Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАЗҒЫ МАУСЫМ ШЫМЫЛДЫҒЫ ҚАРАУЫЛДА ТҮРІЛДІ

14.04.2015
FacebookWhatsappTelegram

Таяуда Семейдің Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрының бір топ әртістері Қарауылға ат басын тіреп, өз өнерлерін ұсынып қайтты. Ұлы Абайдың 170 жылдық айтулы мерейтойының қарсаңында Абай ауданының әкімі Тұрсынғазы Мүсәпірбековтің ұсынысына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың тапсырмасына орай, театр басшылығы өздерінің биылғы маусымын киелі топырақтан бастауды жөн деп ұйғарыпты. Театр ұжымы Қарауыл ауылының көрермендеріне М.Әуезовтің «Еңлік – Кебек» пьесасы мен жасөспірім балаларға арналған «Алдар көсенің сиқырлы дүрбісі» ертегісін ұсынды.

{jcomments on}Қазақ драматургиясының тұңғыш қарлығашы «Еңлік – Кебек» пьесасы театр тарихында екі мәрте сахналаныпты. Алғашқысында ҚР-ның халық әртісі Бекен Имахановтың режиссерлігімен қойылса, екіншісін ҚР-ның халық әртісі, режиссер Бәйтен Омаров сахналаған. Екі сағатқа созылған трагедия  зорлықшыл билік пен махаббаттың тартысы туралы. Махаббат тақырыбы – адамзатқа ортақ мәңгілік тақырып. «Еңлік – Кебек» пьесасы – сан тұлғалы әлеуметтік мазмұнға ие философиялық трагедия. Сонау феодализм заманында Еңліктей қарапайым қазақ қызының қараңғылықты жарып өтіп, бостандыққа талпынған бейнесі пьесада жарқын көрініс табады. Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрының актрисасы, ҚР мәдениет саласының үздігі Сәндібала Бекбаева Еңлік ролін сомдап, қыз жүрегінің лүпілін, уыздай ақ, алып ұшқан албырт сезімді әдемі бере алды. Жаны таза, досқа дарқан, жігерлі, сүйгені үшін басын бәйгеге тіккен батыр Кебек ролін жас актер Думан Бакимбаев сомдады. Жігіттік, адамдық қасиетін, ішкі толғанысын, жан сырын шебер жеткізді. Пьесада Нысан Абыз ролін жерлесіміз, ҚР-ның халық әртісі Бекен Имаханов, Кеңгірбай би ролін ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ноғайбаев, Еспембет би ролін ҚР-ның мәдениет қайраткері Сапарбек Әшімбеков, Жапал ролін ҚР-ның мәдениет қайраткері Мырзахан Сыздықов, Есен ролін Қайрат Божанов, Қараменде би образын  Бекзат Омашев, Көбей ролін Азамат Нұрғамыс сомдады. Мұнан өзге ҚР-ның мәдениет қайраткері Бақыт Тойымбаева, Динара Қабышева, Тілекжан Тұрайысов, Айтбек Тәшімбетов, Нұржан Хасенов, Ерен Ахметов, Альмира Рамазановалар да актерлік шеберліктерін танытты.

 

Жастар махаббаты рулы екі елдің тартысына айналып, ұлғая келе, пьеса соңы трагедиямен бітеді. Өнер қазынасының алтын қорынан лайықты орын алған, көркемдік рухы өте биік бұл классикалық шығарма туралы Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрының директоры Бауыржан Төлеков өз ойын білдірді.

 

— Заңғар жазушы М.Әуезовтің ғана емес, қазақ драматургиясының тұңғыш қарлығашы  «Еңлік – Кебек» пьесасы 1917 жылы Абайдың сүйікті жары Әйгерімнің отауында қойылғандығы белгілі. 1926 жылы Қазақтың Мемлекеттік драма театры да осы «Еңлік – Кебек» пьесасымен ашылған. Біздің театрымызда осымен екінші мәрте сахналанып отырған «Еңлік – Кебек» пьесасымен биылғы жазғы маусымның шымылдығын түріп отырмыз. Балаларға арналған «Алдар көсенің сиқырлы дүрбісі» атты ертегіміз және бар. Театрымызда, Ұлы Абайдың 170 жылдық мерейтойына орай, «Абай» трагедиясы дайындалу үстінде. Премьерасы 18-19 сәуір күндері болады. Жеңістің 70 жылдығы құрметіне «Ақберен» атты пьеса дайындап, өз үлесімізді қосудамыз. Қазақ хандығының 550 жылдығына Астанадан драматургтерді шақырып, пьеса жаздырудамыз. Театрымыздың репертуарын байыта түсетіндігімізге сеніміміз мол, — деп атап өтті театр директоры, ҚР-ның мәдениет қайраткері Бауыржан Төлеков.

Бұлбұл ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 день назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС