Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

СЕМЕЙДІҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНА ДЕРБЕСТІК ҚАЖЕТ

31.03.2015
FacebookWhatsappTelegram

Семей қалалық әкімдігінде шаһар басшысы Айбек Кәрімовтің қатысуымен қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында күн тақырыбындағы екі сұрақ қаралды.

{jcomments on}Алдымен ШҚО денсаулық сақтау  басқармасы басшысының Семей өңірі бойынша орынбасары Ғалия Жуасбаева Семей өңіріндегі медициналық алғашқы жәрдем көрсетуді жақсарту мәселелері және жетістіктері туралы баяндама жасады.

— Елбасының Жолдауында көрсетілгендей, еліміздегі медицина саласында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соған орай, еліміздегі қай мекеме болмасын, жұмыс беруші мен қызметкерлердің денсаулығы бірінші кезекке қойылған. Спортпен шұғылдану, уақтылы дұрыс тамақтану, дәрігерге тексеріліп отыру денсаулықтың негізгі кепілі екені анық. Ал еліміздің әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті дамыған озық 30 елінің қатарына қосылуы үшін, денсаулық сақтау саласында алғашқы медициналық жәрдем көрсетуді жақсарту мәселесі бірінші орында тұр, — деген Ғалия Жуасбаева, — алғашқы медициналық жәрдем көрсетудің негізі – ол профилактикалық жұмыс. Өйткені ауруды асқындырып алып емдегеннен, оның алдын алу анағұрлым жеңіл. Мәселен, дәрігерге дер кезінде тексерілу,  жағымсыз қылықтардан аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстану ауруды асқындырудан сақтайды, — деді сөзінің басында.

Семей өңірі бойынша денсаулық сақтау саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндаған Ғалия Абдуғалиқызы:

— Тұрғындарға қаладағы алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем беретін 25 мекеме қызмет көрсетеді. Бұл тұрғыда 2011-2014 жылдар аралығында жаңа нысандар, атап айтқанда Физкультурная көшесіндегі № 3 консультативтік-диагностикалық емхана мен темір жол бекеті маңындағы аралас үлгідегі емхана және Приречное ауылындағы ауылдық дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Қалалық әкімдік тарапынан да қолдау зор. Мысалы, қалалық әкімдіктің ықпалымен Шығыс кентіндегі № 17 және Юность ықшам ауданындағы № 6 медициналық мекемелері ел игілігіне берілген. Жалпы, қала бойынша бүгінде 46 мыңға жуық азамат түрлі дәрі-дәрмекті тегін алуға құқылы. Медициналық тегін қызмет көрсету үшін 2014 жылы 1 млн. 228 мың теңге бөлінсе, 2015 жылы 2 млн. 400 мың теңге қаржы бөлінді. Жыл сайын 40 мыңнан астам балалар және 160 мыңнан астам ересектер тексе-рістен өткізіледі, — дей келе, қазіргі таңда ана мен бала өлімі азайғанын атап өтті.

 

Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыға аталмыш сала бойынша көптеген сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар қайтарылды. Кейбір сауалдарға қала әкімі Айбек Кәрімовтің өзі де жауап беріп отырды.

 

— Семей қаласында денсаулық сақтау саласы бойынша дербес бөлімінің ашылғанын қажеттілік деп білеміз. Өйткені қалада демографиялық өсім бар. Егер қалалық денсаулық сақтау бөлімі ашылса, медициналық мекеме қызметкерлері есеп беру үшін үнемі облыс орталығына баруға міндеттелмей, осы жақтың өзінде де жедел басқаруға мүмкіндік болар еді. Бұл мәселеден облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының өзі де хабардар. Даниал Кенжетайұлы: «Семейде медициналық кластер құрылды. Енді қалада медициналық туризм ұйымдастырылатын болады»,- деген болатын. Сонымен қатар облыс басшысы Семей қаласында тағы 3 заманауи медициналық мекеменің ғимаратын салу үшін ыңғайлы жер учаскесін таңдауды тапсырған. Сондықтан қарағайлы орманнан 5 гектардан тұратын 3 жер учаскесі дайындалды. Оның қасынан СММУ-нің жаңа корпустары мен 8 жатақханасының ғимараты салынатын болады. Қазіргі уақытта инфрақұрылымдық жұмыстары, яғни электр жарығы мен су, жылу беру мәселелері шешілді, — деген Айбек Мүталапханұлы, — Семей ежелден мәдениеттің орталығы болса, алдағы уақытта медицина саласының орталығы болады, жалпы, Семей мемлекеттік медициналық университетінен білім алған мамандарды Қазақстанның қай аймағы болмасын, жұмысқа қуана қабылдайды. Бұл — мақтанарлық жағдай, — деп атап өтті.

Өз кезегінде қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінің директоры Гүлмира Сексеналинова қарттар мен мүгедектерді емдеуге қариялардың күндізгі қолданатын жұмысы туралы баяндама жасап, өздерінің атқарып жатқан жұмыстарынан мағлұмат берді.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 день назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС