Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЕЛБАСЫ ЕЛІНЕ, ЕЛІ ЕЛБАСЫНА СЕНЕДІ

10.04.2015
FacebookWhatsappTelegram

Сәуір айының 7 — 8 күндері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Шығыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен болып, өңірдің тыныс — тіршілігімен танысты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарында алдымен «Қазмырыш» ЖШС-нің мыс балқыту зауытында болды. Мұнда Елбасы мыс балқыту цехының жұмысымен танысты.

{jcomments on}Сонымен қатар «Қазмырыш» ЖШС еңбек ұжымымен Мемлекет басшысының кездесуі өтіп, оған Өскемен қаласының 7 мыңнан      астам металлургі, сондай-ақ Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы металлургиялық комбинат пен Павлодар қаласындағы алюминий зауытының жұмысшылары телекөпір арқылы қатысты.

Жиналғандарға арнаған сөзінде Елбасы бұл кәсіпорын индустрияның тірегі, ал өңірдің металлургиялық зауыттары мен тау-кен байыту комбинаттары Қазақстанның мақтанышы екенін атап өтті.

– Компания кәсіпорны жыл сайын 450 миллиард теңгенің әлемдік деңгейдегі өнімін өндіреді. Оларда 20 мың адам еңбек етеді, технологиялық база ұдайы жаңғыртылып отырады, тиімді жұмыс үшін барлық жағдай жасал-ған. Мыс зауытының өзі ғана жылына 70 мың тонна сапалы катодты мыс шығарады. «Қазмырышқа» өңірдің дамуына қатысты да зор әлеуметтік жауапкершілік жүктелген, бұл мақсатқа кәсіпорын 3 миллиард теңгеге дейін қаражат бөледі. Компания есебінен медициналық орталық, балабақша, теннис орталығы, жабық бассейн, жекпе-жектер сарайы салынуда, өзге де ондаған әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жоғары екенін атап өтті.

– Облыста тек өткен жылы 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, 3300 пәтер, 14 аурухана, 21 мектеп салынды. 360 шақырым жол жөнделді. Тағы 5 мектеп ашу жоспарлануда. Бұл жұмыстар жалғасатын болады. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ауқымды жұмыс-тар атқарылуда, оның аясында біздер жол, индустриялық нысандар, қолжетімді баспана салып жатырмыз. Осының бәрі сіздер үшін, әрбір қазақстандықтың игілігі үшін жасалуда, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев өңірдің өнеркәсібін дамыту мемлекеттің басымдығы бар міндеттерінің бірі екеніне назар аударды.

– Шығыс Қазақстан елдің жарқыраған маржаны саналады және бұл тек табиғаты тұрғысынан ғана емес. Жиынтық өнім көлемі 1,5 триллион теңгені құрады, соның 60 пайызы өңдеуші өнеркәсіптің үлесі. Қазақстандағы инновациялық өнімдердің 20 пайызы нақ осы сіздердің облыста шығарылатыны да кездейсоқтық емес. Өңірге салынған инвестициялар көлемі 345 миллиард теңгеге жетеді. Шағын және орта бизнесті қолдауға 2 миллиард теңге, өндірістік инфрақұрылым құруға тағы 3 миллиард теңге бөлінеді. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарласын іске асыруға мемлекет 11 миллиард теңге бөлді, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы тұрақтылықты, этнос-аралық және дінаралық келісімді сақтаудың  маңыздылығын да атап өтті.

– Сіздердің облыстарыңыз – ұлы адамдар шоғырын тудырған қасиетті жер.  Бұл – Қазақстанның 100 этносының Отаны. Өңірдің кіші   Ассамблеясына 44 этномәдени орталық, 4 Достық үйі кіреді, ал олардың тәжірибесіне баға жетпейді және ол БҰҰ-ны қоса алғанда, бүкіл әлемде зерттелуде. Біз мұны сақтап, дамытуға тиіспіз, – деді  Нұрсұлтан Назарбаев.

 

«Қазмырыш» ЖШС еңбек ұжымы өкілдері өз сөздерінде «Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық Саясаты мен институционалдық бес реформаға қолдау білдіріп, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылып жатқанына, кәсіпорынның бәсеке қабілетін көтеру үшін жағдай жасалғанына алғыстарын айтты.

 

Бұл жерден кейін Елбасы облыстық драма театрында болып, театрда шығармашыл зиялы қауым және облыстың этномәдени бірлестіктері өкілдерімен кездесті.

Қазақстан Президенті жиналғандарды жаңа театрдың ашылуымен құттықтап, елдің береке-бірлігі үшін қоғамды рухани және мәдени дамытудың маңыздылығын атап өтті.

– Бұл – мәдениеттің тамаша жаңа ордасы. Театр 600 орынға лайықталған, дайындық залдары, кіші залы бар. Қазақ және орыс труппаларының ойдағыдай жұмыс істеуі үшін, барлық жағдай жасалған. Өскемендіктер осы залда актерлердің тарихымыз бен қазіргімізді айшықтайтын керемет ойынын көретініне сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның мәдени өмірін нығайтудағы экономикалық бақуаттылықтың айрықша рөлін атап өтті.

– Мәдениет дамуы үшін, экономиканы көтеру қажет. Адамның театрға баруды қалауы тыныш өмір сүріп, тұрақты табыс тапқан кезде ғана пайда болады. Қазақстанда бүгінде үш опера және балет театры, ал облыстарда 50 шақты театр жұмыс істейді. Мұның бәрі мәдени-рухани өмірдің де экономикадағыдай қарқынмен дамуы үшін қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның мәдениет пен өнер саласында қол жеткізген жетістіктері елдің жүйелі экономикалық дамуы арқасында мүмкін болғанына назар аударды.

– Тәуелсіздік жылдары біз жаңа Қазақстанды қалыптастырдық, жаңа ұрпақ тәрбиеледік, экономиканы еселедік, халықтың табысын ұлғайттық. Біз үлкен екі дағдарысты еңсердік. Биыл 20 жылдығын атап өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясы әлемнің көптеген елдеріне үлгі болды. Республикамыз ауқымды халық-аралық шаралар өтетін орынға айналды. Осының бәріне бірлік пен тұрақтылықтың арқасында қол жетті. Мұны ең басты байлығымыз ре-тінде сақтау керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Қазақстан Президенті баршаға зор денсаулық, татулық және табыс тіледі.

Іс-шара барысында сондай-ақ театр актерлері өнер көрсетіп, концерт өтті.

www.akorda.kz

Связанные новости

В области Абай обсудили подготовку туристических объектов к летнему сезону

06.04.2026
В области Абай обсудили подготовку туристических объектов к летнему сезону

В области Абай на расширенном аппаратном совещании под председательством акима региона Берика Уали рассмотрели готовность зон отдыха и туристических объектов...

Читать далее ...

ДЕНЬ ЗДОРОВЬЯ – ЗАЛОГ БОЕВОЙ ГОТОВНОСТИ

06.04.2026
ДЕНЬ ЗДОРОВЬЯ – ЗАЛОГ БОЕВОЙ ГОТОВНОСТИ

Военнослужащие Пограничного управления «Семей» Департамента Пограничной службы КНБ Республики Казахстан по области Абай провели мероприятия, приуроченные ко Дню здорового образа...

Читать далее ...

В Аягозском районе увеличивается объем сельскохозяйственной продукции

06.04.2026
В Аягозском районе увеличивается объем сельскохозяйственной продукции

В Аягозском районе сельскохозяйственная отрасль стабильно развивается, и объем продукции растет. Об этом сообщил исполняющий обязанности акима района Айбек Нугымаров...

Читать далее ...

В Аягозском районе модернизируются объекты здравоохранения

06.04.2026
В Аягозском районе модернизируются объекты здравоохранения

В соответствии с поручением Главы государства в Аягозском районе система здравоохранения развивается на системной основе. Об этом сообщил аким района...

Читать далее ...

В Аягозе будут обновлены основные улицы и дороги

06.04.2026
В Аягозе будут обновлены основные улицы и дороги

В Аягозском районе будет реализован ряд важных проектов, направленных на улучшение дорожной инфраструктуры. Об этом на площадке Региональной службы коммуникаций...

Читать далее ...

ОЖИДАЕМАЯ ПРОДОЛЖИТЕЛЬНОСТЬ ЖИЗНИ В КАЗАХСТАНЕ ДОСТИГЛА ИСТОРИЧЕСКОГО МАКСИМУМА

06.04.2026
ОЖИДАЕМАЯ ПРОДОЛЖИТЕЛЬНОСТЬ ЖИЗНИ В КАЗАХСТАНЕ ДОСТИГЛА ИСТОРИЧЕСКОГО МАКСИМУМА

Ожидаемая продолжительность жизни (ОПЖ) казахстанцев достигла отметки в 75,97 лет, что стало абсолютным рекордом за всю историю независимости страны. Анализ...

Читать далее ...

Новости

В области Абай обсудили подготовку туристических объектов к летнему сезону

21 час назад

В Семее открылась новая школа на 300 мест

21 час назад

ДЕНЬ ЗДОРОВЬЯ – ЗАЛОГ БОЕВОЙ ГОТОВНОСТИ

1 день назад

В Аягозском районе увеличивается объем сельскохозяйственной продукции

1 день назад

В Аягозском районе модернизируются объекты здравоохранения

1 день назад

В Аягозе будут обновлены основные улицы и дороги

1 день назад

ОЖИДАЕМАЯ ПРОДОЛЖИТЕЛЬНОСТЬ ЖИЗНИ В КАЗАХСТАНЕ ДОСТИГЛА ИСТОРИЧЕСКОГО МАКСИМУМА

1 день назад

Правительство утвердило План мероприятий по разъяснению Конституции РК

1 день назад

Казахстан, Кыргызстан, Туркменистан и Молдова названы самыми безопасными странами

3 дня назад

В городе Семей обсудили роль иммунопрофилактики в предотвращении инфекционных заболеваний

3 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС