Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АКЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

14.04.2015
FacebookWhatsappTelegram

Жеңістің 70 жылдығы мерекесі қарсаңында Бесқарағай ауданының әкімі Нұрлан Сыдықовтың бастамасымен «Жеңіс керуені»  ұйымдастырылған болатын. Аталмыш керуен  жуырда алғашқы сапарын Канонерка ауылдық округінен бастап, ауданға қарасты барлық ауылдық округтерді аралап шықты. Акцияға қатысушылардың қатарында аудандық мекемелер мен ұйымдардың, дербес бөлімдердің басшылары, ардагерлер мен белсенді жастар, көркемөнерпаздар ұжымдары болды.

{jcomments on}Акцияның негізгі мақсаты  Жеңістің 70 жылдық мерейтойының маңыздылығын, қан майданнан оралған соғыс ардагерлерінің ерліктерін, ұлтжандылық қасиеттерді жастарға үлгі етіп, отансүйгіштік сезімдерін ояту, сондай-ақ жергілікті тұрғындарға әлеуметтік және медициналық көмек көрсету болатын.

Сәуірдің 1-13 күндері аралығында әр ауылдық округте жоғары деңгейде өткізілген іс-шараға ауыл тұрғындары да атсалысты. «Жеңіс керуенін» ауылдық округтер әкімдері бастаған тұрғындар құшақ жая қарсы алып, қонақжайлылық танытты. Осылайша елдімекендердегі мұндай күндер мерекеге айналды.

Жалпы, іс-шараның ойдағыдай өтуіне барлық жағдай жасалыпты. Керуенді мектеп ауласында күтіп алып, ақ жаулықты әжелер шашу шашып, ризашылыққа толы ізгі тілектерін жеткізді. Аудан әкімі Нұрлан Сыдықов акцияға қатысушылар мен ауыл тұрғындарын келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтап, әр шаңыраққа шаттық, бақ-береке тіледі.

 

Акция барысы тағылымға толы болды. Атап айтсақ, «Біз Жеңіске жеттік!» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиынға жергілікті атқарушы билік өкілдері, соғыс және тыл ардагерлері, этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық кеңес өкілдері, ауылдық округ тұрғындары, мектеп оқушылары қатысты.

 

Басқосуда аға буын өкілдері соғыс жылдары жайлы естеліктерімен бөлісіп, әсіресе жастар үшін қызғылықты әңгімелерін баяндады. Сұрапыл соғыс жылдарында қиындықты ауыр еңбектің арқасында жеңіп, ерте есейіп, өгізбен жер жыртып, бас масақ теріп, таң сәріден қас қарайғанға дейін тыным таппаған сол кездегі балғындарға — бүгінгі күні 80 жасты алқымдаған тыл ардагерлеріне көрсетілер құрмет қашан да айрықша болмақ.

Бір уыс бидайды, бір жапырақ нанды отбасымен бөлісіп, қаптан киім киіп, аядай жерді 4-5 жанұя паналап өскендіктерін айтқан ардагерлер әңгімелерін жас ұрпақ ұйып тыңдады.

Дөңгелек үстелмен қатар, бұл күні кітап және қолөнер көрмелері де ұйымдастырылып, оқушылардан құралған тимуршылар командалары округтегі жалғызбасты қарттарға көмек көрсетті.

Сондай-ақ акция барысында Жеңіске арналған ескерткіш басына гүл шоқтары қойылып, майдан даласында шейіт кеткен боздақтар бір сәт үнсіздікпен еске алынды.

Мұнымен қатар тұрғындарға медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету бойынша құрылған мобильді топтар ауылдықтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап,  бағыт-бағдар, арнайы кеңес берді.

Шара барысында әр округте түрлі спорттық ойындардан кездесулер өткізілді. Атап айтқанда, шахмат, тенис, волейбол, футбол, тоғызқұмалақтан жарыстар ұйымдастырылып,  жеңімпаз командалар мадақталды.

Мерекелік іс-шарада тыл ардагерлері салтанатты түрде «Жеңістің 70 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен марапатталды. Ал денсаулықтарына байланысты қатыса алмаған ардагерлердің бірқатарына аудан әкімі Нұрлан Бәтташұлы арнайы үйлеріне барып құттықтап, аға буынның ақ батасын алып қайтты.

«Жеңіс керуені» акциясы Мәдениет үйі өнерпаздары, Бесқарағай ауылдық округі ардагерлерінің, этномәдени бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен өткізілген мерекелік концертпен мәресіне жетті.

Әсел ҚАСЫМҒОЖИНА,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 день назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС