдары бірдей тойланады. Көпбалалы отбасы бала тәрбиесін маңызды міндет санайды. Сондықтан да ата-ананың алға қойған мақсаттары осы бағытқа негізделген.

 

— Бала — өмірдің жалғасы, ертеңгі жарқын болашақтың, ерлі-зайыптылардың тіреуі, діңгегі. Олардың алғашқы қадам басулары, алғаш рет сөйлей бастағандары — барлығы біз үшін қуаныш. Солар үшін өмір сүріп, солар үшін еңбектеніп жатырмыз. Ендігі арманымыз — осы балаларымызға ел қатарлы білім берсек дейміз. Өмірде өз орындарын тапса екен. Ең бастысы — отағасының амандығы. Балаларымның әкесі дені сау болып, барлығымызды қуаныш- қа бөлеп жүре берсін, — дейді қазақтың Ольга келіні.

Серік пен Ольга да көпбалалы отбасынан шыққан. Сондықтанда балаларды дұрыс тәрбиелеуді жақсы біледі. Серіктің шаңырағындағы басты қағидасы – татулық. Көпұлтты жанұя бола тұра, ұлттық құндылықтарын жоғалтпай, бейбітшілікті жоғары бағалайтын осындай отбасылар  мемлекетіміздің мықты тірегі саналады.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 день назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС