Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҰЛТ БІРЛІГІ – ҰЛЫ БАЙЛЫҚ

21.04.2015
FacebookWhatsappTelegram

Отанының, елінің, мемлекеттік тілдің дамуына айтарлықтай үлес қосып жүрген, қазақ ортасында өсіп-өніп, мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдері аз емес бүгінде. Солардың бірі — Бесқарағай ауданының Беген ауылында тұратын неміс ұлтының Фрайндтар жанұясы.

{jcomments on}Фрайндтар жанұясының тірегі Людмила Исаковна 1961 жылы Беген ауылында дүниеге келіп, орта білім алып, бүгінде 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп, 5 немере сүйіп отырған жайы бар. Үлкен қызы Лилия — 2 баланың анасы, Германияның Никольское елдімекенінде, екінші қызы Ирина Ресейдің Белград қаласында тұрады. Людмила Фрайнд, қазақ халқының салтына сай, ұлы Владимир және келіні Ольга Вернермен бірге Беген ауылында тұрады. Беген орман шаруашылығында қызмет атқаратын Владимир тіл мен мәдениетті өркендетуге арналған іс-шараларға өз үлесін қосып жатқанын айта кету керек. Сол сияқты Людмила Исаковна да қазақ тілінің дамуына өзінің үлесін қосқысы келетінін айтады.

— Менің Отаным — Қазақстан. «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» демекші, әр адамға өз туған жері, елі ыстық. Менің туған жерім — Беген ауылы. Мен осы ауылда тұрып жатқаныма мақтанамын. Өйткені бұл —  бейбітшілігі мен бірлігі жарасқан мекен. Біздің ауданда 28 ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Менің ұлтым басқа болса да, қазақ тілін өз тілімдей құрметтеймін. Қазақ тілінде таза сөйлеу үшін көршілермен, балаларыммен үйде де, сыртта да қазақ тілінде тілдесемін, қазақ тілінде телебағдарламалар көремін. Жақсы жаңалықтар мен ауылымның дамуының куәгерімін. Күнделікті тұрмысымызда елмен бірге қазақтың әдет- ғұрыптарын, дәстүрін қолданамыз. Оның ішінде Айт, Наурыз мерекелерінде бауырсақ, шелпек пісіремін. Ал, туған тілім болса да, неміс тілінде таза сөйлей алмаймын. Бәлкім, ортаның жоқтығынан да болар. Ал қазақ тілінде, керісінше, емін-еркін сөйлеймін. Сол үшін де мен қазақ тілін жақсы көремін. Мүмкіндігінше қазақ тілін дамытуға өзімнің үлесімді қоссам деймін. Ондағы мақсатым  — кішкентай немеремді қазақ мектебіне беріп, қазақ елінің патриоты, нағыз азаматы болып өсуіне жағдай жасау. «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде»,- деп Елбасы айтқандай, жарқын болашақта қазақ тілі тұтас еліміздің тіліне айналады деп ойлаймын, — дейді Людмила Фрайнд.

 

Қазақ тілін еркін меңгерген Людмила Исаковна жыл сайын өз отбасымен бірге аудандық Достық үйі, Мәдениет үйінде өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысып тұрады. Атап айтқанда, 2012 жылы өткізілген «Oktoberfest» неміс ұлтының егін мерекесіне белсенді қатысқан Фрайндтар отбасы Шығыс Қазақстан облысының 80 жылдығына орай өткен өзге ұлт отбасылары арасында мемлекеттік тілді білуден «Мемлекеттік тіл —  отбасы құндылығы»  атты облыстық байқауда да Бесқарағай ауданының намысын қорғаған болатын. Мемлекеттік тілді өз отбасының құндылығы ретінде бағалап, қазақ тілін білуде жақсы нәтиже көрсеткен Фрайндтар жанұясы арнайы грамотамен және сыйлықтармен марапатталған еді. Ағымдағы жылдың 6 ақпанында аудандық Мәдениет үйінде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығының ашылу салтанатында Беген халық театрының «Бір шаңырақ астында» атты қойылымына белсене қатысып, қазақ халқының салт-дәстүрін сахнада ұлықтап,  жомарттықтың кеңдігін көрсете білді. Соған орай талай мәрте аудан басшысының мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен марапатталған.

 

— Дарқан көңілді қазақ халқының жерінде орыс, украин, татар, неміс сияқты және басқа да 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Әр адам өз елінің, жерінің, халқының мәртебесін биіктету үшін, алдымен, мемлекеттік тілді білуі қажет деп ойлаймын. Жалпы, тәуелсіз Қазақстаным, шырайлы Шығысым, берекелі Бесқарағайым, қасиетті Бегенім аман болсын! — деген тілегін білдірді Людмила Исаковна сөз соңында.

Әсемгүл ҚАЛТАЕВА,

Бесқарағай ауданы ішкі саясат,

мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің

бас маманы.

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 день назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС