Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҰСТАЗДАРДЫҢ АУДАНДЫҚ ХVІІ СПАРТАКИАДАСЫ

14.04.2015
FacebookWhatsappTelegram

Жарма ауда­ны мектептері және мек­тепке дейінгі мекемелері мұғалімдері мен тәрбиешілері арасында, Жеңістің 70 жылдығына орай, ХVII спар­такиада өткізіліп, баскетбол, волейбол, қол күресі, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ спорт түрлерінен жарысқа ауданның 39 мектебінен 400-ге жуық мұғалімдер қатысып, тарты­сты бәсекеде бақ сынасты.

{jcomments on}Спорттық шараның салта­натты ашылу рәсімінде аудан әкімі Әнуарбек Мұхтарханов ұстаздар қауымының спорттық жарыстарына сәттілік тіледі.

— Биылғы жыл — еліміз үшін айтулы даталар мен саяси іс-шараларға толы жыл, соның ішінде Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Абайдың 170 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы еліміз бойын­ша кең көлемде тойланады. Бүгінгі спорттық жарыстың салтанатты жиынында осы шараға ар­найы шақырылған қонақтар соғыс және тыл ардагерлеріне Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне арналған мемлекеттік марапаттауларды тапсырғалы отырмыз. Қазіргі уақытта аудан бойынша 11 соғыс ардагері мен 470-тен астам тыл ардагерлері бар, сіздердің ел үшін сіңірген еңбектеріңіз ұрпақ есінде мәңгіге сақталады, денсаулықтарыңыз мықты болсын, — дей келе, ау­дан басшысы соғыс ардагері Н.За­гидуллинге және бірқатар тыл ардагерлеріне медальдар мен гүл шоқтарын тапсырды.

 

Спартакиаданың салтанат­ты рәсімінен соң шара аудан мектептері ұстаздарының спорттық жарыстары­на ұласты. Келесі күні де жалғасын тапқан спорттық сайыстардың қорытындысы бойынша волейболдан қыздар арасында ІІІ орынды Маяковский атындағы орта мектебі, ІІ орынды Бірлік орта мектебі еншілесе, І орынды Абай атындағы мектеп- балабақша кешенінің командасы жеңіп алды. Ерлер арасында ІІІ орын К.Шәкенов атындағы орта мектебіне, ІІ орын Ақтайлақ би атындағы орта мектебіне бұйырса, ал бас жүлдені Георгиевка орта мектебі қанжығаға байлады. Баскетбол жарысынан қыздар арасын­да ІІІ орынға Абай атындағы мектеп-гимназиясы, ІІ орынға Бірлік орта мектебі, І орын­ға № 236 орта мектеп ие болды. Ұлдар арасын­да Маяковский атындағы орта мектебі ІІІ орын, К.Шәкенов атындағы орта мектебі ІІ орыннан көрінсе, І орынға Геор­гиевка орта мектебі қол жеткізді. Ал шахмат жарысынан Жаңғызтөбе орта мектебі ІІІ орынды, Крупская атындағы орта мектебі ІІ орынды, Маяков­ский атындағы орта мектебі І орынды иеленді. Сол сияқты тоғызқұмалақ жарысынан Абай атындағы мек­теп-балабақша кешені және Георгиевка орта мектебі ІІІ орынды өзара бөліссе, Маяковский атындағы орта мектебі ІІ орынға, Ақтайлақ би атындағы орта мектебі І орынға көтерілді. Теннистен Абай атындағы мектеп-балабақша кешені ІІІ орынға тұрақтаса, ІІ орын Көбдіков атындағы орта мектебіне, І орын Карелин атындағы орта мектебінің қанжығасына бұйырды. Қол күрестен қыздар 60-70 келі салмақ дәрежесі бойынша Ә.Ша­рипов атындағы негізгі  мектебінің мұғалімі Н.Оспа­нова ІІІ орынды қанағат тұтса, Балықтыкөл негізгі мектебінің мұғалімі А.Сибанбаева ІІ орынға, Ақтайлақ би атындағы орта мектебінің мұғалімі Г.Жұма­ділова І орынға ие болды. Ал ұлдар ара­сында 70-80 келі салмақ дәрежесі бой­ынша Қызылағаш орта мектебінің мұғалімі З.Закировқа ІІІ орын бұйырса, ІІ орынды Жамбыл атындағы орта мектебінің мұғалімі Е.Есімбеков олжалады. І орынды Көшек негізгі мектебінің мұғалімі Б.На­дыркулов жеңіп алды. 80-90 келі салмақ дәрежесі бойынша Көшек негізгі мектебінің мұғалімі Болатбекұлы ІІІ орынды, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің мұғалімі Д.Бейсенбаев ІІ орынды, Суықбұлақ орта мектебінің мұғалімі Д.Құрманғалиев І орынды жеңіп алды. Командалық жалпы есеп бойынша ІІІ орынды №         236 орта мектебі мен Ақтайлақ би атындағы орта мектебі коман­далары өзара бөліссе, ІІ орынды Георгиевка орта мектебінің командасы еншіледі. Ал бас жүлдені Маяковский атындағы орта мектебінің командасы қанжығаға байлады. Спартакиаданың жабылу салтанатында аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Оразғалиев, Жарма ауданы кәсіподақ комитетінің төрайымы Р.Сәрсенбаева ұстаздар ара­сында өткізілген спорттық жарыстардың қорытындысын айтып, жеңіске жеткен ұстаздарды мақтау қағаздарымен марапаттады, сондай-ақ естелік сыйлықтар мен жалпыкомандалық есепте жүлдегер атанған командаларға кубок тап­сырды.

 

Кәусар АРЫҚХАНҚЫЗЫ,

Жарма ауданы.

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 день назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС