Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«СПАРТАК»: АЯҚДОПШЫЛАРДЫҢ АЛАР АСУЫ АЛДА

14.04.2015
FacebookWhatsappTelegram

Өткен жұма күні Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімов «Спартак» футбол командасының футболшыларын қабылдап, биылғы маусымдағы міндеттерді белгіледі. Аяқдопшылармен кездесуде бірінші кезекте жаңартылған команда құрамымен танысқан қала басшысы «Спартак» командасының бас жаттықтырушысы Алексей Петрушиннен ойыншылардың алдағы мау- сымға дайындығын сұрады. Бас жаттықтырушы Алексей Алексеевич Петрушин осы маусымда команда құрамы өзгертілгенін жеткізді.

{jcomments on}- Команда құрамы өзгертілді. Алайда футболшылардың дайындықтары жаман емес. Алғашқы ойында жеткен жеңісіміз ұжымның өздеріне деген сенімділігін күшейтті. Алдағы уақытта Премьер-лигаға өтуді жоспарлап отырған мықты-мықты командалармен кездесетін болады. Соған қызу дайындалудамыз, — деген Алексей Петрушин, — футболдың отаны саналатын Семей қаласында бұл ойынның үлкен дәстүрі қалыптасқан. Сондықтан командаға жергілікті ойыншылардың жетістіктері мен ел чемпионы    атанғаны туралы ұдайы айтып отырамын. Соңғы он жылда бұл дәстүр біраз өзгерді. Біздің ендігі мақсатымыз – сол дәстүрді жандандырып, команданы Премьер-лигаға алып шығу. Команда жоғарғы лигада ойнаса деген жоспарымыз бар.

Бұл ретте қала әкімі Айбек Кәрімов жергілікті атқарушы биліктің футболға жақсы көзқараста екенін, соңғы жылдары командаға барлық мүмкіндіктер жасалып жатқанын айтты.

— Жергілікті биліктің көзқарасын жақсы білесіздер. Соңғы жылдары тұрғын үй мәселесін шешіп келеміз. Бұрын командаға бірде-бір пәтер, жатақхана берілмеген. Қазір бұл мәселе  ретімен шешіліп келеді. Бұдан өзге командаға бұрын болмаған қосымша алаң пайдалануға берілді, — деген Айбек Кәрімов биылғы жылы «Спартак» командасына қала сыртынан арнайы жаттығу базасының құрылысы басталып, жыл соңына дейін аяқталуы жоспарланып отырғанын атап өтті.

 

Нысан жеке қаржы есебінен тұрғызылмақ. Екі қабатты ғимаратта бассейн, арнайы тамақтанатын орын сияқты барлық қажетті жағдай қарастырылмақ. Бұған қоса екі үлкен футбол алаңы салынбақ.

 

— Командаға барлық материалдық-техникалық жағдай жасалғанда ғана, нәтижелі ойын өрнегі көрсетіледі. Сондықтан атқарылып жатқан шаралардың барлығы тек жеңіс үшін. Жанкүйерлер сіздерден жеңіс күтеді. Сол үшін жақсы ойын өрнегін күтеміз. Денсаулықтарыңыз мықты болып, жарақат алмаңыздар. Сәттілік тілейміз, — деген тілегін де білдірді қала басшысы.

Кездесу соңында команда капитаны Сергей Куцов қолдау көрсетіп отырған қала әкіміне ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта Премьер-лигаға өтуге бар күштерін салатындарын жеткізді. Сондай-ақ команда атынан «Спартак» футбол клубының жейдесін табыс етті. Кездесу соңында «Спартак» футбол командасының ұжымы қала әкімімен естелік суретке түсті.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

“Семей таңы”

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 день назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС