Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ОРТАЛЫҚ АЛАҢҒА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

14.04.2015
FacebookWhatsappTelegram

Өткен аптаның сенбісінде шаһарымыз бойынша жалпыхалықтық сенбілік жұмыстары бастау алды. Игілікті шараның «беташар рәсімі» қаланың ең көрікті жері – Орталық алаңнан басталды. Қала әкімі Айбек Кәрімов пен әкімдік өкілдері, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы қызметкерлері, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, соғыс және еңбек ардагерлері мен БАҚ өкілдері де шырша көшеттерін отырғызу шарасына атсалысты.

{jcomments on}Семейдің Орталық алаңы ендігі аралықта тіптен көріктене түспек. Сәулеті келіскен алаңның Интернационал көшесімен іргелес тұсына бұл күні барлығы 35 түп канадалық шырша көшеттері отырғызылды. Алғашқы болып көк өскінді алаң іргесіне қондырған қала әкімі Айбек Кәрімов болды.

— Қазақта «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген жақсы нақыл бар. Халқымыз көктемде тал көшетін отырғызуға ерекше мән берген. Бұл, бір жағынан, халқымыздың Наурыз мерекесімен де тамаша үйлесімділік тауып тұр. Сол себептен де жеріміз көгеріп, гүлдене берсін деген ниетпен сенбілік жұмыстарын осынау игі шарамен бастап отырмыз, — деді өз сөзінде Айбек Мүталапханұлы.

Бұл жолы халық арасында «ақ шырша» деген де атауы бар канадалық қылқан жапырақты шырша түрі егілді. Ерекше сұрып негізінен абаттандыру, көркейту мақсатында өсіріледі екен. Жылдың төрт мезгілінде де жап-жасыл қалпынан айнымай, айналасына ерекше сән береді. Бұтақтары жинақы әрі тығыз өскенімен, бойы екі метрден аспайды. Сол себепті де, көрнекті нысандарды жауып қалмайтындықтан, көбінесе алаңдар мен ғимараттар маңына егіледі. Аяз бен құрғақшылыққа да ерекше төзімді, қолайлы ортада 400-500 жыл жасайтын қасиеті тағы бар.

 

Жақсылыққа ырымдап  көшет отырғызғандар арасында соғыс және еңбек ардагерлері де болды. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов бастаған қариялар да іргелі шарадан шет қалмай, өз қолдарымен бірнеше түп шыршаны қондырды.

 

Бұл — қаламыз бойынша жүргізілетін биылғы тазалық шараларының тек бастауы ғана. Алдағы уақыттарда да қала шырайын кіргізу мақсатында қомақты жұмыстар қолға алынбақ. Ол жайында пікір білдірген қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ерған Қанафьев барлық көшелер бойынша сенбілік жұмыстары бастау алғанын жеткізді.

— Қазіргі күні қаламыздың барлық бөлігінде де көктемгі тазалық жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Қыстан қал-ған қалдықтар шығарылуда. Шаһар әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан сенбілікке барлық тұрғындар қатысуда. Оның ішінде мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, жекеменшік нысандардың үлесі көп. Барлық орталық көшелерді қарап шықтық. Қалалықтар ынтамен кірісуде. Бүгін қаланың негізгі көшелерін толықтай тазарту көзделуде. Ендігі аралықта қаланың шеткі көшелерінде сенбіліктер өткізуіміз керек. Бұл шара екі ай бойы жалғасатын болады. Ал келесі сенбіліктерде әрлеу, сырлау мен көшеттер отырғызу жұмыстарына басымдық беретін боламыз. Сондай-ақ жол жөндеу жұмыстарына да мән берілуде. Бұл бағытта бүгін 20-дан аса техника жұмылдырылуда. Атап айтсақ, «Гордорстрой» ЖШС фрезерлік, грейдерлік техникалармен орталық көшелерде жұмысты бастап кетті, — деді өз сөзінде Ерған Қабылсеитұлы.

Осылайша Орталық алаңның іргесінде көрікті шырша көшеттерінің көз тартар қатары пайда болды. Игілікті шараға үлес қосқан барша көпшілік қаламыздың да көркі дәл осылай күн санап арта берсін деп тілек білдірісті.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 день назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС