Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӨРЛЕУ ҮСТІНДЕГІ ӨНДІРІС

03.04.2015
FacebookWhatsappTelegram

Өндірістің дамуы – мемлекет экономикасының өркендеуінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Осы ретте елімізде, басқа салалармен қатар, жеңіл өнеркәсіптің ілгерілеуіне баса назар аударылуда. Семей өңірінде де өнімінің сапасы тұрғысынан, өзге де талаптарға сәйкестігімен болсын өзіндік бағасын алып жүрген кәсіпорындар бар. Солардың бірі — он бес жылдай уақыт бұрын құрылған «Васкания» фирмасы. Өнімі сұранысқа ие кәсіпорын бүгінде ілгерілеу жолында.

{jcomments on}«Васкания» фирмасы 2001 жылы ашылған кезден-ақ әртүрлі сала кәсіпорындарының жұмысшыларына арнайы киім тігумен айналыса бастаған. Олардың арасында «Силикат» кірпіш зауыты, «Қаражыра», «Балапан» көмір кен орындары, Семей ет комбинаты сияқты бірқатар өнеркәсіп ошақтары бар. Қазір де аталмыш кәсіпорындармен әріптестік байланыс өз жалғасын табуда. Сондай-ақ «Васкания» фирмасының басшысы Ирина Булутханова бүгінгі таңда тұтынушылар қатарын көбейту бағытында жұмыстар жасалып жат-қанын айтады. Бұған септігін тигізерлік жайттар да аз емес. Біріншіден, өнеркәсіп ошағының он бес жылдан бері қалыптасқан өндірістік әлеуетінің мығымдығы. Нақтырақ айтқанда, бүгінде «Васкания» фирмасы айына төрт миллион теңгенің өнімін жасап шығаруға қауқарлы. Екіншіден, мұнда кәсіпорынның іргетасы қаланған уақыттан бастап сапаға үлкен мән беріледі. Фирма кеңсесінің қабырғасында ілулі тұрған түрлі грамоталар мен тұрақты тұтынушылар санатының қалыптасуы осы сөзіміздің дәлелі болса керек.

Кәсіпорын арнайы киімдердің  сапасына ғана мән беріп қана қоймай, бүгінгі заманның талабы мен тапсырыс берушінің қалауына сай етіп тігеді. Қазір мұнда дайындалатын, тігілетін киім түрлерінің саны өте көп. Өнеркәсіп ошағының осы бағыттағы жұмысы жайлы Ирина      Булутханова:

— Жалпы, біздің кәсіпорында медицина, теміржол, құрылыс және әртүрлі салалар жұмысшыларының киімдерінен бастап, орманшылар мен құтқарушыларға, әскерилерге арналған киімдер де тігіледі. Әрі бізде жасалатын өнім түрлері мұнымен шектелмейді. Айталық, жеке адамның немесе кәсіпорынның тапсырысы бойынша, теріден жасалған киімдерді тігумен, ескіргені болса, қалпына келтірумен де айналысамыз. Бұдан бөлек, тіпті қажет болған жағдайда, арнайы бас киімдер тігуге мүмкіндігіміз жеткілікті. Қыс-қасын айтқанда, өз саламыз  бойынша кез келген тапсырысты жоғары дәрежеде орындап, керек өнімді сапалы етіп шығара аламыз, — дейді.

 

Әлбетте, кез келген өнеркәсіп ошақтары өздері жасап шығар-ған өнімге өзіндік белгісін салатыны белгілі. Бұл қағидадан «Васкания» фирмасы да шет қалмаған. Мұнда тігілген киімдердің барлығында кәсіпорынның аты мен «Қазақстан Семей» көз түріндегі тұмардың суреті бейнеленген белгі бар. Осыған қарап -ақ тұтынушылар өнімнің Қазақстанда жасалғанынан хабардар бола алады. Логотип дизайнында көз түріндегі тұмардың бейнеленуінің мәнін кәсіпорын басшысы Ирина Булутханова былай деп түсіндіреді:

 

— Жалпы, «Васкания» сөзінің мағынасы түрік тілінен аударғанда «тұмар» дегенді білдіреді. Белгідегі көз түріндегі  суретті бейнелей отырып, біз кәсіпорнымызда тігілген киімдердің тек киім ғана емес, оларды киіп жүретін адамдарды оқыс оқиғалардан сақтайтын бойтұмар да болса деген ниетімізді білдірдік. Бар мәні мен сыры осында жатыр.

Кез келген өнеркәсіп ошағы өнімнің барлық тұрғыдан заман талабына сай, сапалы болуына назар аударатыны белгілі. Бұған ықпалы тиетін негізгі факторлардың бірі — мамандардың білім  деңгейінің жоғарылығы. Осы ретте бұл мәселеге «Васкания» фирмасында да көп көңіл бөлінетінін айта кеткен жөн. Өнеркәсіп ошағында еңбек ететін отызға жуық маман біліктіліктерін арттырып тұрады. Фирма басшысы аталмыш бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыру ойда барын айтады.

Өткен жылы мұнда жиыны 36 млн. теңгенің өнімі жасалған. Ағымдағы жылы бұл көрсеткішті жақсарта түсу жоспарлануда. Өнеркәсіп ошағының нарықтағы беделі мен өнімдерінің ел аумағында ғана емес, көршілес елдерде де сұранысқа ие болып отырғанын ескерсек, алға қойған мақсаттың орындалуы әбден мүмкін.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 день назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС