Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ОЛЖА САЛДЫ

10.04.2015
FacebookWhatsappTelegram

Семей қаласында әр салмақ дәрежесі бойынша қазақ күресінен ерлер мен әйелдер арасындағы Шығыс Қазақстан облысының чемпионаты болып өтті. Аймағымыздың әр түкпірінен келген балуандар өзара мықтыларды анықтады.

{jcomments on}Бұл жолғы жарысқа қазақ күресі бойынша Шығыс өңірінде есімдері енді танымал бола бастаған спортшылар жиналған екен. Байрақты бәсекеде бағы жанғандар арасында әсіресе Абай мен Аягөз, Үржар сынды аудандардың өкілдері көп болды.

— Бұл сайыс алдағы маусым айында өтетін Қазақстан біріншілігіне іріктеу болып табылады. Қазіргі көрсеткіштеріне қарасақ, балуандарымыз бабында. Жаттығулары жаман өтпегенге ұқсайды. Қазақ күресінің әдіс-тәсілін шебер қолданып, ширақ қимылдауда. Бұл біріншіліктен жүлделі орын алған балуандар республика біріншілігінде облысымыздың намысын қорғайтын болады, — дейді пікір білдірген облыстық қазақ күресі федерациясының вице-президенті Амантай Қазымұлы.

55 пен 100 келілік салмақ дәрежесіндегі бәсекеге сайланып келгендер арасында есімдері республикаға танымал бола бастаған балуандар ақсуаттық Ерсін Шынғазиев, аягөздік Қанат Бөлекбаев, абайлық Қуаныш Искаковтар мен семейлік Дидар Тұқышев, Ерлан Қанағатовтар сынды өрендер болды.

 

— Бұл сайыста ерлер 7 салмақта белдессе, әйелдер 6 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасуда. Өткен жылғы республикалық бәсекеде өңір құрамасы командалық есепте топ жарған еді. Соған байланысты ағымдағы додада Шығыс Қазақстан  әр салмақта 3 палуаннан өнер көрсету мүмкіндігіне ие. Ал турнирге келер болсақ, жоғары деңгейде өтуде. Ертеңінен үміт күттіретін спортшыларымыз көп, — деп атап өтті қазақ күресінен ШҚО-ның аға бапкері, сайыстың бас төрешісі Шыңғыс Тұрсынов.

 

Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша, 55 келіде Тарбағатай ауданының балуаны Қуат Бекпаев жеңімпаз атанса, 60 келіде абайлық Қуаныш Искаков топ жарды. Ал 66 келілік салмақта Аслан Түсіпханов, 74 келіде Қуаныш Мұратов, 82 келі салмақ дәрежесінде Ерасыл Қайырбек, 90 келіде Ерлан Канкиев пен 100 келіде Ержан Алдажар сынды семейлік қазақ күресі шеберлерінің жолы болды. Ал 100-ден жоғары аса ауыр салмақта өскемендік Талғат Амренов ақтық сында жеңімпаз атанды.

Ендігі аралықта топ жарған спортшылардан өңір құрамасы іріктеліп, 5 — 9 маусым күндері қазақ күресінің майталманы, мемлекеттік дәрежедегі жаттықтырушы Марат Жақиттың 70 жылдық мерейтойына арналған Аягөз қаласында жалауын көтеретін республика  чемпионатында облыс намысын қорғамақ.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 день назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС