Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ТАРЛАН ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЛҒАН БАЙҚАУ

14.04.2015
FacebookWhatsappTelegram

Ана тілінің байлығын, төл әдебиетінің көркемдігін паш еткен, сол арқылы туған ұлтының мәртебесі мен мерейін асқақтатқан танымы тұмадай тұнық, теңіздей терең тума талант иесіне алғыс айту — елге парыз. Бұл ұғымға қаламгердің есімін көктегі бұлт үстіне шығарып, күн астына көтеріп мақтап—мадақтау ғана емес, шығармаларын мейлінше ауқымды түрде дәріптеу кіретінін түсінген абзал.

{jcomments on}Халқының алдындағы перзенттік парызын өтеу жолында еңбек еткен, цензураның шектеуін айналып өтудің амалын тауып, өн бойынан қазақылықтың иісі аңқып тұратын туындыларында заман келбетін аша білген майталман жазушы Оралхан Бөкейге де қатысты айтарымыз осы. Ұлттық прозаның көкжиегінде нұрын шаша  жарқырап өткен тұлғаның сан қырлы дарынын таныта түсу мақсатында қаламызда бірнеше жыл қатарынан арнайы көркемсөз оқу шеберлерінің сайысы өткізіліп келеді. Игі дәстүр биыл да өз жалғасын тапты.

Осы жолғы сайысқа оннан астам көркемсөз оқу шеберлері қатысты. Барлығы қаламыздағы жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері. Шараны ұйымдастырған мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді дамыту секторының меңгерушісі Маржан Бахатова жазушының шығармаларын халық арасында насихаттауды, әдебиетке жандары құмар жас өнерпаздардың өрісін кеңейтуді көздеген байқау еліміздегі тілдерді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру аясында өткізіліп жатқанын айта келе, сайыскерлерге қойылатын талаптарға тоқталып өтті.

— Қатысушылар бірінші кезеңде Оралхан Бөкейдің әңгімелерінен немесе романдарынан, повестерінен, екінші кезеңде драмалық шығармаларынан үзінділер оқуы тиіс. Үшінші кезеңде белгілі қазақ ақындарының поэзиялық туындыларын орындау шарты қойылады. Барлығын мәнерлеп, жатқа айтулары керек, — деді тілдерді дамыту секторының меңгерушісі.

 

Байқауда бақтарын сынамаққа келгендердің арасында, гуманитарлық бағыттан бөлек, басқа да әртүрлі салалар бойынша білім алып жатқан студенттер бар. Бөркімізді аспанға атып алақайларлықтай болмағанмен, бұл да — атап өтетін жайт. Яғни, көркем әдебиетпен сусындау, туындылардың мән-мағынасының тереңіне, сырына үңілуге ұмтылу айналысқан кәсібіңе, оқыған оқуыңа байланысты емес. Бастысы, ынта керек. Хош. Биылғы Оралхан Бөкей атындағы қалалық көркемсөз оқу шеберлерінің сайысында бағын сынап көрмекке бел буған Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледждің студенті Нүрия Сәмсенова дәстүрлі байқауға екінші жыл қатарынан қатысып жатқанын айтты. Жазушы шығармаларының әрқайсысының өзіндік құндылығы бар екенін атап өткен ол осы жолы бірінші және екінші кезеңдерде қаламгердің «Мұзтау» және «Соқыр» деген туындыларынан үзінді оқуды ұйғарғанын жеткізді. Таңдауының себебін былай деп түсіндірді:

 

— Табиғатты аялай білу, бағалау, шешек атқан гүл мен жауған қарға дейінгі дүниенің барлығының сұлулығын жан-тәніңмен түйсіну сынды ұғымдардың адамгершілік қасиеттердің негізгі ұстындарының қатарына жататыны, менің түсінуімде, бұл —  «Мұзтау» шығармасының өзегі. Ал «Соқыр» туындысы жайлы айтар болсақ, онда достыққа қиянат жасамаудың, досқа адал болудың маңызы жайлы ой арқау етілген деп білемін. Өз басым үшін бұл екі шығарма дәл осы сипаттарымен құнды. Байқауда орындауға дәл мұндай таңдау жасауымның мәні осында.

Сахна төрінде қатысушылар рет-ретімен сайыс шарттарында бекітілген үш кезеңде қаламгердің әңгімелерінен, повестері мен романдарынан, драмалық шығармаларынан үзінділер, қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқып, ілгерілі-кейінді өнер көрсетті. Өздерінің дайындық деңгейлерін танытуға тырысып қана қоймай, Мәдениет сарайының залына жиналған қауымға таңдаулары түскен шығармалардағы айтылған ойларды жеткізуге барларын салып бақты. Дегенмен сайыстың аты – сайыс. Қазылар алқасының шешімімен Қазақстан инновациялық университетінің студенті Елжан Назаров байқаудың жеңімпазы атанып, алдағы уақытта өткізілетін Оралхан Бөкей атындағы облыстық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауына қатысуға жолдама алды. Жүлделі орындарға ие болғандар мен жекелеген номинациялар бойынша үздік деп танылған қатысушыларға арнайы марапаттар табысталды.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 день назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС