Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

СПОРТ КЛУБЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

21.04.2015
FacebookWhatsappTelegram

Салауатты өмір салтын ұстанып, дені сау ұрпақ тәрбиелеу үшін әр адамның спортты жанына серік еткені абзал. Бұл тұрғыда шаһарда спорт нысандары көптеп салынып, Семейдегі спорт саласының серпін алып келе жатқанын айта кету керек. Қалада жаттығу залдары да аз емес. Солардың бірі — «GOLD KING» спорт клубы. Өткен жұма күні қала әкімі Айбек Кәрімов «GOLD KING» спорт клубына арнайы барып, мекеменің жұмысымен танысты.

{jcomments on}Дальняя ауданында орналасқан «GOLD KING» спорт клубы 2009 жылы жұмысын бастаған. Осы уақыт ішінде спорт мекемесі толайым табыстарға қол жеткізіп үлгеріпті. Жеке кәсіпкер Андрей Алтайбаев басшылық ететін спорт залдарында биылдан бастап мүмкіндігі шектеулі азаматтар да тегін жаттығуға мүмкіндік алып отыр. Қазіргі таңда 30-дан астам қамкөңіл жан мұнда тұрақты түрде жаттығу жасайды. Көз жанарынан айырылған І топтағы мүгедек Серікбек Айсаулиннің спорт залына келіп, жаттығу жасап жүргеніне екі жыл болған.

— Өмірден әсте үміт үзген емеспін. Жаттығу жасағалы өзімді жақсы сезінемін. Аптасына екі күн жаттығамын. Ол үшін мұнда барлық жағдай жасалған. Бапкеріміз Андрей Викторович те — өз мамандығының нағыз шебері. Бізді әрдайым жақсы көңіл-күймен қарсы алып, әрқайсымызға арнайы уақытын бөліп отырады. Спортпен айналысқан кезде мүмкіндігіміздің шектеулі екенін ұмытып та кетеміз, — дейді Серікбек Айсаулин.

Жеке кәсіпкердің қаражатымен ашылған аталмыш спорт клубында жаттығушылар үшін барлық жағдай жасал-ған. Мысалы, жаттығу залдары, қажетті заманауи құрылғылар, киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелер, демалатын орындар қарастырылған. Екі қабатты ғимараттың бірінші қабатында ерлер жаттықса, екінші қабат әйелдерге арналған. Жалпы, пауэрлифтинг спорты соңғы жылдары елімізде кеңінен таныла бастаған. Аталмыш спорт түрінің Семейге келгеніне аса көп уақыт болмаса да, ниет білдірушілердің саны аз емес көрінеді. Спортшылардың жеткен жетістіктері де ауыз толтырып айтарлықтай екен. Андрей Алтайбаевтың айтуынша, өткен жыл спорт клубы үшін табысты болған. Мәселен, бір жылда аталмыш спорт клубынан 16 спорт шебері мен 27 спорт шеберлігіне үміткер шыққан. Спортшылар Қазақстан құрамасына ілініп, түрлі дәрежедегі жарыстарға қатысып қайтқан. Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев пен спорт клубының қожайыны Андрей Алтайбаев қала басшысын спорт клубының жұмыстарымен ғимараттың ішін аралата жүріп таныстырып шықты. Андрей Алтайбаев қала басшысына алдағы жоспарлары жайлы да айтып өтті.

 

— Қазіргі уақытта мұнда 500-ге жуық спортшы жаттығу жасайды. Оның 100-ден астамы әйел адамдар болса, 30-дан астамы — мүмкіндігі шектеулі жандар. Жарыстарға да жиі қатысып, жетістіктерге де жетіп жүргендері аз емес. Алдағы уақытта, жаттығу залдарына қосымша, үлкен жарыстар өткізетін зал салуды жоспарлап отырмыз, — дейді А.Алтайбаев.

 

Жаттығу залдарын аралап, спортшылармен дидарласқан қала әкімі Айбек Кәрімов «GOLD KING» спорт клубының жұмысын жоғары бағалады.

Айта кету керек, сенбілік жұмыстары барысында «GOLD KING» спорт клубында жаттығатын спортшылар Толстой көшесінің бойына тазалық жұмыстарын көше тұрғындарының көмегінсіз өздері жүргізген екен.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 день назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС