Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

СҮТ ӨНІМДЕРІН ЕНДІ ӨЗІМІЗДЕ ӨНДІРЕМІЗ

14.04.2015
FacebookWhatsappTelegram

Бүгінде Үржар ауданында облыс әкімі Даниал Ахметовтің тікелей тапсырмасы бойынша сүт — тауарлы фермаларын құру жұмыстары жоғары қарқынмен басталып кетті. Жалпы, ауылшаруашылық саласы  бойынша аймағымызда көшбасшы аудандардың бірі саналатындықтан, бұл  тараптағы шаралар ұтымды ұйымдастырылып,  бірден оң нәтижесін берді. Ынталы кәсіпкерлер де бар, қажетті шикізат та жеткілікті. Жергілікті атқарушы билік тарапынан жасалған жағдай осылайша ортақ мақсат жолында үйлесімділік тапты.

{jcomments on}Облыс бойынша өткен жылдан бастап сүтті бағыттағы ірі қара малдың басын көбейтіп, сүт индустриясын өркендетудің кешенді бағдарламасы жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Бұл бағыттағы шаралар Үржар өңірінде де тиімді жолға қойылып отыр. Жаңа жоспарлар  тек жергілікті кәсіпкерлік салаға ғана кең тыныс ашып қоймай, оның халық саны мол саналатын ауданның тұрғындарын табиғи, сапалы әрі арзан өнімдермен қамтамасыз етуде де игілігі мол болып отыр.

Жуырда аудан орталығында жаңадан сүт қабылдау және оны өңдеу пункті ашылды. Мұндағы алға қойылған мақсат айқын — көбінесе жақын шет мемлекеттерден келетін сыртқы пішіні көз жауын алатын құтыдағы қойылтылған немесе құрғақ ұнтақтан өндірілген жасанды, қоспасы көп, сапасы сын көтермейтін сүтті жергілікті нарықтан ығыстырып шығарып, аудан халқын табиғи таза өніммен қамтамасыз ету еді. Жаңа бастаманы қолға алған «Арыстанбек Үржар» ЖШС болатын.

 

Орталықтың ашылуына аудан әкімі Серік Зайнулдин мен әкімдік қызметкерлері заманауи құрылғылармен жабдықталған орталықтың жұмысымен танысып, аралап көрді. Сүт өңдеу процесін бақылап, өндіріс барысына көз жеткізді. Орталықта еңбек етіп жатқан инженер-технологтар алынатын өнім түрлері мен сүт өнімінің өңделу барысын егжей-тегжейлі түсіндіріп, тәжірибе жүзінде де көрсетіп берді.

 

Өз сөзінде аудан басшысы Серік Зинабекұлы тек отандық өнімдерді тұтынудың экономика саласындағы алатын маңыздылығына тоқталып өтті. Сондай-ақ орталықтың ашылуына орай өткен жиынға келген қонақтар мен ауылдық округтер әкімдеріне:

— Біздің бүгінгі өскелең ұрпақ мүмкіндігінше өзімізде өндірілген «Үржар сүтін» ғана тұтынулары керек. Отандық өнімді қолдау акциясы аясында бұл шараның берері мол деп білемін. Ол үшін алдымен өзімізден бастауымыз қажет. Ал жаңа кәсіпорын ұжымына, қолға алған істеріңіз оңға бассын, ауданның әл-ауқатының артуына үлес қоса беріңіздер, — деп жылы лебіз білдірді.

Ал игілікті істің бастамашысы «Арыстанбек Үржар» ЖШС-нің директоры Т.Ақпековтің айтуынша, өндіріске алынатын сүт күнделікті жақын маңдағы ауылдардан жиналады. Қажетті шикізатқа зәрулік жоқ. Бұл — жергілікті мал өсірумен шұғылданатын кәсіпкерлер ісіне де серпін беретін шара екендігі сөзсіз.

— Әзірге тәулігіне бір тонна сүт қабылдауға ғана мүмкіндігіміз бар. Алдағы уақытта кәсібіміз жолға қойылып, тұрақты сауда айналымына шыққан соң жұмыс орнын кеңейтіп, қабылданатын өнім көлемін де арттыру жоспарымызда бар. Әкелінген сүт бірнеше кезеңдерден, яғни өңдеуден өтіп, залалсыздандырылған соң ғана дайын қаптамаларға құйылады. Біз сонымен қатар өзге де сүт өнімдерін — қаймақтың  майлылығына қарай бірнеше түрін, айран, ірімшік, сүзбе — шығаруды қолға алудамыз. Бұл жобаны іске асыруда Үкіметтің «Ырыс» бағдарламасына арқа сүйедік. Сондай-ақ жанды демеу көрсеткен облыстағы сала басшыларына, кәсіпкерліктің өріс алуына кең қолдау жасап отырған аудан әкімі, жаңашыл басшы Серік Зинабекұлына үлкен алғысымды білдіргім келеді, — деп атап өтті Т.Ақпеков.

Мұндағы өндіріс қуатты. Барлық процесс толықтай техникалық регламентке сай жүзеге асады. Жаңа технологиямен жарақтанған орталық ішкі нарықта тұрақтанған соң алдағы уақытта өз өнімдерін облыс көлеміне шығаруды көздеуде.

Сүтті өнеркәсіптік тұрғыда өндіруді дамыту ісі осылайша Үржар ауданында да жолға қойылуда. Ауданда сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара санының жыл санап арта түскенін ескерсек, мығым қалыптасқан ауылшаруашылық саласы арқылы тамақ өнеркәсібін кешенді дамытудың ұтымды тұсы енді келген тәрізді. Бұл ретте аудан басшыларының ұтымды әрекет, жаңашыл идеяларын жергілікті ынталы кәсіпкерлер де іліп әкетіп, қолдау танытуда. Үржарлықтар мүддесі жолындағы мұндай ымыраластық аудан әлеуетін еселей түсетіні анық.

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 день назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС