Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬДАР ТАБЫС ЕТІЛДІ

21.04.2015
FacebookWhatsappTelegram

Ел қорғау жолындағы ерлік һәм осынау жылдардағы тылдағы еңбектің ерен үлгісі қашан да үлкен мәртебеге лайық. Бүгінде соғыс және еңбек ардагерлеріне көрсетілер құрмет те осыны айғақтайды. Бұл игілікті үрдістен семейліктер де шет қалмауда. Жуырда қалалық әкімдікте қала әкімі Айбек Кәрімовтің қатысуымен ардагерлер қауымына «Жеңіске 70 жыл» мерекелік медалін тапсыру салтанаты болып өтті.

{jcomments on}Кешегі ел басына төнген нәубетті жанымен сезінген, майдан даласында кеудесін оққа төсеген, ауыр жүкке арқа тосқан есіл ерлер — бүгінгі ардагерлер — арамызда күн өткен сайын сиреп келеді. Алғы сөзін осындай ойлармен өрген шаһар басшысы Айбек Мүталапханұлы салтанатты шараны құттықтау тілегімен ашты.

— Біз бүгінде кешегі сұрапыл соғыс ардагерлері мен тылда еңбек еткен жандарды айрықша қадір тұтамыз. Олар өз уақыттарында барлық ауыртпашылықты қайыспай көтере білді. Олардың еліміздің бүгіні үшін сіңірген еңбектерін әрдайым есте тұтып, өткерген өмірлерін қазіргі жас ұрпаққа үлгі-өнеге етеміз. Сіздерге әрдайым тағзым зор, — деп атап өтті өз сөзінде Айбек Кәрімов.

Осыдан соң басқосуға келген соғыс ардагерлері Петр Коломин, Габдулгазиз Ахмеров, Кәмкетай Байыров сынды қарт майдангерлерге алғашқы болып мерекелік медаль салтанатты түрде табыс етілді. Сондай-ақ аталмыш шараға, бұл жандардан бөлек, 12 тылдағы еңбек ардагерлері де қатысты. Жастық шақтағы жігерлерін Жеңіске үлес қосу жолында ауыр еңбекке арнаған, өмірлері аңызға бергісіз қариялардың өңіріне де қала әкімі «Жеңіске 70 жыл» медалін тақты.

Айта кету керек, бұл шара — алда келе жатқан 9 мамыр мейрамымен құттықтаудың тек бастамасы ғана. Өздерінің балалық шағы мен жасөспірім кезеңін соғыстың ауыр күндеріне арнаған жандарға әлі де мерекелік медальдар табыс етілетін болады.

 

Ардагерлермен болған алқалы басқосу    барысында қала басшысы жуырдағы Елбасының Семейге жасаған сапары жайлы, сондай-ақ қаламыздың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы даму қарқыны жайлы да қысқаша есеп беріп өтті. Сонымен қатар мерекелік медаль иегерлері атанған ардагерлер қауымына да кезекпен сөз беріліп, еліміздегі өркенді істер, қаламыздағы ел игілігі үшін атқарылып жатқан шаралар қатары айтылды. Шаһар ақсақалдары жай-күйлерін әрдайым назарда ұстап, ақыл-кеңестеріне жүгініп отыратын қала әкіміне ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ сол бір ауыр күндердің қамықтырар естеліктері жайлы да сөз қозғады.

 

— Майдангерлердің кешегі ерліктері баға жеткісіз. Бүгінде біз Мәскеуден Берлинге дейінгі аралықты жүріп өткен барлық солдаттардың жеңісті жолын, ұрыс даласынан аман оралғандардың кейінгі бейбіт өмірдегі еңбектегі зор жетістіктерін мақтанышпен айтамыз, әрдайым жадымызда тұтамыз. Соғыстан есеңгіреген елдің еңсесін тіктеуде сол майдангерлердің де, тыл ардагерлерінің де үлесі қомақты. Біз соғыс жылдарының балаларымыз, көргеніміз тек ауыртпашылық қана болды. Шөп шаптық, масақ тердік, ересектер атқаратын ауыр еңбекке иық   тостық. Егістіктегі жұмыстарға байланысты оқу жылы қазан айында басталатын еді. «Бәрі де майдан үшін!» деген ұран суықтан тоңған біздің жанымызды жылытатын. Біз Жеңісті жақындатуға осылайша үлес қостық, — деді сол бір күндер жайлы өз естелігінде тыл ардагері Нәсен Сембаев.

Ыстық ілтипат, жылы лебіз, ауыр кезеңдер жайлы жарқын естеліктерге толы салтанатты жиынның соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

10.09.2026
В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

9 сентября 2026 года в конференц-зале Alikhan Bokeikhan University состоялся региональный форум-семинар «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности». Мероприятие прошло в...

Читать далее ...

Новости

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 день назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

3 дня назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

6 дней назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

6 дней назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

6 дней назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

1 неделя назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

1 неделя назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

1 неделя назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

1 неделя назад

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС