Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАТЫРЛАР

21.04.2015
FacebookWhatsappTelegram

Бүкіл елді сүйсіндірген бұл оқиға жуырда ғана орын алды. Ересек адамдарша әрекет етіп, ерлік жасаған қос жеткіншекке көпшілік сүйсіне қарауда.

Абай орта мектебінің оқушылары, екі дос Ердәулет пен Ардақ балық аулап қайтуды ойлайды.

{jcomments on}Қармақ салуға қолайлы жер іздеп, өзен жағалап келе жатқан сәтте,  өзен бетінде бір батып, бір шығып, ағын сумен арпалысып келе жатқан баланы байқайды. Ойланып тұруға уақыт жоқ. Дереу екеуі де ағыны қатты өзенге секіріп, балақайды құтқаруға ұмтылады. Бұл олардың өздері үшін де қауіпті болатын. Абырой болғанда, батып бара жатқан баланы аман-есен жағалауға алып шығыпты.

Ал осы оқиғадан бірер сағат бұрын ҚХР-дан биылғы жылы ғана көшіп келген қандасымыз Әмірегүл Есімхан 6 жасар баласы Ақиқат Ақжолдың жоғалып кеткені туралы аудандық ІІБ-не арыз түсірген болатын. Полиция қызметкерлері шұғыл шешім қабылдап, баланы іздестіру жұмыстарын бастап кеткен екен. Бұл кездері Ердәулет пен Ардақ балақайды анасына табыс ету мақсатында оның үйін өз беттерінше іздеп жүрген еді. Үш бала полиция қызметкерлерінің назарына бірден ілігеді. Сөйтіп жоғалған Ақиқат Ақжол аман-есен ата-анасымен қауышты.

 

Екі достың бұл ерлігі үржарлықтар арасында аңыз болып тарады. Осы оқиғадан кейін, 14 сәуір күні, Абай орта мектебінде салтанатты жиын болып өтті. Оған аудандық ІІБ бастығы, полиция полковнигі Жеңіс Тұрлыбекұлы Жүрсімбаев, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, өртке қарсы қызметтің подполковнигі Ермек Базаралыұлы Исмаилов, БАҚ өкілдері, Ердәулет пен Ардақтың ата-аналары, ұстаздар мен оқушылар қатысты.

 

Жеңіс Тұрлыбекұлы мен Ермек Базаралыұлы өз сөздерінде: «Осындай батыр, патриот оқушылардың арамызда жүргені  — барлығымыз үшін мақтаныш. Бұл оқушылар батыл қимылдамағанда, бүгін бір отбасы қайғы жамылып қалар еді. Сондықтан да осы балаларға, олардың ата-аналары мен тәрбиелеген ұстаздарына алғыс айту үшін арнайы келіп тұрмыз», — деп ыстық ілтипаттарын білдіріп, алғыс хаттар табыс етті.

Ақжолдың анасы Әмірегүл балаларға, олардың ұстаздарына, іздестіру жұмыстарын жүргізген құқық қорғау органы қызметкерлеріне өзінің аналық ақ тілегін жеткізіп, зор алғысын білдіріп, көзіне жас алды.

Ердәулеттің анасы Алтынай Қалиева (тірек-қозғалыс функцияларының бұзылушылықтары бар балаларды емдеу-сауықтыру мекемесінде қызметкер) мен Ардақтың әкесі Балқыбек Сүлейменов (І.Жансүгіров атындағы орта мектепте технология пәнінің мұғалімі) балаларын марапаттаған құзырлы органдар өкілдеріне ризашылықтарын айтып, аман қалған Ақжолға ұзақ ғұмыр тіледі.

Ал Ердәулет пен Ардаққа: «Мұндай әрекетке қалай бардыңдар?» — деп сұрақ қойған едік. Ердәулет: «Мен баланы аяп кеттім. Жылдамдатып құтқарып қалудан басқа еш ой болмады», — деп жауап қайырды. Сабырлы қалпынан танбайтын Ардақ та осындай ойда болыпты.

Мектептің оқу ісі меңгерушісі Бақыт Кабенқызы Камешова мектеп ұжымы атынан Ердәулет пен Ардаққа ризашылығын білдіріп, оларды мақтан тұтатынын айтты.

Заманында дана бабаларымыз «Елдің атын ақын, батыр, жүйрік шығарады» деген екен. Міне, біздің мектеп жасындағы батыр өрендеріміз мектептің атын ауданға, қала берді елімізге танытып отыр. Бұл  — біз үшін мақтаныш.

Апат айтып келмейді. Су тасқынының қаупі Үржар өңірінде әлі де сейілген жоқ. Ал балалардың амандығы барлығымыз үшін қажет. Барлық оқушылар мен ата-аналарға, ұстаздарға абай болыңыздар дегім келеді.

Еркін ҚАДЫРОВ,

Абай орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі,

Үржар ауданы.

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 день назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС