Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ИННОВАЦИЯ ИГІЛІГІНЕ СҮЙЕНУДЕ

14.04.2015
FacebookWhatsappTelegram

Өндіріс нысандарының көптеп ашылып, өнімдерінің нарықта кең сұранысқа ие болуы сол өңірдің экономикасының қарқын алуына да оң септігін тигізетіні белгілі. Мұндай игілікті шара, түптеп келгенде, тек ауданның әл-ауқатын жақсартып қана қоймайды, аймақтың, қала берді байтақ республикамыздың қуатын арттыруда елеулі үлес қосады.

{jcomments on}Бүгінде Зайсан ауданында құрылыс өнеркәсібі түрлерін дамытуға да кеңінен ден қойылып келеді. Мәселен, есімі облысқа ғана емес, елімізге де танымал болып үлгерген зайсандық белді кәсіпкер Қ.Абжанов басқаратын «СМУ-Шығыс» ЖШС құрылыс материалдарын шығаруда Шығыс аймағы бойынша жетекші орыннан табылады. Атап айтсақ, темір-бетон өнімдерін шығаратын зауытты кеңейтіп, еңбек өнімділігін еселеу мақсатында соңғы екі жылдың ішінде бірқатар жоспарлы жұмыстар атқарылыпты. Межелі жұмыстар жетістіктерге толы. Қолға алынған шаралар нәтижесінде зауыт жоспары Шығыс Қазақстан облысының үдемелі индустрияландыру картасы бойынша инвестициялық жобаға енгізілді. Жобаның екі кезеңі бойынша өндіріс орны «Өнімділік — 2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысушы болып танылды.

Бүгінде аумағы ат шаптырым зауыттың ішіндегі еңбек барысы мейлінше қарқынды. Мұндағы әр маманның басты міндеті – өз жауапкершілігіндегі қызметті тиянақты атқарып, жоғары сапалы өнім өндіру. Ал, негізінен, ішкі нарыққа жол тартатын өнімдердің барлығы дерлік — құрылыс саласына қажетті дүниелер. Жалпы, бұл өндіріс ошағында ел игілігіне арналып шығарылатын әрбір өнімге сұраныс жоғары. Аймақтардағы тұрғын үй құрылысының дамуы зауыт жұмысына да тың серпін берген. Қазіргі күні облысымыздың бірнеше аудандарын сапалы құрылыс жабдықтарымен қамтамасыз етіп келе жатқан зауыт ұжымы өткен жылды жемісті аяқтап, жоғары көрсеткіштермен қорытындылады. Оның бірден-бір себебі  жаңашылдыққа ұмтылыс, инновация игіліктеріне арқа сүйеу екен.

 

Италиялық «Корсетти» фирмасының темір-бетон трубасын шығаратын жаңа технологияны орнату арқылы өндіріс ошағының қарқындылығын арттыруды көздеген зауыт жылына 6000 м 3 темір-бетон бұйымдарын шығаратын мүмкіндікке ие. Бұрынғы технология бойынша бетон көлемін қалыпқа келтіру 90 метрлік жолда жасалатын болса, жаңа жоба бойынша LCM 1520/ S автоматтық виброқысым құрылғысында жасалады.

 

Ұжым еңбеккерлері қатарында жастар көп. Тәжірибелері толысқан кәсіби мамандар да жетерлік. Әсіресе құрылыс жұмыстарына аса қажетті мұндай материалды шығару ісіне краншы қыз-келіншектердің де қосып жүрген үлесі салмақты. Арнайы технологиялар арқылы әзірленген дайын өнімдерді кранмен көтеріп, тиісті орындарына жеткізуде Рәшида Нұғыманова бастаған нәзік жандылар өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарып, өндіріс ошағындағы тіршіліктің қарқынына елеулі үлес қосып келеді. Зауытта ол тәрізді еңбек адамдарына ерекше назар аударылады. Сондай-ақ Ләззат Тоқбаева, Арай Жұлдызбаева, Зәмзәгүл Елеукенова, Қарлығаш Жанарбек, Аяужан Игіметова, Жанаргүл Сләмғалиева сынды өз ісінің шеберлері — ұжымның мақтанышы. Краншы бұрымдылар, нағыз еңбекқор жандар, отандық өнім өндіруде аянбайтындықтарын айтады.

Берекелі ұжым осылайша аймақтағы құрылыс индустриясының қарқынды дамуына сүбелі үлес қосып, техника-экономикалық жағынан тиімділігі жоғары бұйымдар өндіруде жаңа жетістіктерді бағындыруда.

А. НҰРТАС, Зайсан ауданы.

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 день назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС